«ТҮРКІСТАННЫҢ» АВТОРЫ – ЖҮЛДЕГЕР
«ТҮРКІСТАННЫҢ» АВТОРЫ – ЖҮЛДЕГЕР
Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына арналған Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң қолдауымен «Қазақстан Қажылық қоры» Исламдық инвестициялық қоры мен «Жас Отан» Жастар қанаты «Заңғар» шығармашылық бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен «ИСЛАМ және БЕЙБIТШIЛIК» атты журналистердiң шығармашылық байқауының жеңiмпаздары марапатталды.
Қоғамдық ойды қалыптастырушы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің жұмысын жетілдіріп, шығармашылықтарын шыңдау мақсатында жаңаша жобалар ұсынудың маңызы артуда. Ал Қазақстан Республикасының биыл Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етуі журналистердің діни тақырыптар аясындағы білімдерінің артуына себепші болып отыр. Олар ислам дінінің ғылымның барлық салаларын түгел қамтитындығына көз жеткізіп келеді.
«Қазақстандағы ислам қаржысы: құрылуы мен даму үдерістері»; «Исламдық туризм»; «Қазақстандағы халал өндірісінің дамуы» – тақырыбына қалам тербеген тілші қауымы арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Олардың ішінде газетіміздің тұрақты авторы Гүлжан Сыдықова «Несібесіз несие», «Қарыз күліп келіп, жылап кетеді», «Несібе мен несие», «Ұсыныс пен ұмтылыс», «Пайыз бен парыз» мақалалары үшін І орынды иемденді. Ал бас жүлдеге Жетпісбай Бекболатұлы, ІІ орынға «Алаш айнасы» газетінің тілшісі Қарлығаш Сайлаубаева мен «Жас қазақ» газетінің тілшісі Серікбол Хасан қол жеткізді.