БЕЛГІЛІ ПИАНИСТ – АЛМАТЫДА
БЕЛГІЛІ ПИАНИСТ – АЛМАТЫДА
Алматыға белгілі Американ пианисі Даиэл Поллак келмек. Нью-Йорк Филармониясының сахнасына 9 жасында шыққан өнерпаз кейін әлемнің ең ұлы сахналарында АҚШ-тың белді деген оркестрлерімен бірге өнер көрсетті.
«Нью-Йорк таймс» газеті «Пианизмнің алтын ғасырының соңғы өкілдерінің бірі» деп айдар таққан Поллак Мәскеудегі Чайковский байқауының алғашқы (1958 ж.) жүлдегері ретінде белгілі. Ол КСРО мен Ресейде талай рет өнер көрсеткен, «Мелодия» фирмасында туындыларын жазғызған. Осы аптада, нақтырақ айтқанда, 12 қараша күні Поллак Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залында Қазақстандағы жалғыз концертін қоймақ. Кеште Ф. Шопеннің, Ф. Листтің, К. Дебюссидің, С. Барбердің туындылары орындалады. Сондай-ақ Поллак Алматыдағы өнер ұжымдарында шеберлік сабақтарын өткізіп, Халықаралық пианистер байқауында төрелік етеді.
10.11.2011 Мұхтар МҮЛКАМАН