Жаңалықтар

ЖАЗУШЫНЫҢЖАҢА ТУЫНДЫСЫ

ашық дереккөзі

ЖАЗУШЫНЫҢЖАҢА ТУЫНДЫСЫ

Таяуда Ұлттық кітапханада белгілі жа­зушы, қаламгер Смағұл Елубайдың «Қия­мет-қайым ғасыры» атты кітабының тұ­сау­ке­сері өтті. Кітап дінтану, адамтану, рухани өмір мен пайғамбарларымыздан кейінгі уа­қыт мәселелеріне арналады. Үш жүзден ас­там беттен тұратын кітап қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген.

Шығарманы орыс тіліне аударған белгілі жазушы Аслан Жақсылықов. Кітап батысқа еліктеп, жа­­һан­дану үрдісінде жұтылып бара жатқан қазақ жастарына арналған таптырмас туынды. Өйткені мұнда автор адамзаттың ішкі түйсігіндегі «Қайдан келдім? Қайда барамын?» деген мәңгілік сұрақтарға жауап із­дейді. Және сол сұрақтарға адамзат жаратылысынан бері қарай әр түрлі ғасырдағы діндердің «киелі жазбаларынан» мысал келтіре отырып жауап береді. «Рухани өмірге келген жаңалық. Қазақ тіліндегі теология мәселесін қозғаған құнды дүние. Қазақ дінтану әлеміндегі жаңалық, діни бағыт-бағдар беретін құрал іспеттес», – дейді жазушы Мереке Құлкенов, ал бұл шығарма ту­расында Мұрат Әуезов: «Қиямет-қайым ғасыры» кітабы – терең ізденіспен толыққан жо­ғары деңгейдегі көркем әдебиет. Кванттық физика, биологиялық құрылым, философия мен діннің көркем әдебиетте тамаша үйлесім та­буының көрінісі. Ұлтқа адастырмас жол сіл­тейді», – дейді.

Жазушы Смағұл Елубай «Ақ боз үй», «Ай астындағы үй», «Өтелмеген парыз», «Сұ­рапыл Сұржекей», «Батыр Баян», «Кек», «Аңшы бала» фильмдері сценарийлерінің авторы ретінде де қалың оқырманға кеңінен та­нымал.

10.11.2011

Маржан КЕҢЕСБАЙ

Алматы қаласы