Жаңалықтар

ҚАЗАҚТЫҢ АБЫЗЫ ЕДІ..

ашық дереккөзі

ҚАЗАҚТЫҢ АБЫЗЫ ЕДІ..

Тарихта ұлтымыздың ұйтқысы болған қарттар аз емес. Олар өмiрден өтiп кетсе де ел есiнде мәңгi сақталуда. Сондай абыздың бiрi Салық Зиманов едi. Тоқсаннан асқан шағында ол да бақилыққа аттанды. Бiрақ өзi жанынан артық сүйген халқына өнегелi өмiрiн қалдырды. Еңбек етудiң асқан үлгiсiн көрсетiп, қай кезде де адалдықты ту еттi.

Он тоғыз жасында Екiншi дүниежүзiлiк соғысқа қатысып, төрт рет жараланып, Берлинге дейiн от кешiп, елге Жеңiспен оралған. Содан кейiнгi өмiрiн заң ғылымына арнады. Қаншама ғылыми кiтаптар жазды десеңiзшi!

Сексен алтының ызғарлы желтоқсаны күндерi Соломенцев пен Колбиннiң алдында ұлт мүддесiн қорғап, сөйлеген сөзiн қалай ұмытарсың.

Тәуелсiздiгiмiздiң алғашқы Декларациясы мен Ата Заңымызды өз басшылығымен жазып, болашағымыздың баянды болуына қаншама еңбек сiңiрдi. Сот саласына «Билер сотын» ендiрiп, әдiлеттiктiң негiзiн де қалап кеттi.

Халқың сiздi ешқашан да жадынан шығармайды, Абыз ақсақал.

10.11.2011

«Түркiстандықтар»