Жаңалықтар

АВСТРАЛИЯДАН АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ КЕЛДІ

ашық дереккөзі

АВСТРАЛИЯДАН АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ КЕЛДІ

Кеше Астана әуежайына Австралиядан 400 бас асыл тұқымды iрi қара мал (IҚМ) келiп жеттi. «Абердин Ангус» тұқымының еттi малдарын Қостанай облысының шаруашылығы – «Север-Агро Н» ЖШС «ҚазАгроҚаржы» АҚ желiсi бойынша лизингке сатып алды. Отандық лизингiлiк компания асыл тұқымды малдың сатылып алынуын республикада асыл тұқымды шаруашылықтарды (репродукторларды) тұрғызу және қайта құру сияқты өзiнiң инвестициялық бағыттарының бiрiн дамыту шеңберiнде қаржыландырды.

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің алдына Елбасы етті мал шаруашылығын белсенді түрде дамытуға байланысты міндет қойғаны мәлім. Елбасының өзі республикада өнімділігі төмен малдардың санын қысқартып, асыл тұқымды мал санын өсірумен айналысатын мезгіл келді деген болатын.

«ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру шеңберінде 2011 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ 7 мың бас ірі қара мал әкелуді жос­парлап отыр. Жалпы, бүгінгі таң­­да компания республиканың мүд­делі шаруашылықтары мен агро­құрылымдарынан келіп түскен 24 жобаны мақұлдады, соған сәйкес 2011-2012 жылдар арасында 9 мыңнан астам асыл тұқымды етті ІҚМ сатылып алынбақшы. Асыл тұқымды мал сатып алуға ең көп өтінім келіп түскен аймақтар: Ақмола облысы – 1617 бас малға, Алматы облысы – 2029 бас малға, Павлодар облысы – 1585 бас малға, Қостанай облысы – 1560 бас малға. Перспективалы жобаларды қабылдау мен іріктеу бойынша жұмыстар одан әрі жалғасуда.

Дәл бүгінгі күні Астанаға ғана емес, сонымен қатар Алматының әуе­жайына да Австралиядан 222 мал­дан тұратын ІҚМ партиясы келіп жеткенін айта кету керек. Бұл «ҚазАгроҚаржы» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысының шаруашылығы – «Аксанат Инжиниринг» ЖШС үшін сатып алған «Абердин Ангус» және «Герефорд» тұқымдарының алғашқы бөлігі. Екінші партиясының келуі қараша айының ортасына жоспарланып отыр. Жобаны «ҚазАгроҚаржы» АҚ 300 млн. теңгеден астам сомаға қаржыландырды.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ жалпылай алғанда, еліміздің ауылша­рушылығында 14 инвестициялық бағыттың операторы болып табылады. Әңгіме республикада ірі-тауарлы сүт фермаларының, ет бағытындағы құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының, ауыл­ш­аруа­шылығы техникаларын құрастыру өндірістерінің, мал бордақылау алаңдарының, етті қайта өңдеу кешендерінің, асыл тұқымды шаруашылықтардың (репро­дукторлардың), қасапхана желісін құруға байланысты перспективалық жобаларды қаржыландыру туралы, сонымен қатар қазақстандық астық экспортының және оны терең қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту мен астық қоймаларын тұрғызу және модернизациялау, тамшылатып суару технологиясын енгізу, биязы жүн өндіру мен қайта өңдеуді дамыту жөнінде болып отыр. Бұл бағыттарды іске асыруға «ҚазАгроҚаржы» шамамен 94 млрд. теңге жұмсамақшы.

10.11.2011

Динара ДҮРМӘН