Жаңалықтар

ӨРТТI БОЛДЫРМАУ – ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА

ашық дереккөзі

ӨРТТI БОЛДЫРМАУ – ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДА

Алатау ауданы оңтүстiк астанадағы жаңадан құрылған аймақтардың бiрi. Құрылғанына көп уақыт өтпесе де, бiрқатар игiлiктi шараларға қол жеткiзiп үлгерген ауданда атқарылған шаруалар да аз емес.

Қоңыр күз келіп, қала жұртшылығы қаһарлы қысқа дайындық шараларын да жасай бастады. Алатау ауданында жылыту маусымы да басталып үлгерді. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде биылғы жылда бірнеше өрт оқиғалары тіркелген екен. Осы орайда, ауданда төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізіліп отыр. Атап айтар болсақ, аудандық мектептерде оқушылар мамандарға сұрақ қойып, арнайы ашық және интерактивті сабақтар өткізілген.Сонымен бірге, тұрмыс жағдайы нашар жанұялардың және ішімдікке салынған жанұялардың үйлеріне кіріп, өрттің алдын-алу және өрт қауіпсіздік ережесін сақтау жайлы айтылып, ақпарат парақтары мен жадынамалар таратылды.

Мүгедек адамдардың үйлерін аралап шыққан Алатау аудандық төтенше жағдай қызметкерлері пеші құлаған кейбір үйлерге, пештерін жасауға өз көмектерін жасап, қолұшын беруде.

Ауданымыздағы ықшам аудандарда да осыған орай, басқосулар өткізіліп, барлық жеке үйлерге жадынама парақтары да таратылуда.

Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау күз маусымдарында ерекше маңызды екені айтпаса да түсінікті. Әрбір өрттің тасасына бейкүнә адамдардың өмірі тұр. Өртті болдырмау – әр азаматтың өз

қолында.

03.10.2011

С.М.СҰЛТАНИЯРОВ,

Алатау аудандық төтенше жағдайлар бөлiмi аға инженерi, өртке қарсы қызмет капитаны