Жаңалықтар

НЕВА ЖАҒАСЫНДАҒЫ УАҒДАЛАСУ

ашық дереккөзі

НЕВА ЖАҒАСЫНДАҒЫ УАҒДАЛАСУ

Таяуда Санкт-Петербургте өткен Кедендік Одақтың және Еуразиялық экономикалық ықпалдастықтың кезектегі жиыны Қырғызстанды Кедендік Одаққа кіргізудің жай-жапсарын талқылайтын комиссия құру туралы уағдаласумен тәмамдалды.

Жиынға қырғыз делегациясын басқарып келген Қырғыз Республикасының бірінші вице-премьер министрі, премьер-министрдің міндетін атқарушы Өмірбек Бабанов Қырғызстанның Кедендік Одаққа кіруі республика үшін тиімді екенін айтып, мәлімдеме жасады.

Өмірбек Бабановтың айтуынша, Қырғызстан Кедендік Одаққа кірген жағдайда, өз тауарларын одақ шеңберіне емін-еркін шығарады, Ресейден баж салығынсыз жанармайларды үздіксіз алып тұрмақшы және Одақ аймағында жүрген Қырғызстандық жүздеген мың мигранттардың тұрмыс-тіршілігі жеңілдеп, олар өздері тұрып жатқан мемлекеттің әлеуметтік-құқықтық кепілдіктеріне ие болады.

03.10.2011

Назарбек БАЙЖIГIТОВ,

«Түркiстанның» Қырғызстандағы меншiктi тiлшiсi