Жаңалықтар

«АЛТЫН ЖҮРЕКТIҢ» БЕСIНШI САЛТАНАТЫ

ашық дереккөзі

«АЛТЫН ЖҮРЕКТIҢ» БЕСIНШI САЛТАНАТЫ

«Бауыржан» қайырымдылық қоры осымен бесiншi рет Ұлттық Қоғамдық «Алтын Жүрек» сыйлығын ұйымдастырып отыр. Тұңғыш рет 2007 жылы бастау алған жоба бүгiнде бес жасқа толды. Аталмыш сыйлық түрлi саладағы мамандарды, әр жастағы адамдарды бiрiктiрiп келедi. Оларды бiрiктiретiн қасиет – қайырымдылық.

Биыл сыйлыққа үмiткерлердiң саны алдыңғы жылдарға қарағанда артып отыр. «Жақсылық еткен алғыс алады» деген сөз бекер болмаса керек. Үмiткердiң қай-қайсысы болса да сыйлыққа лайықты десек те, санаулы қатысушы ғана лауреат атанады.

Бес жылдық мерекеге орай жоба ұйым­дастырушылары «Қазақстанның өркен­деуiне қосқан үлесi үшiн» атты жаңа номинация қосып отыр. Бұл аталым бойынша Қазақстан аумағында қайырымдылықпен айналысатын шетелдiк азаматтар қатыса алады.

Сарапшы әрi қоғамдық кеңестiң мүшелерi әр номинация бойынша номинанттарды таңдады. «Алтын Жүрек — 2011» сыйлығына үмiткерлер анықталды, үш үздiктi www.altynzhurek.kz сайтынан көре аласыздар. Ал лауреат есiмi салтанатты марапаттау кешiнде аталады. Кеш қонақтары мен барлық қатысушыларды Қазақстан эстрадасының жұлдыздары құттықтайды. Үздiктердi марапаттау рәсiмi бүгiн, 27 қазан күнi сағат 18.30 да Абай атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық опера және балет театрында өтедi.

27.10.2011

«Түркiстан-ақпарат»