Жаңалықтар

ШАЛҒАЙДАҒЫ БIЛIМ ОРДАСЫ

ашық дереккөзі

ШАЛҒАЙДАҒЫ БIЛIМ ОРДАСЫ

Кең байтақ қазақ елiнiң түкпiр-түкпiрiндегi алыс-шалғай ауылдары үлгi боларлықтай талай бастамаларға ұйытқы болғаны анық. Ынтымағы айрандай ұйыған, айдынды Алакөл ауданындағы Қарабұлақ елдi мекенi де баршаға белгiлi алтын ұя. Ауылдағы қара шаңырақ, дара бiлiм ордасы Қарабұлақ орта мектебi «мектеп жасына дейiнгi орталық» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы Хасенова Ғалима Төкешқызының осында атқарылып жатқан игi iстер жөнiнде айтары аз емес.

– Ғалима Төкешқызы, осы қара шаңырақты қашаннан берi басқарып келесiз?

– Мен осы бiлiм ордасына 2009 жылдан берi жетекшiлiк етемiн. Мектепте 33 ұстаз 160 оқушының, 22 мектеп жасына дейiнгi бүлдiршiннiң, 40 «Айгөлек» шағын орталығындағы шәкiрттердiң зердесiн ашып, болашаққа «жолдама» беруде.

– Қазiр шет елдегi қандастарымыз елге оралуда. Олар сiздiң ауылдан да орын тепкен болар.

– Бiздiң ауыл оралман қандастарымыз жиi қоныстанған бiрден-бiр елдi мекен. Атамекенiн аңсап келген қандастарымыздың балалары мектептегi оқушылар санын толықтыруда. Ұжымда жас мамандармен жұмыс iстеу жақсы жолға қойылған. 2009 жылы мектепке 13 жас маман жұмысқа орналасты. Тағы да бiр айта кетерлiгi, жас мамандармен жұмыс жақсы қолға алынғандықтан биыл мектепке интерактивтi тақта орнатылды. Оқу iсiнiң меңгеушiсi Сәдуова Әлия мен тәрбие iсiнiң меңгерушiсi Тайботанова Алма өз iстерiнiң бiлгiр мамандары. Әр ұстаз шәкiрттерi үлгi алар ардақты адам болуға тиiс Бiздiң ұжымдағы ұстаздар да сондай жандар.

– Мекемелерiңiздегi оқушылардың бiлiм деңгейi, ҰБТ көрсеткiшi қандай?

– Аудан бойынша жүргiзiлетiн параметрлi рейтингтен 7 орын алдық. 2009–2010 оқу жылында екi «Алтын белгi» иегерлерi, Сәдуова Гүлмира және Сәрсенбиева Әдемi болса, 2010–2011 оқу жылында Әбдiкәрiмова Айдана «Алтын белгi» алды.

Спортқа келер болсақ, футболдан аудан бойынша 4 орынға иемiз. «Тоғыз құмалақ», «Шахмат» үйiрмелерi жұмыс iстейдi. Аталмыш үйiрмелердiң жетекшiсi Садықов Ерiктiң бастамасымен жыл сайын мектеп бiрiншiлiгi өткiзiлуде. «Хор» үйiрмесiне Жансапова Телеухан, «Би» үйiрмесiне Олжабаева Жанна, балалардың сөйлеу өнерiн қалыптастыру мақсатында құрылған «Дебат» үйiрмесiне Несiпбекова Анар жетекшiлiк етедi. Әр мереке сайын концерттiк бағдарламалар мен түрлi сайыстар өткiзiледi. Бастауыш сынып оқушыларының шеберлiгiн шыңдайтын «Шебер қолдар» көрмесi жыл сайын өткiзiлiп тұрады.

– Оқушылар облыстық, аудандық көрмелерге де қатысатын шығар…

– Иә, технология пәнiнiң мұғалiмi Иманқұлов Бахтұр мен 11 сынып оқушысы Әбдiкәрiмов Нұрсұлтан жақында облыстық көрмеде «Қайта өңдеу технологиясы» бойынша «Шебер-класс» көрсетiп қайтты.

– Елiмiздiң көптеген мектептерiнде оқушылар қоғамы мен ұйымдары бар. Ал сiздерде бұл жағдай қалай жолға қойылған?

– Бiзде Жансерiкова Назкеннiң жетекшiлiгiмен «Қыран» өзiн-өзi басқару бастауыш ұйымы, сонымен қатар «Жас полиция көмекшiлерi» ұйымы жұмыс iстейдi.

– Жалпы мектеп ұжымының қандай мұң-зары бар?

– Информатика пәнiне арналған кабинетте жағдай онша оңалмай тұр, арнаулы жабдықталған кабинеттер жоқтыңқасы.

Әңгiмелескен Думан Сқақов

13.10.2011