Жаңалықтар

«Менiң Қазақстаным» – Арыс жағасында

ашық дереккөзі

«Менiң Қазақстаным» – Арыс жағасында

Ел Тәуелсiздiгiнiң 20 жыл­ды­ғына орай са­парға шыққан «Ме­нiң Қазақстаным» үгiт-на­си­хат пойызын тоғыз жолдың то­­­ра­­бында ор­наласқан Арыс қа­­ласына Қа­зақ­стан­ның ха­лық әртiстерi Нұрғали Нү­сiп­жа­­нов, Алтынбек Қоразбаев, Олим­­пиа­да чем­пионы Ермахан Ибраимов бастап кел­дi. ­Оң­түстiк-батыс ай­мақтарға ба­ғыт ал­ған екiн­шi кезеңде үгiт пой­­ы­зы 17 күнде 15 стан­ция­­ны аралауды жос­пар­лапты. Ары­с қа­ласы 12-шi бе­кет екен.

– Үгiт пойызының мақсаты – Нұр­сұл­­тан На­зарбаевтың жетекшiлiгiмен Тәу­елсiздiктiң 20 жылы iшiнде Қазақ­стан­ның қол жеткiзген же­тiстiктерi мен бағындырған белестерiн ха­лық­қа тү­сiн­дi­ру. Сондай-ақ, елiмiздiң барлық ай­мақ­та­ры­­ның тұрғындарына нақтылай әлеу­мет­тiк, медициналық көмек көрсету, – дедi вок­­­зал алаңында өткен митингiде Алтынбек Қоразбаев.

Үгiт пойызы құрамында келген меди­ци­на қызметкерлерi арнайы тiгiлген па­лат­­­каларда тұрғындарды қабылдап, ме­ди­циналық көмек көрсеттi. Тұрғындар бi­лiк­тi терапевт, педиатр, уролог, гинеколог, стоматолог, невропатолог мамандарға қа­ралып, кардиог­рам­ма, флюорографиядан да тегiн өту мүм­кiн­дiгiне ие болды. Аудандық емхананың бас дәрiгерi Марат Серiкбаевтың айтуынша, астаналық дә­рiгерлерге қаралу үшiн шал­ғай елдi мекендерден арнайы келушiлер көп екен. Соңғы кезде ауданда туберкулезбен сырқаттанатындар 30 пайызға дейiн ке­­мi­се, бес-алты жылдың көлемiнде ана өлiмi орын алмаған.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеу­­мет­тiк бағдарламалар бөлiмiнде әлеу­мет­тiк қол­дауды қажет ететiн азаматтармен, мү­ге­дектермен болған кездесуде ма­ман­­дар ауыл тұрғындарына көкейкестi мә­селелер жай­ында әңгiме қозғап, ақыл-кеңес бердi. Ең­бек және халықты әлеу­мет­тiк қорғау ми­нис­тр­лiгiнiң өкiлi Раушан Көшкiмбаева I топ мү­гедегi Марина Хамрюкке қоларба сыйлады. Iс-ша­ра аясында қайырымдылық акция­сы ұй­ым­дастырылып, азық-түлiк пакеттерi та­ра­тылды.

«Менiң Қазақстаным» үгiт пойызының тәу­­елсiз Қазақстанның барша өңiрлерiн ара­­лауына мұрындық болған «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы екенi мәлiм. Осынау iзгi iс-шараның ойдағыдай атқарылуына аянбай тер төгiп жүрген. «Нұр Отан» ХДП кеңесшiлерi аудандық әкiм­дiк ғимаратында қоғамдық қабылдау өт­кiзiп, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, тиiстi жауап­тарын бердi. Задария ауылдық ок­­ругiнiң тұр­ғыны Арап Әуелбек кеңестiк ке­зеңде шо­пан­дардың зейнетақысы жо­ға­ры бол­ға­ны­мен, бүгiнгi таңда ең төменгi деңгейде қалып қойғанына алаңдаулы. Қо­ғамдық қабылдауда болғандар баспана, жер телiмi, кәсiп ашу үшiн қажеттi құ­­жат­тарды реттеу мәселесi төңiрегiндегi сұ­­рақ­та­рына жауап алды. Ал олимпиада чемпио­н­дары Ермахан Ибраимов пен Юрий Ме­ль­ниченко аудандық спорт мек­те­бiнде жас спортшылармен кездесiп, шеберлiк са­бақтарын өткiздi. «Жастардың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жаса­лып­ты. Болашақ ел чемпиондары осы қа­ра­до­ма­лақтардан шығатынына сенiмiм кәмiл», – де­дi Ермахан Ибраимов.Сондай-ақ, аудан тұрғындары Мәдениет са­райында Елбасы жайында түсiрiлген «Ба­лалық шағымның аспаны» атты көркем фильм­дi тамашалады. Кешке қарай орталық алаң­да Жеңiс Сейдолла бастаған «Гүлдер» ан­самблiнiң әншiлерi мен бишiлерi, «Мұз­АРТ» пен «Бәйтерек» тобы, Бағдат Сәме­ди­нова, Жанна Орынбасарова сияқты өнер жұл­дыздарының галаконцертi болды.– Тәуелсiздiк тойы қарсаңында игi жақ­сы­­лардың халықпен етене жақындасуын Елбасы қамқорлығының бiр көрiнiсi деп түсiнген ләзiм, – дейдi Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерi, Арыс қаласының Құр­мет­тi азаматы Аппаз Досқараев.

Үмiтхан РЗУАНҚЫЗЫ

06.10.2011