«KIOGE 2011»: өзектi мәселелер алаңы
«KIOGE 2011»: өзектi мәселелер алаңы
Алматыда «KIOGE 2011» халықаралық мұнай-газ форумы мен көрмесi өттi. Әлемнiң 25 елiнен жиылған 450 компания өкiлдерi мен танымал қоғам қайраткерлерi, қаржыгерлер, экономистер, мұнай-газ саласының мамандары, жалпы саны 750 делегат бас қосқан шарада бүгiнгi күннiң өзектi мәселелерi сарапқа салынды.
Жыл сайын бiр алаңда бiрнеше жүздеген компания және ондаған мың маман бас қосатын KIOGE нарықтың жетекшi ойыншылары үшiн тиiмдi коммуникациялық алаң болып отыр. ҚР Мұнай және газ министрi Сауат Мыңбаев: «Қазақстан Тәуелсiздiк алған алғашқы жылдарда KIOGE Форумы тәжiрибе алмасу, саланың өзектi мәселелерiн шешу, өндiрушiлердiң, тұтынушылар мен инвесторлар кездесетiн мамандандырылған алаң ретiнде құрылған болатын. Уақыт көрсетiп отырғандай, бiз алға қойылған мақсаттарға жеттiк – KIOGE мұнай-газ өнеркәсiбiнiң дамуы үшiн дер кезiнде ұйымдастырылған әрi қажеттi оқиғаға айналды, ал iс-шараның ауқымдылығы мен жоғары мәртебесi – бұл мемлекеттiк билiк органдарының, ұлттық компаниялардың, қатысушылар мен ұйымдастырушылардың бiрлескен қызметiнiң нәтижесi» деп мәлiмдедi. KIOGE көрмесi мен конференциясын ұйымдастырушы – «Iteca» қазақстандық көрме компаниясы және ITE халықаралық көрме компаниялары тобы (Ұлыбритания).
Қазақстанда және Каспий өңiрiнде мұнай-газ саласындағы ауқымы кең шаралар тiзiмiнде ITE компаниясы өткiзетiн шаралар да бар. Олар: MIOGE көрмесi, KAZENERGY Еуразиялық форумы, Caspian Oil & Gas көрмесi, сондай-ақ 2013 жылы өтетiн 22 шi Дүниежүзiлiк энергетикалық конгресi. Сонымен қатар Өткен аптада Алматыда өткiзiлген 19 шы Қазақстандық халықаралық «Мұнай және Газ – KIOGE 2011» көрмесiне АҚШ, Әзiрбайжан, БАӘ, Бельгия, Германия, Иран, Испания, Италия, Канада, Қазақстан, Қытай, Латвия, Литва, Люксембург, Малайзия, Нидерланд, Норвегия, Польша, Ресей, Румыния, Түркия, Украина, Ұлыбритания, Үндiстан, Франциядан келген 450 компания қатысты. Атап айтқанда, үстiмiздегi жылы Германия, Италия, Канада, Қытай, Ресей мен Франциядан келген дәстүрлi ұлттық топтармен қатар, АҚШ пен Үндiстаннан келген экспоненттер саны ұлғайды. Көрмеге қатысып отырған мұнай-газ өндiрушi компаниялардың арасында: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қазақстандық ұлттық мұнай-газ компаниясы, «Теңiзшевройл» қазақстандық кәсiпорны, Қытай ұлттық мұнай компаниясы (CNPC) және алғаш рет Малайзияның мұнай-газ компаниясы – PETRONAS қатысып отыр.
Көрмеге қатысатын мұнай өндiрушi компаниялардың iшiнде: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қазақстандық ұлттық мұнай-газ компаниясы, «Теңiзшевройл» қазақстандық кәсiпорны, Қытай ұлттық мұнай компаниясы (CNPC) және алғаш рет Малайзияның мұнай-газ компаниясы – PETRONAS. ITE Group Plc мұнай-газ жобалары департаментiнiң директоры Грэм Кумбс «Iteca Exhibition News» газетiнде жарияланған сұхбатында: «Былтырғымен салыстырғанда, KIOGE ауқымы едәуiр кеңейдi. Биыл бiрнеше компания көрмеге алғаш рет қатысып отыр және ұлттық компаниялар тарапынан қатысушылар саны өстi, павильоннан тыс экспозиция кеңейдi. Конференцияның бағдарламасы ендi едәуiр көбiрек коммерциялық бағыт алды, оның шеңберiнде Қытайға арналған «Шығысқа қарай бет алған бағытта» деген отырыс өткiзiледi» деп мәлiмдедi.
KIOGE Конференциясында ҚР Мұнай және газ министрi Сауат Мыңбаев, ҚР Мұнай және газ вице-министрi Ләззат Қиынов, «NADLoC» жергiлiктi құрамды дамыту жөнiндегi ұлттық агенттiк» АҚ Директорлар кеңесiнiң Төрағасы Жандарбек Кәкiшев, Қазақ мұнай және газ институтының Бас директоры Ұзақбай Қарабалин, Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания елшiсi Дэвид Моран, АҚШ Мемлекеттiк департаментiнiң Еуразия аймағындағы энергетика мәселелерi жөнiндегi Арнаулы елшiсiнiң аға кеңесшiсi Дениел Стайн баяндама жасады.
Биыл аталған көрме шеңберiнде жыл сайынғы дәстүр бойынша CAMERON компаниясы қаржыландыратын 6 шы Мұнай-газ саласындағы қызметтiк бос орындар жәрмеңкесi өттi. Оған аса iрi мұнай-газ және рекрутинг компаниялары қатысты: Karachaganak Petroleum Operating B. V. (KPO), Caspian Meruerti Operating Company B. V., Botenear Petroleum Engineering Co. Ltd, Tek Know Holding APS KBFC, Techniniai Projektai UAB. Шара барысында мамандар бөлiмдерiнiң өкiлдерi және қызметкерлердi таңдау жөнiндегi кеңестемешiлер мұнай-газ кәсiпшiлiгiнiң өңiрлiк және халықаралық компанияларында белсендi түрде жұмыс iстегiсi келетiн қызметкерлердi iрiктедi.
Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ