ӨНДIРIСI ӨРКЕНДЕГЕН ОҢТҮСТIК
ӨНДIРIСI ӨРКЕНДЕГЕН ОҢТҮСТIК
Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Асқар Мырзахметов мырзаның жергiлiктi мәслихат депутаттарының алдында жетi айда атқарған жұмыстары жөнiндегi есебi ешкiмдi бей-жай қалдырған жоқ. Өткен жетi айда облыстың әлеуметтiк-экономикалық саласында iлгерiлеушiлiк жасалған. Өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы, кәсiпкерлiк қалыпты дамып, облыс тiптi бiрқатар көрсеткiштер бойынша ауыз толтырып айтарлық табысқа жеткен. Айталық…
«Индустриялдық аймақтың» келешегi зор 2011 жылдың 7 айында облыста 198,2 миллиард теңгенiң өнiмi өндiрiлген. Өткен жылдың осы мерзiмiнде бұл көрсеткiш 165,1 миллиард теңгенi құраған болатын. Жыл басынан жаңа кәсiпорындардың бой түзеуi, өндiрiстiң кеңеюi есебiнен 5401 жаңа жұмыс орны ашылды. Сапа менеджментi жүйесiн енгiзген кәсiпорындар мен мекемелердiң саны 303-ке жетiп, 34,7 пайызға өскен. Шымкент қаласындағы бұрынғы фосфор зауытының орнынан құрылған «Индустриалдық аймақ» жобасы ойдағыдай жүзеге асып келедi. 2011 жылы аймақтың инфрақұрылымын дамытуға 1,4 миллиард теңге бөлiндi. Биыл онда 16 инвестициялық жобаны iске қосу жоспарланса, өткен 7 айда оның бесеуi iске асқан. – «Индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттiк бағдарламасының аясында 2011 жылға жалпы сомасы 41,3 миллиард теңгенi құрайтын 63 жоба жоспарланып, соның нәтижесiнде 4651 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Оның iшiнде индустриаландыру картасына 31 жоба енгiзiлдi. Бүгiнде сол 31-дiң 15-i iске асырылып, 908 адам жұмыспен қамтылды. Жыл аяғына дейiн, кестеге сәйкес келген 16 жоба iске қосылып, 1190 жаңа жұмыс орны ашылатын болады,–дедi Асқар Исабекұлы. Облыста мақта кластерiн дамыту үшiн құрылған «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын аяқтауға қазынадан 36 миллион теңге қаралды. Бүгiнде аймақтың темiр жолдан басқа инфрақұрылымы толығымен аяқталды. Ендi аймаққа жаңа жобалар тарту мақсаты тұр. Осы бағытта тоқыма бұйымдары өндiрiсiн ұйымдастыру көзделiп отыр. Жобаның құны – 561 миллион теңге. Ол жүзеге асқанда жүн мен түбiттен жасалынған өнiмдердi шығаруға болады. Аталған жоба былтыр 5 қазанда мақұлданып, қараша айында құрылыс жұмыстары басталған. Оның аяқталу мерзiмi 2012 жылдың қаңтар айына белгiленген. Сонымен бiрге тiгiн фабрикасы және арнайы материалдар өндiру цехын iске қосу көзделiп отыр. Бұл жобаның құны – 251 миллион теңге. Ол жүзеге асса цехта жылына – 150 мың дана арнайы костюмдер тiгуге болады. «АГФ групп» ӨК» ЖШС-нiң бұл жобасы 2011 жылдың ақпанында мақұлданып, мамыр айында құрылыс жұмыстары басталды. Сәтiн салса кә_сiпорын құрылысының аяқталу мерзiмi келер жылдың бiрiншi тоқсанына белгiленген. Жетi айда облыста 485 кәсiпкерлiк нысандарына «Даму» қорынан 18,7 миллиард теңге несие берiлдi. 2011 жылдың 7 айында «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы қаржыландырылған жобалардың саны артқан. – «Максимум» осы мерзiм аралығында өзiнiң өмiршеңдiгiн дәлелдедi. Мәселен бұған дейiн орталыққа 2224 жоба келiп түссе, оның 1808-i мақұлданды. Жетi айда соның 1492-сi қаржыландырылып отыр. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 1400 жобаға артық. Осының өзi «Максимумның» маңыздылығын көрсетедi. Бiрақ жеткен жетiстiгiмiзге тоқмейiлсiмей, ары қарай еңбек ету керек. Ендiгi жерде ауыл-аймақтардағы орталықтың филиалы немесе өкiлдiктерiнiң жұмысын жандандыруды қолға алу қажет. Алдағы уақытта арнайы орталық ашылып, тұрақты түрде инновациялық идеялар жәрмеңкесi өткiзiлiп тұратын болады. Ендi қазан айында облысқа инвестиция тарту, облыстың мүмкiншiлiгiн көрсету мақсатында – үлкен аймақтық форум жоспарланып отыр, – дедi облыс басшысы. Жетi айда облыста ауыл шаруашылығының жалпы өнiм көлемi 68,3 миллиард теңгенi құрап, былтырдың осы кезеңiмен салыстырғанда 3,2 пайызға артты. Соңғы екi жылда 77 мың гектар суармалы жер қайта айналымға қосылып, 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл жұмыс биыл да жалғасын тауып отыр. Жыл соңына дейiн тағы 26,7 мың гектар жер айналымға қосылады. Егiстiк жерлердi ағын сумен қамтамасыз ету үшiн иесiз қалған ұзындығы 9974 шақырым 1406 канал коммуналдық меншiкке берiлдi. Барлық аудандарда су берушi коммуналдық мекемелер құрылып, олар сапалы қызмет етуi үшiн 954 миллион теңгеге 236 дана жаңа техника сатып алынды. Сонымен бiрге Шардара су қоймасынан Мақтарал ауданының 90 мың гектар егiс алқаптарына сорғыштар арқылы ағын су жобасы iске қосылды. Құны 13,5 миллиард теңгенi құраған жобаны ғасыр құрылысына балап жатқандар да бар. заманның талабы Оңтүстiк Қазақстан облысы жылыжай мен тамшылатып суару әдiсiн енгiзуде алда келедi. Қашанда жаңалықты жатырқамай қабылдайтын облыс диқандары өткен жетi айда жылыжайлар көлемiн 51 пайызға ұлғайтып, 315 гектарға жеткiздi. Жыл соңына дейiн оның көлемiн 370 гектарға жеткiзу межеленiп отыр. Тағы бiр тың тәжiрибе– жалпы бiлiм беретiн 93 мектептiң жанынан 11,5 гектар жерге жылыжай құрылысы салынды. Ал тамшылатып суару технологиясы 4852 гектар жерге ендiрiлдi. Жыл соңына дейiн оның көлемiн 19,0 мың гектарға жеткiзу жұмыстары жүргiзiлуде. Атап өтерi 2009 жылдың басында облыста тамшылатып суару әдiсi бар жоғы 1 мың гектарға енгiзiлген болатын.Халықты бақша өнiмдерiмен жыл бойы қамтамасыз ету үшiн көкөнiс сақтау қоймаларын жасақтау жұмыстары да оң нәтиже берiп отыр. Бүгiнгi күнге дейiн қолда бар 38 қойманың жалпы сыйымдылығы 80 мың тоннаны құрайды. Жыл соңына дейiн оның көлемiн 150 мың тоннаға жеткiзу жұмыстары жүргiзiлуде. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу көлемi 50 миллиард теңгенi құрап, былтырмен салыстырғанда 8,4 миллиард теңгеге артқан. 3 сүт, 2 ет, 2 жемiс-жидек пен көкөнiс өнiмдерiн өңдейтiн және 2 жүн өңдейтiн қайта өңдеу кәсiпорындары жаңадан iске қосылды. Қаржы институттары арқылы агроқұрылымдарға 6,5 миллиард теңге несие берiлiп, ол 2 есеге артқан. – Азық-түлiк бағасының қымбаттауының алдын алу үшiн ауылдан келген шаруаларға Шымкент қаласында қосымша 340 әлеуметтiк сауда қатарлары ұйымдастырылды. Аталған орындарға салық және жерге ақы төленбейдi. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн сататын 23 сауда дүкендерi ашылды. Сондай-ақ апта сайын жәрмеңке ұйымдастырылуда. Облыста ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру, сатып алу, сақтау және сатуды қаржыландыру механизмi әзiрлендi. Ендi «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы «Шымкент қаласындағы сауда-логистикалық орталығы» ЖШС-iн 500 миллион теңгеге қаржыландыру жоспарлануда. Аталған орталық фьючерстiк шарттар негiзiнде жергiлiктi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлерден өнiм сатып алу, сырттан әкелiнетiн өнiмдердi жеткiзумен және оларды қоймаларда сақтап, қажет кезiнде оларды сатқызу, коммуналдық базар ашу жұмыстарын жүргiзетiн болады. Ал олардың сатып алу және сату бағасы облыстық штабпен келiсiлiп отырады, – дедi А.Мырзахметов. Жалпы алғанда 2011 жылға арналған облыс бюджетiнiң жалпы көлемi 309,0 миллиард теңге құрап, 19,2 пайызға өстi. Кiрiстер көлемi 180,8 миллиард теңгенi құрады, оның iшiнде жергiлiктi бюджет кiрiсi 14 пайызға артқан. Жергiлiктi бюджеттiң әрбiр салық көздерiне талдау жасалып, өзiндiк кiрiстер 53,8 миллиард теңгеге жеткiзiлдi немесе бекiтiлген бюджетпен салыстырғанда 5,2 миллиард теңгеге ұлғайтылды. Жұмыстарын толық атқармай тұрған жылды шығынмен аяқтаған коммуналдық меншiктегi заңды тұлғаларды оңтайландыру, әрi бiрiктiру жұмыстары жүргiзiлдi. Мемлекеттiк үлесi бар заңды тұлғалар 477,8 миллион теңге пайдамен аяқтады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 212,5 миллион теңгеге артқан. Сондай-ақ облыста иесiз және кезiнде жекешеленiп, пайдаланбай тұрған нысандарына түгендеу жұмыстары жүргiзiлдi. Нәтижесiнде, пайдаланбай, тозуға айналған 100-ден астам нысандарды қалпына келтiру үшiн бюджет қаржылары есебiнен және мемлекеттiк және жеке меншiк әрiптестiк аясында пайдалану үшiн тиiстi жұмыстар атқарылатын болады. Шымкенттiң шырайы артып келедi Жетi айда облыстың бiлiм беру саласына бюджеттен 119,3 миллиард теңге қаралып, 20,9 пайызға артты. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша облыста 39 бiлiм беру ғимаратын салу жоспарланып, оның барлығы аяқталды. Соңғы нысан – Шаян ауылындағы мектеп-интернат биылғы жаңа оқу жылында пайдалануға берiлдi. – Бұл бiрнеше жылдан берi бiтпей келе жатқан «сақалды» құрылыс болатын. Жалпы бiлiм саласындағы барлық «сақалды» құрылысты жаптық. Анықталған 29 үш ауысымда бiлiм беретiн, апатты жағдайдағы 62 мектептердiң мәселесi толық шешiлдi,–дедi облыс әкiмi. Облыста бүгiнгi күнi «Балапан» бағдарламасы аясында 3-6 жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi бiлiм берумен қамту 6,5 пайызға артып, 36,9 пайызға жеттi. Жылдың соңына дейiн бүлдiршiндердiң балабақшамен қамтылуы 50 пайызға жеткiзiлмек. Сонымен бiрге облыста жыл аяғына дейiн 59 денсаулық сақтау нысандары iске қосылатын болады. Бүгiнде, оның 8-i пайдалануға берiлiп қойылды. 40 денсаулық сақтау нысандарына күрделi жөндеу жұмыстарына 2,8 миллиард теңге қарастырылды. Облыста мәдениет, спорттық-сауықтыру шараларына, ғимараттарын салуға ерекше назар аударылып келедi. Биыл мәдениет саласына 2,9 миллиард теңге қаралып, ол 35,5 пайызға артты. Тәуелсiздiгiмiздiң 20 жылдығына арналған 5 480 iс-шаралар өткiзiлдi. Спорт нысандарының құрылысына бюджеттен – 2,5 миллиард теңге қаралып, 3,2 есе артып отыр. Жыл аяғына дейiн облыс орталығында теннис орталығы, спорттық манеж, жабық бассейн, Түркiстан қаласында О. Жарылқапов атындағы және Шымкент қаласында Қажымұқан атындағы орталық стадиондарының қайта жөндеу жұмыстары аяқталады. Шымкент қаласын абаттандыру, көгалдандыру мақсатында бiрқатар жүйелi жұмыстар жасалуда. Атап айтқанда, облыс әкiмiнiң басшылығымен әр дүйсенбi сайын Шымкент қаласын көркейту, архитектуралық жобаларды iске асыру туралы мәжiлiс өткiзiлiп, жобалар жан-жақты сарапталып, шешiм қабылданып келедi. Осындай жұмыстың нәтижесiнде «Дендросаябақ», «Жеңiс», «Металлургтер», «Абай» және «Орталық» саябақтары күрделi жөндеуден өтiп, жаңғыртылып, пайдалануға берiлдi. «Отан-Ана» тәуелсiздiк монументi, «Даңқ мемориалы», «Шәмшi әлемi», «Неке сарайы», Абай мұражайы, Тұрар Рысқұлов ескерткiшi мен алаңшасы, «Көпiр», Көркемсурет галереясы, «Орталық субұрқақ», «Жастар аллеясы», «Спортшылар аллеясы», «Рәмiздер алаңы», Жастар орталығы, «Хан қорғаны» және «Жiбек жолы» композициясы жасалып, Темiр жол вокзалы мен онымен iргелес аймақ күрделi жөндеуден өттi. Орталық көшелер мен алаңдар, басқа да әкiмшiлiк, коммерциялық ғимараттардың кiре берiстерiнде қосымша автотұрақтар салынып, жол кеңейту жұмыстары атқарылуда. Жол қиылысындағы алаңқайлар көгалдандырылып, 14500 шаршы метрге көпжылдық гүлдер мен декоративтi ағаш отырғызылды. Соңғы 2 жылда Шымкент қаласының маңындағы 2500 гектар жерге 1 миллионға жуық ағаш егiлдi. Жаңа жобалар биыл да атқарылып жатыр. Солардың ең бастысы – «Тәуелсiздiктiң 20 жылдығы» атындағы саябақ. Саябақ аумағына «Алтын шаңырақ» ел бiрлiгi монументi, «Тәуелсiздiк шежiресi» соңғы үлгiдегi фонтан және басқа да көркейту элементтерi орнатылатын болады. Жыл аяғында «Цирк», жеңiлатлетикалық манеж, халықаралық деңгейдегi бассейн, үлкен тенис кешендерi iске қосылады. Екiншi үлкен жоба – қорғасын зауытын жауып, Бадам өзенiн көрiктендiрiп, халық демалатын аймаққа айналдыру. Бұл жөнiнен бүгiнде тиiстi жұмыстар жүргiзiлуде. Қала орталығындағы 13 көп қабатты үйлердi күрделi жөндеуден өткiзiп, қала көркiн көркейту жұмыстары басталды. Түнгi қаланың шырайын келтiру мақсатында 15 жерге жарық шамдармен безендiрiлген жол үстiндегi темiр кермелер орнатылды. Сондай-ақ, жарықтандырылатын көшелер саны 44-тен 72-ге жеттi. Аталған жұмыстар ағымдағы жылы жалғасын тауып, екiншi-үшiншi деңгейлi 32 көшенi қосымша жарықтандыру жобасы әзiрленуде. Көшелердi орта жөндеу жұмыстары да назардан тыс қалмай, 2011 жылы қаламыздың 105 көшесiнде орташа жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде. Көше қиылыстарында стандарттарға сай көше аттары, жол белгiлерi көрсетiлген арнайы темiр конструкциялар орнатылды, бағдаршамдар реттелуде. 537 көпқабатты үй ауласының 245-iнде көрiктендiру жұмыстары қолға алынып, балалар ойын алаңшаларына түрлi ойын элементтерi орнатылуда. Бұл жұмыстар келер жылы да жалғасын табатын болады. Сондай-ақ Шымкентте инвесторлардың есебiнен 5 жұлдызды екi қонақүй салынбақ. Құрылысын бастау 2011 жылдың аяғына жоспарланып отыр. Облыс әкiмi Мырзахметовтың атқарған жұмыстарын облыстық мәслихаттың депутаттары оң бағалады. Сондай-ақ халық қалаулылары облыстағы халық көп қоныстанған Мақтаарал, Сарыағаш аудандарын қайта бөлу мәселесiн көтердi. Айта кетерi, бұл мәселенi депутаттар бұған дейiн де көтерген болатын. Алайда аудан шекарасын өзгерту тек Үкiметтiң құзырында. Үкiмет мақтааралдық және сарыағаштық тұрғындардың тiлегiн әзiрге ескермей келедi. Мақтаарал ауданы бұрынғы Жетiсай, Мақтарал, Киров аудандары, ал Сарыағаш ауданы бұрынғы Сарыағаш, Келес аудандарының бiрiктiрiлуiнен құрылған. Аталған аудандарда тұратын халықтың саны 250 мыңнан 350 мыңға жетедi. Ал бұл дегенiңiз республикадағы кiшiгiрiм облыстардың халқымен тең. – Осы жөнiнде бiз Үкiметке ұсыныс бергенбiз. Алайда бұл мәселенi шешу өте күрделi болғандықтан, нақты бiр шешiм қабылданған жоқ. Ол әлi де талқылану үстiнде,– дедi облыс әкiмi. Дайындаған Бақыт ЕРНАЗАР 06.10.2011