Жаңалықтар

АСҚАРОВҚА ҚҰРМЕТ

ашық дереккөзі

АСҚАРОВҚА ҚҰРМЕТ

Көрнектi мемлекет және қоғам қай­раткерi, Социалистiк Еңбек Ерi Асанбай Ас­қаров есiмiн Оңтүстiк жұртшылығы ерек­ше ықыласпен еске алады. Облысты 1979-85 жылдары басқарған азамат – өңiр­дiң дамуына, соның iшiнде Шымкент қаласының гүлденуiне ерекше үлес қос­ты. Ол кiсiнiң жеке бастамасымен Шым­кентте хайуанаттар бағы, Дендрарий бағы, ипподром, «Тұлпар» жасанды көлi, Балалар темiр жолы салынып, Өгем өзе­нi­нен су тартатын канал қазылды, «Шымкент-Ташкент» күрежолы iске қосылды. Ас­қаровтың тұсында Шымкентте зәулiм ғи­мараттар бой көтердi. Оларды күнi бү­гiн­ге дейiн Шымкенттiң сәулетiн ашатын, тiптi облыс орталығының символына айналған десек те болады.

Қазiр Шымкентте Асанбай Асқаровтың есi­­мiн еншiлеген көше және мектеп бар. Өзi­нiң есiмiмен аталатын көшенiң бой­ын­­да ескерткiшi қойылған. Жыл сайын Оңтүстiк халқы Асқаровтың туған кү­нiн атап өтiп, оның ескерткiшiне гүл шоқ­та­рын қояды. Марқұмның әруағына арнап құ­ран бағыштайды. Осындай дәстүрлi iс- шара биыл республикада үшiншi болып, Асе­кеңнiң тiкелей бастамасымен ашылған Шым­кент хайуанаттар бағында өттi. Атал­ған орыннан Асанбай Асқаровқа арнап ескерткiш тақта ор­натылды. Бұл шара зоо­бақ ұжымының ұйымдастыруымен жү­зе­ге асырылыпты.

– Елге, халқына айрықша қызмет еткен ердiң есiмiн зообаққа келетiн бүгiнгi ұр­пақтың да бiлуi үшiн осындай шараны жасауды ұйғардық. Қазiргi уақытта ден­дробақ, зообақ, ипподром орналасқан де­малыс аймағына Асанбай Асқаровтың атын беру жөнiнде жұмыстар қолға алынды. Бұл шаруа бұрын көтерiлгенiмен, ке­зiн­де заңдастырылмай қалыпты. Соны ен­дi жүзеге асыруымыз керек, – дедi са­л­танатты шара барысында сөз алған Шым­кент қаласы әкiмiнiң орынбасары Ба­һадыр Нарымбетов.

Ес­телiк тақтаның жамылғысын А.Ас­қа­­ровпен қызметтес болған Клара Әлiпова мен Исмат Тұрсынқұлов түсiрдi. Бұдан кейiн атпал азаматтың рухына арнап ас берiлдi.

06.10.2011