ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН: ТӨРТIНШI ДУМА ҺӘМ ҚАЗАҚ

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН: ТӨРТIНШI ДУМА ҺӘМ ҚАЗАҚ

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН: ТӨРТIНШI ДУМА  ҺӘМ ҚАЗАҚ
ашық дереккөзі

Өткен жылы "Сарыарқа" Баспа үйiнен (Астана) Әлихан Бөкейханның жетi томдық шығармалар жинағы жарық көрген едi. Төмендегi материал сол жетiтомдықтың V томынан алынып берiлдi. ("Қыр баласы" – Ә.Бөкейханның бiр бүркеншiк есiмi).

Өткен жылы "Сарыарқа" Баспа үйiнен (Астана) Әлихан Бөкейханның жетi томдық шығармалар жинағы жарық көрген едi. Төмендегi материал сол жетiтомдықтың

Бiздiң қазақ сияқты жетiм жұрт сөзi осы бюджетни прениеде жылда бiр-ақ сөйленiп қалады. Өткен 11-iншi июньде Думада переселен управлениесiнiң шығынын қарады. Қазақтың жер туралы көрiп отырған кемшiлiгiн айтып Забайкал депутаты Волков һәм Баку депутаты Жағафаров сөйледi.

Волков сөйледi: "Бiз Сiбiр депутаттары үшiншi думадан берi мiне жетi жыл переселен мұжыққа жер алғанда қазақтың һәм сұраттың ең жақсы жерiн алып, бұларға жер қалдырмай отырсың деп зарлап келемiз; жылда бiздiң айтқан сөзiмiздi тыңдаған кiсi жоқ. Қазақтың қазулы арығын, салулы бақша, еккен жоңышқасын кесiп алып отыр. Қазақтың жерден қысылған белгiсi мiне: қазақ өзi бөтен жаққа переселен болып көше бастады. Әуелi тұрғын жұрт бұрят һәм қазақты орнықтырып, қалған жердi переселенге беретiн жөн едi. Тұрғын жұртты орнықтыратын закон жобасын әлi хүкiмет Думаға кiргiзген жоқ. (Волковтың бұл айтқаны Көкшетау үйезi Айыртау болысынан Жиделiбайсын барамын деп былтыр көшкен қырық үйлi Қарауыл). Переселен мұжыққа деп бүгiнге дейiн қазақты қысып, жерiн алушы едi. Ендi бұл переселен управление тағы бұрынғысы қазаққа аз деп, бай шаруа қылатын орысқа берем деп Ыстепной крайдан (Ақмола һәм Семей облысы) жүз үшәске кесiп отыр, қайсысы 5 мың десятине, ойы бұл жердi бай орысқа көп жылға аренда (жалдауға) бермек: аяғында сол жерге байды не қылмақ. Хукiметтiң былай қылғаны тұрғын жұрт қазаққа шылғи залал, ендi, ендi қалсын, жер кесiлгенде қазаққа өз шаруасын аздырмайтын жер қалдырып кессiн!"

Волков осы сөзiн Дума сөзi қыламын деп Думада тас салуға тартты. Думаның көбi хүкiметке не десе, сол мақұл дейдi. Волков тiлегiн қолдаушылар аз болды. Ендi қазақты тонағанда Думадан бата алдым деп тонайды.

Баку депутаты Жағафаров Думадағы мұсылман депутаттары атынан сөйлейдi: "Бiзге қазақтар һәр жерден көрген кемшiлiгiн айтып хат жазады. Мұжыққа жер алғанда қазақтың бар жақсы дерiн алып, қазаққа үлкен зорлық қылып отыр. Осы зорлықты законды ғадiлдiк жолында деуге болмайды.

1908-iншi жылдағы граф Пален Түркiстандағы iстердi тексергенде жазған едi: "қазаққа артық жер деп қалдырғаны тастақ, тақыр, ащы, сортан жер, осы зорлыққа көнiп мiнез шығармай тыныш отырғаны қазақтың дүниеде жоқ момындығы" – деп.

Осы сөз сенатор граф Пален сөзi; осы зорлықты көрiп отырған жұрт хүкiметтi не деп бiлмек? Әуелi тұрғын жұртты орнықтырып қалғанын дерге переселен мұжықты еншiлес қылу керек емес пе едi? Жақсы сөздi хүкмет бiлiп жатыр ма, бiздiң мұсылман депутаттары переселен управлениесiнiң ұлұг мекемелер не ақша бермеске тас салады" – деп Жағафаров сөзiн қаңтарды.

Переселен бастығы Глинка сөйледi: "Бiз мұжыққа жер бергенде қазақтан артық жердi ғана беремiз. Қазақты көшпелi деп есеп қылып, жаңа закон шығарып, жер берсек, мұжыққа артық жер қалмайды. Бiздiң тұрғын жұртқа жер белгiлеп беретiн закон жобасын шығара алмай күбежектеп тұрғанымыз осы едi. Көшпелi қазаққа мәңгi ғұмырлық деп жер беруге тiптi керек емес, сол үшiн қазаққа мұжықпен бiрдей надел жер алсаң, беремiз деп едiк, қазақ шырғаға түскен құстай сұранып топылдап "өз еркiмен" мұжық болып жер алып жатыр".

Мұнан былай ол қазақ алған наделде хүкiметтiң жұмысы жоқ, – дедi турашыл Глинка бай.

Сөйтiп қазақ көшпелiмiн, маған мал шаруасына жер бекiтiп бер десе, бұл сөзге алынбайды екен.

Себебi: бүйтiп қазаққа еншi берсе, қазақ ұтып кетедi екен. Қазақ жерiне өзге телмiрген ауыздарға сыбаға – мүше аз қалады екен. Қазақ жерiнен бұларға олжа аз түседi. Қазақ өзi, отқа түскен көбелекше, барып тiлеп, мұжықпен құрдас болып, көшпеймiн – мал бақпаймын деп, бұзауды арқандап бағамын деп жер алса, мұжыққа һәм өзге қазаққа жерiне телмiргендерге көп олжа қалады екен?!

Былай болғанда, қазақтың тiлегенi мұжыққа һәм өзге қазақ жерiне телмiргендерге көп жер сыбаға, мүше, олжа беру емес пе?

Қаптап жабыла сұранып, мал бақпаймын, көшпей ақал болып отырамын, бұзауды арқандап бағамын деп қазаққа мұжыққа ер басына он бестен надел алу керек. Осылай етсеңдер, мұжыққа һәм мұжық артынан көлеңкеше ерiп жүрген орыстың байларына қазақ жерiнен артық көп сыбаға жер қалады. Мен бұрын жазып едiм: ер басына он бестен жер алу керек қой жеп; егерде осы он бес iшiнде отырып, қазақ мұжыққа қызмет қылып, егiн салып күн көретiн болса.

Мұндай жер – Жетiсуда, Түркiстанда жоңышқа еккен, бақша орнатқан, арықпен суаратын жер ғой! Өзге қазақ жерiнде ер басына қазақ он бестен жер алып күн көретiн жер Көкшетау, Қостанай, Ақтөбе үйезiнде қарап онда да қазақ жиһатшыл мұжықтай болса. Өзге қазақтың жер алып ел боламын дегенi сорлылық арам тер ғой!

Орал үйезi Жымпиты һәм Шiдертi болысы қала боламын деп он бестен жер алып, бұл күнге шейiн қала салуға бiр тас қалаған жоқ, бұрынғы қалпында қазақша көшiп-қонып жүр.

Жүз, неше жүз мың қазақ қала боламын деп сұранып отыр деп переселен управлениесi 1913-iншi жылғы сметасына жазып отыр, бұл бәрi өтiрiк бос сөз; қала боламын деп жер алған Орал қазағы бiр тас қалаған жоқ деп депутаттар сөйлегенде, бұған байлар былай деп жауап қайырды: "Бiз берген он бесте отырып, қазақ қала боламаса, бұл он бестiң қазаққа мол болып көптiк қылғаны-дағы" дейдi.

Осымен бюджет прениесi тұра тұрсын. Тағы бiраз сөз жазалық қазақ жұрты, қазақ дертi туралы.

Төртiшi Думада переселен управлениесi кiргiзген закон жобасы бар. Мұнда не жазылған? Бұл закон қазақ жерiн кiмге бермек? Бұрын қазақтан артық деп жердi ушәске қылып кесiп мұжыққа берушi едi. Мұжық егiн салатын қара, қоңыр топырақ жер алынып болды.

Мұжыққа кескен жердiң көбiн мұжық тастақ, тақыр, шөл деп мұжық алмай жатыр.

Ендi осы мұжық алмай қазаққа қалдырған жердi мал бағатын, мал шаруасын ұстаған бай орысқа жаңа закон бойынша көп жылға арендаға бермек. Бiраз жыл өткен соң осы аренда деп берген жердi осы бай орыстарға мүлде өзiнiкi қылып бермек. Осы күнi мұжық алмаған учәскенi оброшная статия деп қала боламын деген қазақтың жанында болса, оны қазақ пайдасына берушi едi. Орал оязындағы Жымпиты һәм Шiдертi болысының бұрынғыдай көшiп жүргенi осы едi.

Ендi оброшная статия жер қазақ қолынан шығып орыс байына жабылады. Қала боламын деп он бестен жер алған сорлы қазақ оброшная статия жерден айрылғанда, сорлы болғанын көрер.

Бұл болып жатқан жаңа законның тағы бiр құлаққа тағатын ыстатиясы бар. Орыс байлары өзiнiкi қылып алатын жердi қазақ сатып алып өзiнiкi қылуға болмайды. Осындай жер әлде қалай қазақ баласының қолына түсе қалса, бұл жердi қазақ баласы законде көрсетiлген уақытта орысқа сатады.

Степной положениенiң 136-ыншы статиясында: "қазақ жүрген жерден бөтен патшалық адамы һәм хрестиян қызметiнде болмаған адам жер сатып алмасын!" деген.

Осылай айтып қазақ өз жерiне өзi бөтен патшалықтың кiсiсiмен бiрдей болмақ. Қазақ жүрген жердi кiм болса сол болсын, қазақтан басқа сатып алып, сұрап алып, мирастап алып өзiнiкi қылмақ, жалғыз-ақ бұл жол қазаққа жоқ. Бұл жасалып жатқан жаңа закон арқылы қазақ байлары: мен де оброшная статияны арендаға аламын, сонан соң сатып алып, балама мирас қыламын десе, бұл законге қарсы болады.

Закон жұрттың бәрiне бiрдей болмақ, ғадiл болмақ. 1905-iншi жылғы 17-iншi октябрде орыс патшалығының панасындағы жұрт құрдас болмақ едi. Қазаққа құрдастықтың келгенi осы дағы!..

Қыр баласы,

"Қазақ" газ., №19, 1913 жыл.

Самар қаласы