ЖОЛ ҚАТЕЛIКТI КЕШIРМЕЙДI
ЖОЛ ҚАТЕЛIКТI КЕШIРМЕЙДI
"Мишлен" компаниясы шина индустриясындағы әлемдiк көшбасшы ретiнде әйгiлi. Бүгiнде компанияның өкiлдiктерi әлемнiң 170 елiнде жұмыс iстейдi. "Мишлен" техниканың барлық түрiне – ұшақтарға, жеңiл және жүк көлiктерiне, iрi габариттi және ауылшаруашылығы техникасына, ғарыш кемелерiне арналған шиналар шығарады.
Компанияның бес континентте, яғни әлемнiң 18 елiнде орналасқан 70 өндiрiстiк алаңы бар. Бұған қоса, "Мишлен" қонақүйлер мен мейрамханалар бойынша туристiк гидтер, жол карталары мен атластар шығарып, мобильдiлiктi арттыратын сандық өнiмдер мен қызметтердi ұсынуда. Мұндай ауқымды ғылыми зерттеулер мен жобалар Еуропа, Солтүстiк Америка мен Азиядағы Мишлен технологиялық орталығында жасалады.
Ал "Мишлен" үшiн Қазақстан жерi Шығыс-Еуропа аумағындағы жоғары әлеуеттi нарықтық мемлекет. Бүгiнде елiмiзде автомобиль нарығының белсендi дамуы мен экономикалық жағдайдың тұрақты болуы шина нарығына да оңтайлы әсер етуде. Мәселен былтыр жеңiл көлiктер сату көлемi 2009 жылмен салыстырғанда 14,3 пайызға артса, биыл бұл көрсеткiш екi есеге өскен.
"Мишлен" компаниясының Ресей, Қазақстан және ТМД-дағы бас директоры Тьерри Шиш мырзаның айтуынша, компания Қазақстан тұтынушылары үшiн сапалы шина шығарып келедi. "Бiз тұрақты тұтынушыларға кәсiби қызмет көрсетiп, көңiлiнен шығып келемiз. Жол қателiктi кешiрмейдi. Сондықтан да жазғы, қысқы мезгiлде көлiк жүргiзушi өзiне сенiмдi болу үшiн сапалы дөңгелектердi таңдағаны дұрыс", – дейдi.
Қазiргi кезде "Мишлен" компаниясы қазақстандық нарыққа "TYREPLUS" серiктестiк бағдарламасы бойынша өнiмдерiн саудалауда. Бұл жеңiл және жүк автокөлiктерi шиналарының әлемдiк бөлшек сауда желiсi Қазақстанда 2006 жылдан қарқынды жұмыс iстей бастады. Әуелгiде Көкшетауда, онан соң Қостанай, Ақтөбе, Семей, Орал, Қарағанды және Павлодарда жеңiл және жүк автокөлiктерi шинасы орталығы ашылған. Ал жақында "Мишлен" тобы "TYREPLUS" бағдарламасы бойынша Қазақстанның бас қаласы – Астанада оныншы шина орталығының тұсауын кестi. Оған компанияның Қазақстандағы өкiлдiгi басшылары арнайы келiп, орталықтың қызметiмен танысты. Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейiн дәл осындай шина орталығы Алматы қаласында ашылмақшы. Сондай-ақ, "Мишлен" 2012 жылы Алматы, Астана, Петропавл, Орал және Өскеменде бес "TYREPLUS" шина орталығын ашуды көздеп отыр. Компанияның мiндетi – "Мишлен" тобының жоғарысапалы өнiмiне және Қазақстанның бүкiл аумағында кәсiби шина сервисiне тұтынушылардың (жекеменшiк көлiк иелерi, сондай-ақ автопарктердiң қожайындары) мұқтаждығын қанағаттандыруға кепiлдiк беру.
"Мишлен" компаниясының Қазақстандағы бизнестiң дамуы жөнiндегi директоры Николай Мазаев мырза: "TYREPLUS" серiктестiк бағдарламасының Ресейде, ТМД-да 108-ден аса желiлiк орталығы бар. Бүгiнде "Мишленнiң" әлемдiк нарықтағы үлесi 15 пайызды құраса, ал Қазақстанда әрқашан бiрiншi болып келемiз. Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерi бiрiгiп құрған Кедендiк одақтың да шина өндiрiсiне тигiзген жеңiлдiктерi мен пайдасы көп. Соның арқасында "Мишлен" өнiмiне деген сұраныс күн санап артып келедi", – дегендi жеткiздi.
29.09.2011