Жаңалықтар

Өнерлi өрге жүзедi

ашық дереккөзі

Өнерлi өрге жүзедi

Алматыда талантты скрипкашы Айша Оразбаеваның Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына арналған концертi өттi. Концерт Қазақстанның мемлекеттiк симфониялық оркестрiнiң сүйемелдеуiмен және халықаралық дәрежеде танымал Ваг Папянның дирижерлiгiмен өттi.

Айша Оразбаева – түрлi Халықаралық байқаулардың лауреаты. Ол – Лондондық корольдiк музыкалық академиясының магистр дәрежесi бойынша үздiк диплом иегерi. Осы оқу орнына түскен қазақстандық ең алғашқы скрипкашы. Сондай-ақ ол Халықаралық "Болашақ" бағдарламасының степендиаты және "Trio di trieste" Халықаралық степендиясының иегерi. Талантты скрипкашы Лидии Мордкович, Ремуса Азоитея және Клио Гулд сынды профессор ұстаздардан тәлiм алған. Айша Еуропа, Америка Құрама Штаттарында, орталық Азия мен Гонконгтың сахналарында өнер көрсетiп жүр. Танымал композиторлар: Йоханнес Мариа Штауд, Пьер Булез, Сэр Харрисон Бертвисл және Питер Зиновьевтармен бiрлесе жұмыс iстеуде. Айша 25 жасында көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты атанып үлгердi. Англияда оған Leverhulme, Marjorie Hayward және Thomas C Fitton сыйлықтары берiлген. Шеберлiк кластарын өткiзу мақсатында Берлин филармониясының концертмейстерi Томас Брандиспен, Марко Рицци және Захар Брондармен бiрге Австриялық ORF телеарнасында, BBC Radio 3, 4 деп аталатын радиода 7 миллион тыңдарманға өнер көрсеттi. Келешекте Айша Бразилиядағы Сан-Паулода, Парижде, Берлинде өнер көрсетiп, осы жылдың қараша айында Ұлыбританияда өзiнiң жеке альбомын шығаруды жоспарлап отыр.

15 қыркүйек

Маржан КЕҢЕСБАЙ