Жаңалықтар

МҰНАЙ ӨНIМДЕРI НАРЫҒЫ ТҰРАҚТАНДЫ

ашық дереккөзі

МҰНАЙ ӨНIМДЕРI НАРЫҒЫ ТҰРАҚТАНДЫ

Сейсенбi күнi "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ басшылығының жедел араласуы Алматы өңiрiндегi көлiк коллапсының алдын алуға мүмкiндiк бердi.

Соңғы кезде Алматы қаласы мен Алматы облысын ЖЖМ-мен қамтамасыз етуде күрделi жағдайдың қалыптаса бастағаны белгiлi. Әсiресе барынша қажеттi АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының жетiспеушiлiгi қатты сезiлдi.

Осыған байланысты Қор жедел тәртiппен ЖЖМ жеткiзу бағыттарына түзету енгiздi және мұнай өңдеу зауыттарынан ақшыл мұнай өнiмдерiнiң қосымша көлемдерiн қарқынды жөнелтудi ұйымдастырды. Атырау мұнай өңдеу зауытынан жөнелту тәулiгiне 157-ден 734 тоннаға дейiн, Павлодар мұнай-химия зауытынан – 1066-дан 2285 дейiн, ПетроҚазақстан Ойл Продактстан – тәулiгiне 985-тен 1675 дейiн ұлғайтылды.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ басшылығы тарапынан үйлестiрудiң арқасында мұнай өнiмдерi үшiн бос жылжымалы құрамды кiдiрiссiз беру қамтамасыз етiлдi.

Қазiргi кезде АИ-92 маркалы бензин "ҚазМұнайГаз" және "Синоойл" компанияларының май құю станцияларында шектеусiз сатылады. Ақшыл мұнай өнiмдерiнiң қосымша көлемi "Гелиос" ЖҚС-қа да АИ-92 маркалы бензиндi шектеусiз сатуға мүмкiндiк бердi. "Роял Петрол" жекелеген ЖҚС да сатуға кiрiстi.

Дизель отынын Алматы қаласы мен Алматы облысына жөнелтудi ұлғайту жалғасуда. "ҚазМұнайГаз Өнiмдерi" АҚ Алматы филиалы Алматы қаласы мен Алматы облысының әкiмдiктерiмен, сондай-ақ қоғамдық көлiк кәсiпорындарымен дизель отынымен басым негiзде атаулы қамтамасыз ету мәнiнде жұмыс жүргiзуде.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметi

15.09.2011