Жақсы пейiл көрсе, мұқтаждың мұңы азаяды

Жақсы пейiл көрсе, мұқтаждың мұңы азаяды

Жақсы пейiл көрсе, мұқтаждың мұңы азаяды
ашық дереккөзі

Мұқтаждықпен кейбiреуге iсiң түсiп, бара қалсаң, қазiргi кезде өзiңнiң бiрге туғаның да қарайласпайды. «Мен саған кiммiн?» деп терiс айналады. Бұл пәниде «Бар болсаң тасыма, жоқ болсаң жасыма» деген бар. «Кiмде-кiм қайыр-садақа берсе, ол келе жатқан бәленiң бетiн қайтарады және жәннатқа бiртабан жақындатады», – деген Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың хадисi де еске түседi. Әрине, өмiр дегенiмiз мал мен ақшаға табынып, қанағатсыздықтың қамытын киiп жүргендерден ғана тұрмайды ғой. Көптiң iшiнде жаны жайсаң, көңiлi көл, пейiлi кең, жомарт жандар жетерлiк.

Өзiм жұмыссызбын. Денсаулығым ел қатарлы еңбектенуге жарамайды. Бiр ұл, бiр қызым да ауруға шалдықты. Келiншегiмде де тұрақты жұмыс жоқ. Басыбайлы баспанамыз да болған емес. Иә, осы ретте балаларымның болашағына алаңдап, алдына жағдайымды айтып барғанда, қолынан келген көмегiн көрсетiп, көңiлiме қараған кiсiлердi де көп кездестiрдiм. Осы орайда аузын ашса ар жағынан жүрегi көрiнетiн атпал азаматтардың атын атап өтсем деймiн. Асанәлi Әшiмов, Орал Үдербаев, Гамлет Қайнарбеков, Мейiржан Сатыбалдин, Мырзақасым Байбеков, Ескендiр Күзембаев сынды елжанды жандарға өзiм сүйiп оқитын «Түркiстан» газетi арқылы алғысымды бiлдiргiм келiп, қалам алдым. Абайдың «Адамзаттың бәрiн сүй, бауырым деп» дегенiндей, қайырымды, жаны iзгi жандарға Алланың нұры жаусын деп тiлеймiн. Жақсы пейiл көрсе, мұқтаждардың мұңы азаяды деп ойлаймын.

Төребек МӘМБЕТӘЛИЕВ
18 тамыз 2011 жыл