Жаңалықтар

«МЕНIҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» пойызы – ел iшiнде

ашық дереккөзі

«МЕНIҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» пойызы – ел iшiнде

«Нұр Отан» партиясы Тәуелсiздiктiң 20 жылдық мерейтойы қарсаңында елiмiздiң басты мерекесiне арналған барлық жобаларға белсендi атсалысуда. Осындай жобалардың бiрi – Мәдениет министрлiгiнiң «Нұр Отан» партиясымен бiрлесе ұйымдастырған «Менiң Қазақстаным» ақпараттық-насихат пойызы. Нұрлан Нығматулиннiң айтуынша, нұротандықтардың жобадағы басты мiндетi – Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Тәуелсiздiктiң 20 жылдық кезеңiнде жеткен барлық жетiстiктерiн әрбiр қазақстандыққа жеткiзу.

Бұл – партияның идеологиялық жұмысының негiзi. Нұрлан Нығматулин елiмiздiң даму жолы туралы, Қазақстанның әлемдiк қауымдастықтағы өзiнiң лайықты орнын алуына мүмкiндiк берген табыстары жайлы халыққа айтып жеткiзу үшiн патриоттық акциялар мен арнайы кездесулер өткiзудi пойыз тоқтайтын әр қала, әр елдi мекендегi партия филиалдарының жетекшiлерiне тапсырды.

«Менiң Қазақстаным» үгiт-насихат пойызы елiмiздiң облыстарын аралауда. Тәуелсiздiгiмiздiң 20 жылдық мерейтойына орай елiмiздiң аймақтарын аралай шыққан пойызды ел тұрғындары қуанышпен қарсы алуда. Пойыз жақында Темiртау қаласына атбасын бұрды. Өңiр тұрғындарына белгiлi спортшылар салауатты өмiр салтын насихаттаса, заң, әдiлет саласының мамандары өз қызметiн ұсынды. Ал өнер жұлдыздары жиналған жұртты ән-жырға бөледi. ҚР халық әртiсi, композитор Алтынбек Қоразбаев: «Темiртау қаласы, бiздiң елiмiздiң бетке ұстар өндiрiстi үлкен қаласы. Келiп жеткен заң қызметкерлерi бар, әлеуметтiк сала қызметкерлер, дәрiгерлер бар, қаржы саласының қызметкерлерi бар осында өз қызметттерiн көрсетуде», – дедi.

Бұл жоба үш баспалдақ бойынша жүзеге асады. Пойыз 10-20 тамыз аралығында солтүстiк-шығыс қалаларына бағытталса, 10-27 қыркүйекте оңтүстiк-батысқа, ал 25-26 қарашада Алматы-Астанаға келедi.

Динара ДҮРМӘН 18 тамыз 2011 жыл

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ