Жаңалықтар

«СЫР – АЛАШТЫҢ АНАСЫ»

ашық дереккөзі

«СЫР – АЛАШТЫҢ АНАСЫ»

Дәл осындай атаумен Алматы шаһарында мерекелiк кеш өттi. Тәуелсiздiгiмiздiң 20 жылдығына арналған бұл кеште «Орынбор-Ақмешiт-Алматы-Астана» атты Қазақстан астаналарындағы Сыр саңлақтарының өнер керуенi өз өнерлерiн паш еттi. Қызылорда облысының әкiмi Болатбек Қуандықов мырзаның және облыс әкiмдiгiнiң қолдауымен, Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткiзiлген аталмыш кеште халық әндерi мен эстрада әндерi қатар шырқалып, көпшiлiкке қуаныш сыйлады.

Тұрмағанбет атындағы халық аспаптары оркестрi, Бақтияр Тайлақбаев, Құдайберген Бекiш, Гүлнұр Оразымбетова, «Томирис» би тобымен қатар жас өнерпаздар да көптiң көңiлiн аулады. Осы кеш үшiн арнайы жазылған жаңа әндердiң тұсауы кесiлiп, залдағы қонақтар алғашқы тыңдаушысы болды. Көңiлдi кештен көңiлдерi бiр марқайып шыққан алматылықтар мен қала қонақтары риза болып тарқасып жатты. Тәуелсiздiгiмiздiң 20 жылдығының құрметiне ұйымдастырылған осындай iс-шаралар басқа қалаларда да жалғасын табары сөзсiз.

Ақбота МҰСАБЕКҚЫЗЫ,

А.Иассауи атындағы ХҚТУ-нiң

Журналистика бөлiмiнiң студентi

11 тамыз, 2011