«КҮЙ-ҒҰМЫР»
«КҮЙ-ҒҰМЫР»
«Күй-ғұмыр» деп аталатын бұл кiтап – атағы алыстарды шарлаған күйшi қыз Айгүл Үлкенбаеваның уақыт пен парыз, өнер мен өмiрдiң көкейкестi мәселелерi жөнiндегi ой бөлiсу, емiн-еркiн сырласуынан туған дүние. Бiз осы бiр қысқа қайырылған ғұмырнамалық хамсада дарынды өнерпаздың өнердегi құс жолындай шаңытып жатқан күрделi де қызықты соқпақтарына аз-кем тоқталып өттiк.
Бұл туынды бiр жағынан ел тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына айшықты тарту болғандай… Осынау дүбiрлi тойдың қарсаңында «Сардар» баспа үйi елiмiзге еңбегi сiңген мәдениет майталмандары мен өнер жұлдыздарына арналған «Таланттың мiнiп тұлпарын…» атты кiтаптар сериясын дайындап, оны Қазақстанда тұңғыш рет сыртын «3d» баспа форматында безендiрiп, компакт дискiсiмен қоса шығаруды қолға алды. Кiтаптың сыртындағы «3d» форматындағы сурет Гонконгта арнайы тапсырыспен дайындалып, шығарылды.
11 тамыз, 2011