Жаңалықтар

БЕЙУАҚТА ЖАНҒАН ОТ

ашық дереккөзі

БЕЙУАҚТА ЖАНҒАН ОТ

Жақында Алматы қаласының «Нұр-принт-75» баспасынан жазушы Нұрдәулет Ақыштың «Бейуақта жанған от» атты прозалық жинағы жарық көрдi. Жинаққа жазушының соңғы жылдары жазылған повестерi мен әңгiмелерi топтастырылған.

Белгiлi қаламгер Нұрдәулет Ақыш бұл кiтабы арқылы өзiнiң көркем шығармашылығына тән эстетикалық- идеялық ұстанымды жалғастыра бiлген. Ол қоғам мен адам арасындағы ежелден келе жатқан үйлесiмсiздiктiң сырларына жекелеген жандардың басынан өткен қызықты оқиғалар арқылы үңiлуге тырысады. Қай туындысында да адам тағдыры iшкi қайшылықтарымен, әлеуметтiк сипаттарымен дараланған. Тәуелсiздiк пен демократияның еркiндiктерiне ден қойған кейiпкерлердiң өмiр жайындағы тұжырымдары оқырманды тосын ойларға жетелейдi. Жинақтың жазылу стилiндегi көркемдiк iзденiстер назар аударуға тұрарлық.

«Түркiстан-ақпарат»

04.08.2011.