Жаңалықтар

ЭНЕРГОҮНЕМДЕЙТIН ЛАМПАЛАР ӨНДIРIЛЕ БАСТАДЫ

ашық дереккөзі

ЭНЕРГОҮНЕМДЕЙТIН ЛАМПАЛАР ӨНДIРIЛЕ БАСТАДЫ

Шымкентте «MaxLight Group» ЖШС отандық энергоүнемдейтiн лампа өндiру жөнiндегi инвестициялық жоба бойынша жаңа тауар өндiрдi.

Отандық өнiм ресейлiк сондай өнiмдерден анағұрлым арзан және бәсекеге қабiлеттi, базарда жоғары сұранысқа ие.

Кәсiпорынның өндiрiстiк қуаттылығы жылына 5807 мың лампа өндiре алады. Оңтүстiк Қазақстан өңiрiнiң мұндай лампаларға деген сұранысы жыл сайын 9 миллион лампаға жетедi, демек жаңа кәсiпорын сұраныстың 65 пайызын қанағаттандыра алады. Тек қана бюджеттiк мекемелердiң өзi жылына 367 мың лампаға зәру.

Жаңа зауытта 40-қа жуық адам тұрақты жұмысқа ие болды. Жоба 116 миллион теңгеге жүзеге асады.

«Түркiстан-ақпарат»

28 шiлде 2011 жыл