Жаңалықтар

ҚЫРКҮЙЕКТЕ МҰҒАЛIМДЕРДIҢ ЖАЛАҚЫСЫ КӨБЕЙЕДI

ашық дереккөзі

ҚЫРКҮЙЕКТЕ МҰҒАЛIМДЕРДIҢ ЖАЛАҚЫСЫ КӨБЕЙЕДI

Бұл жөнiнде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауынан кейiн сұхбат берген Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұлов мәлiмдедi.

– Мен Елбасына 1 шiлдеден мұғалiмдердiң жалақысының өсуiне орай, олардың алғысын жеткiздiм. 1 қыркүйектен бастап, жоғары категория үшiн 100 пайыз өтемақы төленедi.

Оның айтуынша, Мемлекеттiк бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын талқылау барысында Елбасы бiлiм беру сапасын барлық деңгейде, соның iшiнде кәсiптiк-техникалық және жоғары бiлiм берудiң сапасын арттыруға байланысты «Балапан» бағдарламасымен жұмысты күшейту жөнiнде нақты мiндет жүктеген.

– Орта бiлiм беру саласында ең әуелi педагогикалық кадрларды дайындау деңгейiн көтеру керек. Жоғары оқу орындарында жаңа формация педагогтарын дайындауымыз керек, – дедi Жұмағұлов.

«Түркiстан-ақпарат»

28 шiлде 2011 жыл