Жаңалықтар

ОРАЗАНЫҢ ПАЙДАСЫ

ашық дереккөзі

ОРАЗАНЫҢ ПАЙДАСЫ

Мiне, барша мұсылман қауымының асыға күткен қасиеттi Рамазан айы да келiп жеттi.

Ораза ұстау – Рамазан айында таң атқаннан күн батқанша дейiн ас-судан, арақ iшiп, темекi шегуден, ойын-сауықтан, басқа да жаман әдептерден бас тарту. Ауыз бекiтiп, ораза ұстаудың сауап тұрғысынан да, денсаулыққа да пайдасы зор. Ораза ұстау адамға әлеуметтiк тұрғыдан да, рухани, медициналық жағынан да аса пайдалы.

Рамазан айындағы ораза он бес сағаты сәресiнi есепке алмағанда жиырма төрт сағатты құрайды. Бұл дегенiңiз – осынша уақыт аштыққа төзiмдiлiк көрсету, шыдамдылық таныту деген сөз. Яғни қиындықты екi есеге ұлғайтатын сабырсыздық пен шыдамсыздықтың бiрден-бiр емi – ораза.

Ораза – мұсылман үшiн үлкен сабыр мектебi. Ораза ұстаған адам әдеп бiлмес пенделердiң өзiне жасаған небiр сорақы iс-әрекеттерiн көрiп, ашу шақырар сөздерiн естiсе де «мен ораза ұстаймын» деген жалғыз ауыз сөзiмен тоқтау салып, сабырға шақырады. Күнi бойы аштық пен шөлге төзе бiлген жандар ендiгi жерде өмiрде кездесетiн небiр қиындықтарға ешбiр мойымайды. Ораза ұстауға ниет еткен адам аузынан жаман сөз шықпауына да барынша мұқиятты болғаны жөн. Өсек-аяң, өтiрiк айтудан, бiреудi орынсыз ренжiтуден сақ болғаны дұрыс.

Ораза адамдарды ауызбiрлiкке, ынтымаққа шақырады. Өйткенi олар бiр мезгiлде, бiр уақытта ауыз бекiтiп, ауыз ашады. Бұл олардың бiрлiгiн күшейтедi, арадағы араздық пен алауыздықты, өшпендiлiктi жояды, Ораза тұтушы iшiп-жеуден тыйылып, шөл қысқан кезiнде шөлдегендердi, қарны ашқан кезде ашыққандарды есiне алады. Бұл оны мұқтаждарға көмек көрсетуге ұмтылдырады, әрқашан қайырымды болуға жетелейдi. Бұл дүниеге келгеннен тiршiлiктегi дәм-тұзы таусылғанға дейiнгi аралықта демалыссыз жұмыс iстейтiн асқазаны мен бауыры оразаның арқасында орташа есеппен күнiне төрт сағат тынығады. Бұл оның өзiндегi кем-кетiк жағын қайта дұрыстауына мүмкiндiк туғызады. Басқа дене мүшелер секiлдi бауыр да, асқазан да ораза кезiнде тынығып, бiр түлеп жаңарады. Ораза адамның денсулығын нығайтып жақсартады.

Рамазан айында мұсылмандар бiрiн-бiрi қонаққа шақырып, ауызашар берiп, сауапқа кенеледi. Дастарқан басында небiр ғибратты жақсы әңгiмелер айтылып, Рамазан айы отыз күндiк мейрамға айналады.

Айбол ӘБДIМӘЖИТҰЛЫ

28 шiлде 2011 жыл

л