Жаңалықтар

CУ – ТIЛСIЗ ЖАУ

ашық дереккөзі

CУ – ТIЛСIЗ ЖАУ

Жаз басталысымен қаланың қапырығынан сергу үшiн жұрт жаппай өзен-көлдердi жағалайтыны белгiлi жайт. Суға шомылып, демалудың соңы кейде қайғылы жағдайға душар ететiнi жасырын емес. Бұл тiлсiз жаудың бiрi – су екенiн тағы бiр қайтара есiмiзге салады.

Жазғы маусым басталғалы Алматы қаласындағы iшiндегi және қала маңындағы өзен-көлдерде 2 қайғылы оқиға орын алды. Олар Алатау ауданының Трудовик ықшам ауданындағы Центральная көшесi, 1 мекен-жайындағы АО Бент № 1 көлге 27 жастағы және 39 жастағы екi жiгiт, ал Алматы үлкен каналында белгiсiз бiр азамат суға батып, қайтыс болды. Түркiсiб ауданы, Пархатчы көлiнде да бiр адам тiлсiз жаудың құрбаны болды. Жыл сайын суға түсу маусымы басталған сәтте-ақ, қаладағы көлдер мен өзендерде арнайы құтқару қызметi жұмыс iстейдi. Алайда азаматтардың сақтық шараларын сақтамай, бейқамдық танытып және мас күйiнде суға шомылуының салдары қайғылы оқиғаларға әкеп соғады. «Сақтықта қорлық жоқ». Сондықтан төтенше һәм қайғылы оқиғаларды алдын-алу, болдырмау үшiн Алатау аудандық Төтенше жағдайлар бөлiмi қала тұрғындары мен қонақтарынан мына ескертпелердi қатаң сақтауларын сұрайды:

– Әр көлдегi арнайы ескертпелердi; «суға түсетiн орын» және «суға түсуге болмайды» деген белгi, ескертпелердi қатаң сақтаңыздар;

– Үлкендердiң қарауынсыз кiшкентай балаларға суға түсуге болмайтындығы туралы үнемi ескертiп отырыңыздар;

– Спирттiк iшiмдiктер iшiп суға түсуге болмайды;

– Жазғы лагерлер жетекшiлерi балалардың суға түспеуiн қадағалауы тиiс. «Ажал айтып келмейдi», сол үшiн де жоғарыдағы ескертпелердi әрдайым жадыңызда ұстап, айтып келмейтiн қауiп-қатерлерден сақтаныңыз!

Еркебұлан ҚАСЕНОВ, Алатау аудандық ТЖ бөлiмiнiң аға инженерi