Жаңалықтар

МӘЖIЛIС САЙЛАУЫ 2012 ЖЫЛЫ ӨТЕДI

ашық дереккөзі

МӘЖIЛIС САЙЛАУЫ 2012 ЖЫЛЫ ӨТЕДI

Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылы сайлау өткiзу туралы бюджеттiк өтiнiшi қанағаттандырылды. Мәжiлiс сайлауы 2012 жылы өткiзiлуi тиiс.

«Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылы Мәжiлiс және барлық деңгейдегi мәслихат сайлауын өткiзу туралы бюджеттiк өтiнiшi қанағаттандырылды», – деп жазды Қаржы вице-министрi Даленов өзiнiң Twitterдегi жеке парақшасында. Өткен сәрсенбiде Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мерзiмiнен бұрын Мәжiлiс сайлауын өткiзуге қаржы қарастырылмағандығын айтқан болатын.

Президенттiң саяси мәселелер жөнiндегi кеңесшiсi Ермұхамет Ертiсбаев жақында Парламент сайлауының мерзiмiнен бұрын өтуi мүмкiн екендiгiн болжаған едi. Алайда бұл ақпаратты Елбасы Назарбаев жоққа шығарып, Мәжiлiс сайлауының өз мерзiмiнде өтетiндiгiн мәлiмдеген.