Жаңалықтар

Сталин және ҚАЗАҚСТАН

ашық дереккөзі

Сталин және ҚАЗАҚСТАН

«Федерация сыры маған мәлiм, – дептi Иосип Броз Тито. – КСРО-ның өзi – одақтас боламыз деп төңiрегiндегi елдердi бауырына басып алған федерация. 15 республика деп тек қағазда жазылған, ұранда ғана айтылады. Ал шындығына келсек, республикалардың ешқайсысында да тәуелсiздiк белгiсi жоқ. Рас, ондағы республикаларда жасап отырған халық өкiлдерiне iрi-iрi қызметтер берген. Бiрақ оларға мәселенi өз беттерiмен шешетiн құқық берiлмеген. Тек Сталиннiң шынашақ қозғалысынан қорқып, Мәскеудiң нұсқауымен жұмыс iстеп жүрген прорабтар ғана бар. Кеңес Федерациясына кiрген республикалардың басшылығына тек орыстар ғана қойылады. Жалпы ұлт мектептерi қысқару-да. Сабағы орыс тiлiнде жүретiн мектептер ғана көбеюде. Осыған байланысты ұлт тiлдерiнiң шеңберi тарылуда. Оның үстiне бүгiнге дейiн қаншама ұлттың өзi және тiлi ажал тапты деңiз ол елде. Ол республикалар Сталин социализмiн күш көрсету органдары арқылы ғана мойындап отыр. Кеңес Одағындағы отызыншы жылдардағы жалпы қуғын-сүргiн, ату, асу, түрмеге қамау, Сiбiрге айдауды естерiңе алыңдаршы. Егер бiз Балқан Федерациясын құратын болсақ – алдымен сол арқылы Кеңес Одағының шекарасы кеңеймек, екiншiден, оның алақанының астында-ғы республикалар өткен қанды қырғын, ертең бiздiң де басымызға келмейтiнiне кiм кепiл?» (Ю.Горенко. «Сталин – Тито». М. Политиздат, 1991, 42-бет).