ЖYЛДЕ ИЕСI – «ТIЛIМ» ДЕГЕН ТIЛШIЛЕР
ЖYЛДЕ ИЕСI – «ТIЛIМ» ДЕГЕН ТIЛШIЛЕР
Мемлекеттiк тiлдi дамыту мақсатында әртүрлi ресми шаралар қолға алынып жатқаны белгiлi. Соның бiрi мемлекеттiк тiлдiң баспасөзде насихатталуы. Осы майданда бары мен нәрiн берiп жүрген журналистердi жыл сайын журналистердiң кәсiби мейрамы қарсаңында марапаттау дәстүрге айналды.
Алматы қалалық Тiлдердi дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы биылғы дәстүрлi байқауын 4 номинация бойынша өткiздi. Олар – «Баспасөздегi үздiк журналист», «Интернет сайттағы үздiк журналист», «Үздiк тележурналист» және «Үздiк радиожурналист» деп аталды.
Сонымен «Баспасөздегi үздiк журналист» номинациясы бойынша, I орынды «Алматы Ақшамы» газетiнiң тiлшiсi Ермек Зәңгiров иеленсе, II орынды «Егемен Қазақстан» газетiнiң тiлшiсi Айнаш Есалы, «Алматы Ақшамы» газетiнiң тiлшiсi Өтеш Қырғызбай және «Түркiстан» газетiнен Динара Мыңжасарқызы өзара бөлiстi. Үшiншi орынға «Ана тiлi» газетiнiң тiлшiсi Динара Iзтiлеу, «Алаш айнасы» газетiнiң тiлшiсi Мәриям Әбсаттар, «Жас қазақ үнi» газетiнiң директорлар кеңесiнiң төрағасы Қазыбек Иса табан тiредi.
«Интернет сайттағы үздiк» журналист номинациясы бойынша, «masa.kz» сайтының тiлшiсi Серiк Ерғали бас жүлденi қанжығаласа, «abai.kz» және «masa.kz» сайттарының шеф-редакторлары Өмiржан Әбдiхалық пен Ардабек Солдатбай, «Казтудей» ақпарат агенттiгiнiң тiлшiсi Ардақ Құлтай екiншi орынды, Шырын Айтмағамбетова, Жұмахан Тастанбек, Манас Жантекеев III орынды бөлiстi. «Үздiк тележурналист» номинациясы бойынша «Алматы» телеарнасының «Тiл сақшысы» бағдарламасының жүргiзушiсi Назгүл Стамбекова үздiк деп танылса, «КТК» телеарнасының «Мәссаған» бағдарламасының тiлшiсi Айжан Батырова, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Сегiз қырлы» бағдарламасының жүргiзушiсi Назгүл Сарыбаева II орынды, «Асыл арна» телеарнасының «Тұнық тiл» бағдарламасының тiлшiсi Индира Болатқызы, «Хит тв» өкiлi Әсем Көбеевалар III орынды қанағат тұтты.
«Үздiк радиожурналист» номинациясы бойынша «Қазақ радиосының» «Мемлекеттiк тiл» бағдарламасының редакторы Нұржамал Янгибаева бас жүлденi жеңiп алды. «Қазақ радиосының», «Даму» бағдарламасының жүргiзушiсi Жылбек Керiмбек пен «Шалқар» радиосының «Тiл майдан» телеойынының редакторы Айнұр Төлеу II орынға тұрақтаса, «Қазақ радиосының» «Қайырлы таң, Қазақ Елi» бағдарламасының жүргiзушiсi Жарқын Сәленұлы III орынға ие болды.
Бiз әрiптестерiмiздi жеңiстерiмен шын жүректен құттықтай отырып, тiл майданындағы күрес тоқтамасын, қаламдарыңыз мұқалмасын деген тiлек бiлдiргiмiз келедi.
Индира БЕКТЕГЕН