Жаңалықтар

«Нұр Сұңқар»

ашық дереккөзі

«Нұр Сұңқар»

Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына арналды

Маусымның 23-iнде Астанада «Конгресс Холл» сарайында «Нұр Отан» партиясының журналистер арасында ұйымдастырылған «Нұр сұңқар» бәйгесiнiң жеңiмпаздары марапатталды. Бұл марапат «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының бастамасымен былтырдан берi дәстүрге айналып келедi.

18 номинация бойынша сайысқа түскен журналистердiң арасынан «Нұр сұңқарға» лайық дегендердiң аттары аталып, құрмет пен қошеметке ие болды. Олардың арасында «Түркiстан» газетiнiң журналистер тобының жетекшiсi, «Мiнбер» сайтының редакторы Есенгүл Кәпқызы да бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Нұр Сұңқар» марапатына үмiткер ретiнде 220 мақала келiп түскен екен. Оның 54-i 9 номинацияға үмiткер деп танылған. 9 номинация бойынша 18 жеңiмпазды анықтау оңайға түспегендiгiн айтады қазылар алқасы. Сонымен номинацияларға тоқталатын болсақ, олар – «Эксперт» – «Сарапшы», «Наш депутат» – «Бiздiң депутат», «Лента новостей» – «Жаңалықтар тiзбегi», «Вести из регионов» – «Аймақ жаңалықтары», «В кадре партийные кадры» – «Кадрда партиялық кадрлар», «Точка зрения» – «Көзқарас», «Первый шаг» – «Алғашқы қадам», «Доверие» – «Сенiм», «Мастер объектива» – «Объектив шеберi» аталымдары бойынша сарапқа салынды. Нәтижесiнде «Эксперт» – «Сарапшы» аталымында «Ашық студия» бағдарламасының жүргiзушiсi Нұрлан Ерiмбетов пен «Хабар» агенттiгiнiң Алматы облысындағы меншiктi тiлшiсi Тiлеуқабыл Мыңжасар жеңiмпаз атанды. «Бiздiң депутат» аталымы бойынша «Казахстанская правда» газетiнiң арнайы тiлшiсi – Парламент шолушысы Ольга Казанцева мен «Егемен Қазақстан» газетiнiң саяси шолушысы Жақсыбай Самратты марапаттады. «Жаңалықтар тiзбегi» аталымында Zona.kz интернет-газетiнiң меншiктi тiлшiсi Жұмабике Жүнiсова мен «Мinber.kz» интернет-басылымының жетекшiсi, «Түркiстан» газетiнiң журналистер тобының жетекшiсi Есенгүл Кәпқызы, «Литер» газетiнiң меншiктi тiлшiсi Владимир Катков пен «Хабар» агенттiгiнiң Павлодар облысындағы меншiктi тiлшiсi Салауат Игiлiков, «Кадрда партиялық кадрлар» атты аталым бойынша «Хабар» агенттiгiнiң астаналық бөлiмшесiнiң тiлшiсi Наталья Илюхина мен «Айқын» газетiнiң Астана қаласындағы меншiктi тiлшiсi Айхан Шәрiп, «Көзқарас» номинациясы бойынша «Время» газетiнiң журналисi Геннадий Бендицкий мен КТК арнасындағы «Жаңалықтар: Астарлы ақиқат» бағдарламасының жүргiзушi редакторы Дина Төлепбергенова, «Алғашқы қадам» аталымымен «Индустриальная Караганда», «Экспресс-К» басылымдарының тiлшiсi Оксана Мягких пен «Ақтау ақпарат» газетiнiң тiлшiсi Кәмшат Әбдiрайым, «СТВ» арнасы бас редакторының орынбасары Виталий Попов пен «Қазақстан» ұлттық арнасының тiлшiсi Айбек Қобдабай, «Сенiм» номинациясы бойынша, «Объектив шеберi» аталымымен Президент баспасөз қызметiнiң операторы Бақтыбай Шаханов пен «Нұр-Медиа» ЖШС-нiң фототiлшiсi Советбек Мағзұмов жеңiмпаз атанды.

Ал арнайы сыйлық – Астана қаласынан үш бөлмелi пәтерге «Хабар» телеарнасының тiлшiсi Нұрлан Окаұлы ие болды.

«Нұр Отан» ХДП төрағасының I орынбасары Нұрлан Нығматуллин журналистердi төл мерекесiмен құттықтай отырып, биылғы «Нұр Сұңқар» марапатының ең басты ерекшелiгi оның Тәуелсiздiктiң 20 жылдығымен тұспа тұс келуi және бұл марапаттың осы бiр қасиеттi де киелi мейрамға бағышталатындығын айтты.

Райхан АЙЖАНОВА