Ерте жастан ағылшынша оқыту
Ерте жастан ағылшынша оқыту
Таяуда Астана қаласындағы RIXOS President Astana отелiнде "Республикалық эксперимент шеңберiнде ерте жастан ағылшын тiлiн оқытуды iске асыру сапасын жетiлдiру" тақырыбында республикалық семинар болып өттi.
Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұловтың қатысуымен өткен бұл семинар Елбасының ағылшын тiлiн оқытуды 1 сыныптан бастап енгiзу жөнiндегi тапсырмасын iске асыру шеңберiнде өткiзiлдi.
Елiмiздегi бiраз мектептерге жетi жыл бұрын ерте бастан ағылшын тiлiн оқыту эксперимент ретiнде енгiзiлген болатын. Семинарда осы эксперименттiк мектептердiң жұмыс қорытындылары тыңдалды. Жетi жыл iшiнде дайындалған әдiстемелiк негiздер, бақылау нәтижелерi сараланып, педагогтардың кәсiби шеберлiгiн дамыту жөнiнде сөз болды. Эксприменттiк мектеп мұғалiмдерi төменгi сынып оқушыларына ағылшын тiлiн үйретуге байланысты ой-пiкiрлерiн ортаға салды.
Семинарға Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық бiлiм академиясының, мұғалiмдердiң бiлiмдерiн жетiлдiру республикалық институтының, "Оқулық" республикалық ғылыми практикалық орталығының, Макмиллан баспасының өкiлдерi, мектеп мұғалiмдерi қатысты.
Семинарда эксперименттiк жұмыс қорытындысы бойынша өзектi деп көрсетiлген мәселелерге қатысты ұсыныстар айтылып, шешiмдер қабылданды.
Жәнiбек НҰРЫШ, ХҚТУ-дiң 3-курс студентi