Жаңалықтар

БЕЙБIТ ҚҰСАНБЕК АТЫНДАҒЫ ТЕЛЕРАДИОЖУРНАЛИСТЕРДIҢ IV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

ашық дереккөзі

БЕЙБIТ ҚҰСАНБЕК АТЫНДАҒЫ ТЕЛЕРАДИОЖУРНАЛИСТЕРДIҢ IV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетi, Қазақстан Журналистер одағы, Бейбiт Құсанбек атындағы қоғамдық қор Бейбiт Құсанбек атындағы телерадиожурналистердiң IV республикалық байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты — журналист Бейбiт Құсанбектiң шығармашылығын өнеге ете отырып, жас тележурналистердiң шеберлiгiн шыңдау; Ұлттық тележурналистиканың дамуына ықпал ету; жас таланттардың жаңашылдығына жол ашу.

Байқаудың шарттары:

Тележурналистер өздерiнiң 2011 жылдың 1 маусымына дейiн соңғы бiр жылда эфирге шыққан ең таңдаулы бiр немесе екi көрсетiлiмiн (хабарлар, бағдарламалар) байқауға ұсына алады;

Байқауға ұсынылатын жұмыстар miniDV, DVD және VHS форматтарында, сол хабар эфирден шыққан телеарнаның анықтамасы және ұжымның талапкер жөнiнде, оның хабары туралы мiнездеме-кепiлдемесi қоса тапсырылады;

Байқауға қабылданған шығармаларды бағалаудың басты талаптары: жүргiзушiнiң өзiндiк ерекшелiгi, мәдениетi (сөйлеуi, өзiн-өзi ұстауы), парасаты (бiлiктiлiгi, сауаттылығы, бiлiмдарлығы), жаңашылдығы, таңдаған тақырыбын аша бiлуi.

Тәуелсiз сарапшылар бағасын бергеннен кейiн, ақылдастар алқасы жеңiмпаздарды жариялайды.

Байқаудың қорытындысы бойынша жеңiмпаздар журналистердiң кәсiби мерекесi күнi марапатталады.

Байқауға қатысатын материалдар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi журналистика факультетiнiң телерадиожурналистика кафедрасына тапсырылуы тиiс.

Мерзiмi: 2011 жылдың 23 маусымына дейiн.

Мекен-жайы: Алматы қаласы,

әл-Фараби даңғылы 71,

2-оқу ғимараты,

224-бөлме. Анықтама телефоны: 3-77-33-38,

iшкi нөмiрi 1349 немесе 1348.