Жаңалықтар

МАХАББАТ ПЕН ҒАДАУАТ

ашық дереккөзі

МАХАББАТ ПЕН ҒАДАУАТ

Жақында белгiлi ақын, жазушы, сазгер Заида Медеуханқызының "Махаббат құрбаны" атты прозалық еңбегi "КИЕ" инновациялық орталығы баспасында басылып, жарыққа шықты.

Көп қырлы талант иесiнiң бұған дейiн "Iзгi арман" (2008 жыл, "Үш қиян" баспасы) атты жыр жинағы көзi қарақты оқырман тарапынан жылы қабылданған болатын.

Жаңа кiтапқа автордың "Махаббат құрбаны" әңгiмесi мен "Аяулы жанның азабы" хикаяты енiптi.

Қызыл империяның солақай саясатының салдарынан елдiң бетке тұтар азаматтары жазықсыз жапа шеккен едi. Қаламгер шығармаларында содыр саясаттың кесiрiнен шынайы махаббаттарынан ерiксiз айрылған жандардың аянышты тағдыры көркем тiлмен шебер суреттеледi. Бар сезiмнiң патшасы — махаббат туралы толғаныстар, мейiрiмдiлiк пен қатiгездiк, iзгiлiк пен жауыздық, сүйе бiлетiн және сүйгенi үшiн жанын құрбан еткен асыл жандардың iңкәр сезiмдерi мен iшкi күйзелiстерi, бәрi-бәрi сезiмнiң нәзiк қылын шертiп, оқырманды баурайды.

Қазақтың қасiреттi жылдарын жаңаша баяндайтын жаңа туынды оқырмандардың жүрегiне жол тауып, сезiмдерiне қанат бiтiретiнi кәмiл.

Ботагөз ДАСТАНҚЫЗЫ, ХҚТУ-дiң 3-курс студентi