Жаңалықтар

АҚПЕЙIЛДIҢ ЖАНАРЫ ЖАРҚЫРАСЫН!

ашық дереккөзі

АҚПЕЙIЛДIҢ ЖАНАРЫ ЖАРҚЫРАСЫН!

Ақпейiл — үйдiң ортаншы баласы. Кiшкентайынан алғыр, атына заты сай кең пейiлдi. Үш жасында ойнап жүргенде, құлап қалып, көзiн жарақаттап алды. Көзiнiң қарашығына зақым келiп, көру қабiлетi нашарлап, оң жақ көзi қитарланып қалды. 2003 жылдан бастап 8 жасқа келгенше амбулаториялық ем алып, бала өскенше көзге ота жасалынбады. 2009 жылы Астанадағы №2 балалар ауруханасының микрохирургия бөлiмiнде көз қарашығының ағаруы және қитарлық диагнозы бойынша ота жасалды. Өкiнiшке қарай, сәтсiз аяқталып, Ақпейiлдiң көру қабiлетi жақсармай, қитарлануы қалып қойды. Осы отадан кейiн дәрiгерлер Алматыдағы көз ғылыми институтына жолдамамен жiбердi. Бұл жерден де тауымыз шағылып қайтты. Себебi баланың ауырған көзiн емдеу үшiн, сау көзiне ота жасап, қитарлықты тек осылай жөндеуге болады дедi. Бiрақ оған 100 пайыз кепiл бере алмайды екен. Ота тағы да сәтсiз өтiп жатса, сау көзiнен де айырылып қалуымыз мүмкiн деген шешiм айтылды. Сондықтан отадан бас тартып, Астанаға қайта оралдық. Қазiргi таңда кепiл бере алатын ота тек Ресейде ғана жасалады екен. Отбасында Ақпейiлден басқа тағы да 2 бала бар және де көптеген астаналықтар секiлдi пәтер жалдап тұрады. Ресейде жасалатын отаны отбасылық жағдай көтере алмайды. Бала жүрек қашанда үмiтпен соғады. Бейкүнә сәбидiң келешегiнiң кемелдi болуына өз себептерiңiздi тигiзсеңiздер.

Есеп-шоты: KZ306010002001301458 – Абдiғалиева Роза Дабеевна