Жаңалықтар

АЛАШҚА ЖОЛ ТАРТҚАН "АРДА"

ашық дереккөзі

АЛАШҚА ЖОЛ ТАРТҚАН "АРДА"

Алматы қаласында "Арда" жас ақындар үйiрмесiнiң ұжымдық еңбегiмен жаңадан "Арда" газетi дүниеге келдi. Жастарға қызықты түрлi тақырыптарды қамтитын бұл газеттiң өзiндiк ерекшелiгi бар. "Арда ақпарат", "Қазақтың тiлi", "Ақындық – Алланың сыйы", "Әлем әдебиетi", "Сезiм тамшылары", "Қызық шумақтар мен бұзық шумақтар" атты айдарлары бар бұл басылым жастар үшiн аса қызықты мәлiметтер берумен қатар ақындық өнердi мүлде басқа қырынан танытады.

"Арда" газетiнiң жуырда шыққан арнайы нөмiрiнде ҚР Премьер-Министрi Кәрiм Мәсiмовтiң, ҚР Байланыс және ақпарат министрi Асқар Жұмағалиевтiң және ҚР Мәдениет министрi Мұхтар Құл-Мұхаммедтiң құттықтау лебiздерi басылып шықты. Жасөспiрiмдерге рухани қазына сыйлайтын осынау газет баршаларыңыздан қолдау табады деп сенемiз.

Әйгерiм ТӨРЕХАНОВА, ХҚТУ-дiң 3-курс студентi