БЮДЖЕТТIҢ ИГЕРIЛУI МӘЗ ЕМЕС

БЮДЖЕТТIҢ ИГЕРIЛУI МӘЗ ЕМЕС

БЮДЖЕТТIҢ ИГЕРIЛУI МӘЗ ЕМЕС
ашық дереккөзі

Былтыр 80 миллиард салықтық берешектiң тек 200 миллионы ғана бюджетке түскен. Елiмiзде өздерiн "банкрот" деп жариялап, салықтан сытылып кететiндердiң кесiрiнен мемлекет қазынасы зиян шегiп отыр.

Парламент Мәжiлiсiнде 2010 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы баяндаған Есеп комитетiнiң төрағасы Омархан Өксiкбаевтың айтуынша, былтыр Үкiмет республикалық бюджеттiң негiзгi параметрлерiн атқарғанмен, оларды орындау барысында екi мәрте нақтылап, бюджетке 16 рет түзету енгiзген. "Бұл бюджет қаражатының толық игерiлмеуiне алып келдi. 2010 жылдың соңында республика бойынша 37,6 млрд. теңге игерiлмей қалған", – дейдi Есеп комитетiнiң төрағасы. Ол сондай-ақ, үстiмiздегi жылдың 1 сәуiрiне дейiн облыстар игермеген трансферттердiң 8 млрд.-тан астамы республикалық бюджетке қайтарылғанын айтты. Сонымен қатар облыстық бюджеттердегi 7,8 млрд. теңге ағымдағы нысаналы трансферт болғанымен, ол республикалық бюджетке қайтарылуы тиiс. Жергiлiктi атқарушы органдардың бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен арадағы iс-қимыл тетiгi бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын, тиiмдiлiгiн қамтамасыз етпейдi.

Динара Дүрмән