Жаңалықтар

МАТЕМАТИКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН

ашық дереккөзі

МАТЕМАТИКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН

Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бастамасымен 2011 жылғы 11-12 мамырда Астана қаласындағы "Қазақстан" Орталық концерт залында "Қазақстан мектептерiнде математикалық бiлiм беру iсiн дамыту: қазiргi жай-күйi мен даму болашағы" тақырыбында Қазақстан Республикасы математика пәнi мұғалiмдерiнiң I съезi өткiзiлдi.

Съезд өткiзудегi басты мақсат – қазiргi заман қажеттiлiгi мен талаптарына сәйкес математикалық бiлiм берудi жаңғырту.

Съезд жұмысының барысында:

– қоғамның индустриалдық-инновациялық дамуы жағдайындағы математикалық бiлiм беру сапасының өзектi проблемалары;

– математикалық бiлiм беру сапасын арттыру жағдайында педагогтiң кәсiби өсуi;

– математика мұғалiмдерi мен оқытушыларын топтастыру және олардың кәсiби тұрғыда қатынасуы мен тәжiрибе алмасуы үшiн жағдайлар жасау;

– дарынды балалармен жұмыс iстеудiң әдiстемелiк ерекшелiктерi жөнiндегi мәселелер талқыланды.

Съезге елiмiздiң үздiк математика пәнiнiң мұғалiмдерi мен оқытушылары, ғалымдар, бiлiм мен ғылымның көрнектi қайраткерлерi, бiлiм берудiң әртүрлi деңгейiндегi жаңашыл педагогтерi, бiлiм берудi басқару органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және оқу орындарының басшылары мен қызметкерлерi қатысты. Аталмыш iс-шараға Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi мен Премьер-министрi Кеңсесiнiң өкiлдерi, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты мен Мәжiлiсiнiң депутаттары, шетелдiк оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың өкiлдерi шақырылды.

Съезд жұмысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы математика пәнi мұғалiмдерiнiң I Съезiнiң қарары қабылданды. Келешекте "Қазақстан мектептерiнде математикалық бiлiм беру iсiн дамыту: қазiргi жай-күйi мен даму болашағы" тақырыбында материалдар жинағы басылып шығарылатын болады.

Е.БЕКТАС