Жаңалықтар

ТЕАТР ТҮРКИЯДАН ОРАЛДЫ

ашық дереккөзі

ТЕАТР ТҮРКИЯДАН ОРАЛДЫ

Жуырда қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театры Түркия елiне барып қайтты. Түрiктiң Кония қаласында өткен халықаралық түркiтiлдес театрлардың "Мың тыныс, бiр дауыс" фестивалi биыл төртiншi рет "Түркiсойдың" идеясымен өткiзiлдi.

Аталмыш фестивальге театр осымен төртiншi рет қатысып отыр. Фестивальде бар-жоғы он бiр театр өнерлерiн паш еттi. Олардың iшiнде: Македония, Түркияның үш театры, татар театры, башқұрт, украиналықтар, Молдовадағы гагауздар, Солтүстiк Кипрдағы түрiк театры, Чуваш және қазақстандық екi театр: ұйғыр мен қазақ театры бар.

М.Әуезов атындағы академиялық драма театр жазушы Талаптан Ахметжанның "Сұлу мен суретшi" драма-ноктюрнымен қатысты. Спектакльдiң қоюшы режиссерi – Нұрқанат Жақыпбай. Қойылымның композиторы – Кеңес Дүйсекеев, қоюшы суретшiсi – Қабыл Халықов.

Халықаралық сыншылар алқасы әрбiр театрлардың кәсiби деңгейiне баға бердi. Алқа құрамында Қазақстанның Халық әртiсi, профессор Есмұхан Обаев пен өнертанушы, театр сыншысы Әлия Бөпежанова да бар. Әдiл сыншылардан жинақталған топ қазақ театрларының кәciби деңгейiне де жоғары баға берiптi.

Гүлзина Бектасова