ЖАЗЫЛҒАН ЖАЙДЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ

ЖАЗЫЛҒАН ЖАЙДЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ

ЖАЗЫЛҒАН ЖАЙДЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ
ашық дереккөзі

Сәуiр айында Оңтүстiк Қазақстан облысындағы меншiктi тiлшiмiз Бақытжан Әбдiрашұлының "Шымкентте жер дауы өршiп тұр" деген мақаласы жарық көрген болатын. Осы мақалаға орай Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнен өткен аптада ресми жауап алынды. Онда былай делiнген:

ЖЕР ДАУЫ. ТҮЙIН ТАРҚАТЫЛДЫ

"Түркiстан" газетiнде "Шымкентте жер дауы өршiп тұр" деген атпен жарияланған мақала бойынша (№15, 14 мамыр, 2011 ж.) анықтау жұмыстары жүргiзiлiп, Шымкент қаласы жер қатынастары бөлiмiнен түсiнiктеме алынды.

Мақалада көтерiлген Қаражол (Пахтақор) елдiмекенiнде жедел жәрдем стансасы құрылысын салу үшiн берiлген жер телiмiнiң орнын, Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлiмi дайындаған орналасу схемасына сәйкес, iргелес аумақта орналасқан Шымкент қаласының жер қорына енгiзiлген бос жерге ауыстырылған. Жiберiлген кемшiлiктер үшiн тiкелей жауапты Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы бөлiмiнiң жетекшiсi П.Жанбатыров атқарып отырған қызметiнен босатылған.

Мақалада көрсетiлген кемшiлiктер бойынша облыс әкiмi тапсырмасына сәйкес қала әкiмi мен бөлiмдерi және облыстық басқармалар тарапынан ұсыныстар жинақталып, iс-шаралар жасалуда.

Облыс әкiмiнiң мiндетiн атқарушы Б.Оспанов

"Түркiстан" газетiнiң 14.04.2011 жылғы №15 санындағы "Шымкентте жер дауы өршiп тұр" атты мақалаңыз бойынша:

1. "Қайтпас-2" шағын ауданында 320 орындық салынатын балабақша құрылысына "Шымкент қаласының құрылыс бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне "балабақша құрылыстарына iзденiс жұмыстарын жүргiзуге және жобалауға рұқсат беру туралы" Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 04.08.2009 жылғы №1185 санды қаулысы қабылданған.

Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлiмi дайындаған жер телiмiнiң орналасу сызбасына сәйкес балабақша құрлысына қарастырылған жер телiмi 3 жер пайдаланушылар мен меншiк иелерiнiң жерлерiне түседi.

Осы жерлердi алу мақсатында Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң "мемлекет мұқтаждары үшiн жер учаскелерiн алып қою туралы" 23.02.2010 жылғы №305 санды қаулысы қабылданған.

Анықталған жерде орналасқан құрылыс ғимараттары мен жер учаскелерiн мемлекеттiк мұқтаждар үшiн алып қою туралы ескерту жолдау, бағалау, сатып алу және осы қаулының орындалуына бағытталған тиiстi жұмыстарды жүргiзу үшiн "Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" "Шымкент жер" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындарына жолданған.

Жер учаскелерiн мемлекет мұқтаждары үшiн алып қою және меншiк иелерiне жер пайдаланушыларға өтемақы төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының Жер кодексiнiң 84, 85, 86, 87, 88, 89, 166 баптарына сәйкес жүргiзiледi.

"Қайтпас-2" шағын ауданындағы балабақша құрылысына қарастырылған жер телiмi бойынша қабылданған Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң мемлекет мұқтаждары үшiн жер учаскелерiн алып қою туралы 23.02.2010 жылғы №305 санды қаулысына сәйкес, азамат Аль Шами М.Басам Ахмет алаңы 4800 шаршы метр екi жер телiмi және азамат А.С.Тоқтыбаеваның алаңы 2400 шаршы метр жерiне түседi.

Жүргiзiлген келiссөздер барысында, азамат Аль Шами М. Басам Ахмедке мемлекет мұқтажы үшiн алынған алаңы 4800 шаршы метр жер телiмiнiң орнына 3,3 млн. (3 300 000) теңге өтемақы төленген. Ал азамат А.Тоқтыбаеваға Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң мемлекет мұқтаждары үшiн жер учаскелерiн алып қою туралы 23.02.2010 жылғы №305 санды қаулысының қосымшасындағы 13-тармағының "19-309-061-3386" сөздерi "19-309-061-3336" сөздерi Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 28.02.2011 жылғы №162 санды кейбiр қаулысына өзгерiстер енгiзiп, мемлекет мұқтажы үшiн алынатын алаңы 2400 шаршы метр жер телiмi орнына тең бағалы жер телiмi берiлетiндiгi немесе нарық бағасымен жер телiмiне өтемақы төленетiндiгi туралы 28.02.2011 жылғы №1647 ескерту хаты жолданған.

Жүргiзiлген келiссөздер барысында аз.А.С.Тоқтыбаева кадастрлық нөмiрi: 19-309-061-3386 санды алаңы 2400 шаршы метр жер телiмi үшiн 10 млн. теңге талап еткен. Алайда жер телiмiнiң бағалау құны ол бағаға сәйкес келмейтiндiгi ескертiлдi, қазiргi кезде ескертулерге және келiссөздерге байланысты аз.А.С.Тоқтыбаева жер телiмi үшiн 7 млн. теңге талап ететiндiгiн алға тартуда.

Алдағы уақытта талап етiлiп отырған өтемақы жер телiмiнiң нарық бағасына сай келмеген және келiссөздер сәтсiз аяқталатын жағдайда аз. А.С. Тоқтыбаеваның жер телiмi бойынша туындаған жер қатынасы дауы Қазақстан Республикасының Жер кодексiнiң 167 бабына сай сот арқылы шешiледi.

Құрылыс жұмыстарын уақтылы жүргiзу үшiн және бөлiнген қаржыны тиiмдi игеру мақсатында жоғарыда баяндалған мәселелерге қарамастан "Қайтпас-2" шағын ауданында орналасатын 320 орындық балабақша құрылысына "Шымкент қаласының құрылыс бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне тұрақты жер пайдалану құқығын беру туралы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 26.04.2010 жылғы №542 санды қаулысы қабылданып, кадастрлық №19-309-506 жер учаскесiне сәйкестендiру актiсi дайындалған.

2. Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлiмi дайындаған жер телiмiнiң орналасу сызбасына сәйкес Қаражол елдiмекенiндегi жедел жәрдем көрсету станциясының құрылысын салу үшiн қарастырылған жер пайдаланушылар мен меншiк иелерiнiң жерлерiне түседi. Осы жерлердi алу мақсатында Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң мемлекет мұқтаждары үшiн жер учаскелерiн алып қою туралы 01.06.2010 жылғы №750 санды қаулылары қабылданған.

Анықталған жерде орналасқан құрылыс ғимараттары мен жер учаскелерiн мемлекеттiк мұқтаждар үшiн алып қою туралы ескерту жолдау, бағалау, сатып алу және осы қаулының орындалуына бағытталған тиiстi жұмыстарды жүргiзу үшiн "Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" "Шымкент жер" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына жолданған.

Алайда құрылыс жұмыстарын жүргiзу үшiн қарастырылған жер телiмдерiнiң жер пайдаланушылары мен меншiк иелерi мемлекет мұқтаждары үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығаруға келiсiм бермедi.

ҚР Жер кодексiнiң 84-бабына сәйкес, жер учаскесiн ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшiн, бұл мұқтажды басқа тәсiлмен қанағаттандыру мүмкiн болмаған және мүлiктi тең құнымен өтеген жағдайда сол шешiмi бойынша мәжбүрлеп иелiктен шығаруға болады делiнген.

Жер пайдаланушылар мен меншiк иелерiне келтiрiлген шығынды толық көлемде өтеуге бюджеттен бөлiнетiн қажеттi қаржыны үнемдеу және жедел жәрдем стансасының құрылысын салу мәселесiн тездетiп шешу мақсатында "Оңтүстiк Батыс мал және өсiмдiк шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС-нан 140,3 га жер телiмi айырбастау келiсiмшарты негiзiнде алынып, Шымкент қаласының жер қорына енгiзiлдi.

Қаражол (Пахтақор) елдiмекенiнде жедел жәрдем стансасы құрылысын салу үшiн берiлген жер телiмiнiң орнын Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлiмi дайындаған орналасу схемасына сәйкес, iргелес аумақта орналасқан Шымкент қаласының жер қорына енгiзiлген бос жерге ауыстырылды.

"Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем көрсету стансасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнына "Қаражол" елдiмекенiнде жедел жәрдем стансасын жобалау мен құрылысын салу үшiн 0,5 га жер учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығын беру туралы Шымкент қаласының әкiмдiгiне 15.10.2010 жылғы 1619 санды қаулысы қабылданғанын мәлiмдеймiн.

Бөлiм бастығы С.Жансейiтов