Жаңалықтар

ҚЫТАЙДАҒЫ ЛАЙ КӨШКIНI

ашық дереккөзі

ҚЫТАЙДАҒЫ ЛАЙ КӨШКIНI

Табиғаттың тосын мiнезi алып мемлекеттердi де әбiгерге салуда. Жақында ғана АҚШ-та болған жойқын торнадоның салдарынан 340 адам құрбан болса, кеше Қытайдың оңтүстiгiнде толассыз жауған нөсерлi жаңбырдың кесiрiнен сел жүрiп, тас өндiретiн карьерде iстейтiн жұмысшылардың жатақ үйлерiн лай көшкiнi басып қалды.

Вьетнаммен шекаралас аймақта болған оқиға халықтың зәресiн ұшырды. Әзiрге лай астында қалған 20-дан астам қарапайым жұмысшының тағдыры беймәлiм. Апат орнына жеткен құтқарушылар мен полиция қызметкерлерi лайдың бетiн аршып, аман қалған жандарды тез арада табу үшiн жандәрмен кiрiсуде. Оқиғаның мән-жайын анықтаған мамандар сел мен лай көшкiнiнiң жүруiне өткен аптаның аяғында соққан дауыл себеп болған деседi. Сол кезде Гуйлинь қаласында демалып жатқан 130-ға жуық туристер демалыс үйлерiнен шыға алмай, қамалып қалған. Осы маңда таяуда ғана "Астана арланс" және "Париж юнайтед" клубтарының боксшылары жекпе-жек өткiзгенi есiмiзде.

Соңғы мәлiметтерге сәйкес, жедел iздестiру штабы Қытайда таудан жүрген лай көшкiнiнiң салдарынан 14 адам қаза тапқандығын жариялады. Үйiндi астында қалған 8 адамның тiрi не өлi екенi белгiсiз. Толассыз нөсер тас өңдеу зауытын басып тастаған. Қазiр апат болған орында құтқару жұмыстары жүрiп жатыр.

Динара ДҮРМӘН