Жаңалықтар

ШIЛДЕГЕ ШЕГЕРIЛГЕН "KazSat-2"

ашық дереккөзі

ШIЛДЕГЕ ШЕГЕРIЛГЕН "KazSat-2"

"KazSat-2" жер серiгiн Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшыру мерзiмi кейiнге ысырылып келедi. “10 маусымда ашық ғарыш айлағына жiберiлетiн жер серiгi ендi шiлдеде ұшырылады”, – деп мәлiмдедi ғарыштық байланыстар орталығының директоры Виктор Лефтер "ИА-НОВОСТИ Қазақстан" сайтына берген сұхбатында.

Ресейдiң орталық аэрогидродинамикалық институты "KazSat-2" жер серiгi iске жарамды деп мәлiмдеп отыр. Аталмыш институт қазақстандық жер серiгiн ағымдағы жылдың наурыз айында сынаққа алған. "Наурыз айында Орталық аэрогидродинамикалық институтының ұшу аппараттарының конструкциялық ресурс бөлiмi KazSat-2 жер серiгiнiң жаздық үлгiсiн сынаққа алды. Небәрi 5 күннiң iшiнде трансдыбысты ұшу мен iске асырудың модельдiк кезеңiнiң акустикалық сынақтары аяқталды. Жер серiгiн орбитаға шығару барысында оған әсер ететiн акустикалық қысым РК-1500 реверберациялық камерасында бейнеленген. Сондай-ақ ғарыш аппаратын максималды жылдамдықта трансдыбысты ұшыру барысында жер серiгiне жоғарыжиiлiктi қысым әсер еттi" – деген мәлiмдеме жарық көрдi инситут сайтында.

Сонымен қатар мәлiмдемеде: "Өткiзiлген акустикалық жүктеу ғарыш аппараттарының жаздық үлгiсiнiң қабылдау-өткiзу сынағының негiзгi бөлiгi болып табылады. Сынақ нәтижесiнде ғарыш аппаратының iске жарамдылығы және сапасы дәлелдендi" – делiнген.

Виктор Лефтер жер серiгiн ұшыру мерзiмiн кейiнге ысырудың себебiн баяндап өттi. Лефтер мердiгерлер жер серiгiнiң кей кемшiлiктерiн әлi де түзетпегенiн алға тартып отыр. "Олар ғарышта ақауларды жөндей алмас. Сондықтан жөндеу жұмыстарын жерде жасағаны абзал. Бiз орталық мамандарымен келiсуге мәжбүр болдық" – дедi Виктор Лефтер. Лефтердiң мәлiмдемесiн РИА-Новости агенттiгiне ақпарат берген ресейлiк ғарыш-зымыран саласының мамандары да растағандай. "Әзiрге ғарыш аппаратының жұмысында аз-кем ақаулар бар. Мамандар жер серiгiн iске асыру уақытына, яки маусым айына дейiн барлық ақауларды жөндеуге тырысады. Егер мамандар ол мерзiмге дейiн үлгермесе, жер серiгiн ұшыру шiлде айына ысырылады", – деп мәлiмдедi ресейлiк ғарыш-зымыран саласының маманы.

2006 жылы ғарыш айлағына жөнелтiлген ең алғашқы жер серiгi араға екi жыл салып көзден ғайып болды. Елiмiздiң ғарыш айлағындағы бағдарламаларды жүзеге асыратын екiншi жер серiгiн құрастыру барысында Қазақстан тарапы құрастырушыларға қатаң талаптар қойған-ды. Әуелгi жер серiгiн, яғни "KazSat-1"-дi Ресейдiң Хрунчев атындағы ғылыми-өндiрiстiк ғарыш орталығы құрастырған болатын. "KazSat-2" ғарыш аппаратын да аталмыш орталық құрастырып отыр. KazSat-2"-нi ұшыру мерзiмi бұған дейiн де бiрнеше рет кейiнге ысырылған едi. Алғаш рет жер серiгi 2010 жылдың желтоқсанында ғарышқа аттанатыны мәлiм болған. Алайда Ресей тарапы құрылғыны өңдеу жұмыстарына әлi де уақыт қажет екенiн алға тартып, ұшыру мерзiмiн кейiнге ысыруды өтiнген. Онан соң Қазақстан тарапының бiрқатар талаптарына сәйкес жер серiгiн ағымдағы жылдың наурыз айында ұшыру көзделген. Үшiншi рет ұшыру мерзiмi маусым айына белгiлендi. Ендi мiне, ғарыш аппаратындағы кiшiгiрiм ақауларға байланысты ұшыру мерзiмi 10 шiлдеге ысырылып отыр.

Әйгерiм БАҚЫТҚЫЗЫ