КҮМБIРЛЕГЕН "КҮЙ-МҰҚАҒАЛИ"

КҮМБIРЛЕГЕН "КҮЙ-МҰҚАҒАЛИ"

КҮМБIРЛЕГЕН "КҮЙ-МҰҚАҒАЛИ"
ашық дереккөзі

Таяуда Алматы облысы Жамбыл аудандық мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына арналған "Жайнай бер, Қазақстан" атты академиялық концерт болып өттi. Бұл жолы мәдениет сарайының сахнасында ауданның "Өнер мектебiнiң" балғын өнерпаздары жұртшылыққа өздерiнiң кезектi есеп беру концертiн тарту еттi. Сахна төрiне көтерiлген жас өнерпаздар Жамбылдың, Үмбеталының жырларын, Нұрғисаның күйлерiн орындап, мың бұрала би билеп, ән шырқап тыңдаушыларын риза еттi. Ал өз кезегiнде сөз алған жазушы – журналист Орысбай Әбдiлдаев жас өнерпаздарға ақ батасын бердi.

Мәдени шара соңында өнер мектебiне Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттiк филармония ұжымының құттықтау хатын жеткiзiп, сөз алған күйшi Талап Қараш өзiнiң туындысы "Күй-Мұқағалиды" күмбiрлетсе, белгiлi музыкант Жанат Ерманов басқарған үрмелi аспаптар квинтетi тыңдаушыларын классикалық музыкамен сусындатты.

"Түркiстан-ақпарат"