Жаңалықтар

ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДАРДЫ ТӘРБИЕЛЕЙТIН ҰЙЫМДАР ЖЕҢIМПАЗ БОЛДЫ

ашық дереккөзі

ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДАРДЫ ТӘРБИЕЛЕЙТIН ҰЙЫМДАР ЖЕҢIМПАЗ БОЛДЫ

Жуырда Астанадағы "Rixos" қонақ үйiнде Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi "Еңбек нарығы, техникалық және кәсiптiк бiлiмдi дамытудың болашағы" атты республикалық конференция өткiздi.

Бүгiнде техникалық және кәсiптiк бiлiмге (ТжКБ) қазiргi уақытта айрықша мән берiлiп отыр. Қазiргi таңда техникалық және кәсiптiк бiлiм мемлекет басшысының әлем деңгейiндегi колледждер құру туралы тапсырмасы тұрғысында байсалды даму табалдырығында тұр. Сондықтан көрсетiлген сұрақтарды тағы бiр талқылап, бiртұтас пiкiрге келу қажеттiлiгi туындап отыр.

Конференция жұмысына мүдделi мемлекеттiк органдар, үкiметтiк емес ұйымдар, жұмыс берушiлердiң салалық бiрлестiктерi, ұлттық компаниялар, шетелдiк компаниялар, салалық кәсiподақ бiрлестiктерi, халықаралық ұйымдар, оқу орындары және олардың әлеуметтiк әрiптестерi, сарапшылар қатысты.

Сонымен бiрге конференция аясында "Техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орнының үздiгi" атты Республикалық конкурсының жеңiмпаздарын марапаттау салтанаты өткiзiлдi.

Республикалық конкурс техникалық және кәсiптiк бiлiм жүйесiн жетiлдiру, насихаттау, беделiн арттыру, кадрларды кәсiби даярлау сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi тәжiрибенi тарату мақсатында өткiзiлген.

Республикалық конкурсқа "Техникалық және кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орнының үздiгi" атты аймақтық конкурс жеңiмпаздары – 38 үздiк оқу орындары қатысқан. Әдiл-қазылар алқасында "Нұр Отан" ХДП, "Атамекен Одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы, ENRC, Halliburton, British Council компаниялар өкiлдерi болды.

Конкурстың әдiл-қазылары шешiмiмен: металлургия саласы, энергетика саласы, тау-кен саласы, құрылыс саласы, ауыл шаруашылығы саласы бойынша кадрлар даярлайтын 16 үздiк техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары жеңiмпаз атанды.

British Council "Инновациялық және креативтi оқу орындары" атты номинациясы бойынша 6 оқу орнына сыйлықтар тағайындады.

Г.Тұрғанбайқызы