“Күлмесханды” күлдiрген драматург Қалтай Мұхамеджанов туралы естелiк-эссе

Телефон шырылдады. Көтердiм. "Түркiстан" газетiндегi әрiптес iнiм Көлбай екен. Аман-саулықтан соң:

– Қалтай Мұхамеджанов туралы мақала жазасыз ба? – дедi тапсырма бергендей сыңай танытып. Ойланып қалдым. Қалағаңның қаламынан шыққан туындылардың мазмұн-мағынасын тәспiдей тiзiп, тәптiштегеннен не ұтам? "Бөлтiрiк бөрiк астында", "Құдағи келiптi", "Қуырдақ дайын", "Өзiме де сол керек" сияқты комедиялары мен "Жат елде", "Бiз перiште емеспiз", Ш.Айтматовпен бiрiгiп жазған "Көктөбедегi кездесу" атты айдарынан жел ескен пьесалары өз заманында бағасын алып қойған. Қайталап қайтем. М.Горькийдiң "Тоғышарлар", С.Айнидiң "Құлдар", Айбектiң "Киелi хан", А.Қаһардың "Ауру тiстер", Ш.Айтматовтың "Ана-Жер-Ана", "Арманым Әселiм" пьесалары мен "Ақ кеме" повесiн, сондай-ақ Шығыс классикасы "Мың бiр түн" секiлдi шырайлы шығармаларды аударып, қазақ оқырмандарына қауыштырған еңбегi ұшан-теңiз. Оның бәрi көзiқарақты оқырманға мәлiм. Одан гөрi ойыма от тұтатып, естелiк жазғаным дұрыс шығар деп топшыладым.

Ойлы дүниесiмен оқырмандардың мейiрiн қандырған Қалағаң едi-ау! Алла Тағаланың тұла бойына тұндырған рухани байлығын адамзатқа сыйлап кеткен айтулы тұлға.

БҮЙЕНБАЙ ДЕСЕ БҮЙРЕГIМ БҮЛКIЛДЕЙДI

Қалағаңа деген құштарлығым, тәнтiлiгiм мен ынтызарлығым он жетi жасымнан басталды. Мектептi бiтiргесiн Отырар аудандық халық театрында әртiс боп iстедiм. Мәдениет бөлiмiнiң меңгерушiсi Көмекбай Мұсаев бiр жылда төрт спектакль қойды. Соның бiрi – Қалтай Мұхамеджановтың "Қуырдақ дайын" комедиясы. Әуелi көп көрiне бермейтiн Болаттың рөлiнде ойнадым. Сосын "Жаратқан жақсылыққа бастап жүр ме, түсiмде қызыл түлкi сойып жүрмiн!" деп спектакльдiң басынан аяғына шейiн әндетiп жүретiн басты кейiпкер Ережептiң рөлiн маған бердi. Қуақы сөз, қунақы қимылмен жәдiгөйдiң бейнесiн шығару оңай болған жоқ. Жаспыз ғой. "Осыншама сөз бен ойнақы әрекеттердi қалай тапқан?" деп таңырқайтынмын. Одан кейiн студент кезiмде ойда жоқта "Қазақ әдебиетi" газетiнiң қызметкерлерiмен кездесуге бара қалдым. Ой, қуанғаным-ай! Алғаш рет Қалтай ағаны тiрiдей көрдiм. Тай жарысқа қатысқан балалар секiлдi кiлең шикiлi-пiсiлi студент-ақындар өлең оқыды. Жүрегiм дүрсiлдедi. Жыр-жарыстан қалай қалам? Бiрақ қойны-қонышымда дайын өлең жоқ. Сонда да сұранып сахнаға шықтым. Қалтай ағаның "Қуырдақ дайын" комедиясындағы ең күлкiлi тұздықты тұстарынан үзiндiнi жатқа оқыдым. Басқаны қайдам, Қалағаң мәз:

– Сықақ жазасың ба? – деп сұрады.

– Жазам! – дедiм.

– Оқышы! – дедi. Оқыдым. Жатқа.

– Осы өлеңдерiң қазiр өзiңде бар ма? – дедi.

– Жоқ! – дедiм.

– Онда ертең редакцияға әкел. Келiстiк пе? – деп шегеледi. Апардым.

Бiр аптадан соң "Қазақ әдебиетi" газетiнiң соңғы бетiндегi "Бүйенбайдың пұшпағы" атты әзiл-оспақ айдарында жарияланды.

Сатирамның кiндiгiн Оспанхан Әубәкiров, ал тұсауымды Қалекең кестi.

КӨЗ ЖАСЫ

Ержеттiк. Есейдiк. Тағдырдың бұйыртқаны шығар, күндердiң-күнiнде Қалағаң саяси-сатиралық "Ара-Шмель" журналына Бас редактор боп келе қалды. Мен о кiсiнiң орынбасары – жауапты хатшымын. Қалтай ағаға ұжымдағы журналистер қолқа салды.

– Сiздiң атақ-абыройыңыз бар. Жоғары жаққа барып… "түйе сұрасаң, бие бередi" бес-алты пәтер сұраңызшы. Құрығанда бiр-екi үй беретiн шығар, – дедiк.

– Е-е, пұшаймандарым-ай, ел-жұрттың сөзi елеуiшке су құйғандай боп тұр ғой қазiр, – дедi де самайын сипады. Көп ұзамай Орталық партия комитетiне идеология хатшысы болып келген Өзбекәлi Жәнiбеков "Дәуiр" баспасының мәжiлiс залында бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiмен кездестi. Лауазымды баспасөз басшылары бiрiнен кейiн бiрi шығып, жаттанды ой-пiкiрлерiн ортаға салғансыды. Кезегi келiп, мiнбеге көтерiлген Қалтай аға:

– Өзеке, – дедi байсалды кейiппен, – "Ара-Шмель" журналында қызмет iстейтiн қыруар журналистiң көз жасын жинап ем, екi бөтелке болды. Соны есiгiңiздiң алдына төгейiн деп ем, сiз тайып жығыла ма деп төкпедiм. (Жұрт күлдi). Журналистер жарқын жүзбен жұмыс iстеу үшiн ең бiрiншi баспана керек. Бiзде Қажытай Iлиясов деген фельетонист… Өзi осында отырған болу керек. Қажытай, барсың ба? (Ол орнынан атып тұрды). Осы Қажытай үй сұрап арыз жазғанда Сталин марқұм тiрi екен. (Жұрт ду күлдi).

Майдан қыл суырғандай арыз-шағымды да айта бiлудiң үлгiсi ғой бұл. Арада апта өтпей-ақ Қажытай екi бөлмелi жаңа үйдiң кiлтiн ұстады һәм бiр бөлмелi бұрынғы пәтерi өзiне қалдырылды.

ҚАЛТАЙ АҒАНЫ ҚАБЫЛДАДЫМ

Әдетте Қалағаң сиыр сәскеде жұмысқа соғады да, журналдың оны-мұнысын орнына қойып реттегесiн қайтып кетедi. Соны бiлiп алғанбыз. Бiр күнi түстен кейiн Қалағаң тығыз шаруамен редакцияға соғып менi iздесе… Жоқпын. Екiншi күнi iздейдi. Жоқпын. Үшiншi күнi сұрастырса, тағы да табылмай қалғанмын. Сонда Қалтай аға қабылдау бөлмесiндегi хатшы қызға:

– Ай, Айнаш, – дептi, – жауапты хатшыға айтыңызшы. Ертең қолы тисе, сағат үште менi қабылдасыншы!..

Оны естiп iшек-сiлемiз қатты. Бiр-ақ сөзбен талай нәрсенi аңғартқан ағам-ай…

ТАМТЫҒЫ ҚАЛМАҒАН ТАУЫҚ

…Түркiстанның 1500 жылдығына байланысты "Асар" қорын құрамыз деп Қалтай Мұхамеджанов, Шерхан Мұртаза, Камал Смайылов, Өмiрзақ Айтбайұлы, тағы басқа зиялы қауым өкiлдерi бас қосты. Дастарқанға қара уылдырық, қызыл уылдырық келдi. Шер-ағаң қарап отырмай Қалтай ағаны қажады:

– Қалаға, осы қара икра мен қызыл икраның айырмашылығы неде? – дедi. Сол сәтте профессор Құлбек Ергөбектiң тiлi қышып:

– Қызыл икра жесеңiздер, жеңгемiздi қанағат тұтып үйлерiңiзге қайтасыздар. Қара икра қаужасаңыздар, қатын iздеп, қаңғып кетесiздер! – дедi қаси сөйлеп. Сонда Қалтай аға:

– Оһ, айтқышым-ай, – дедi мұрнын майыстыра сипап қойып, – осы шiркiндердi шешесiмен қосып жұтсам да маған түк әсер етпейдi.

Дастарқанда отырған ашқарақтау бiр оқымысты кiсi пiскен тауықты тұтастай тарелкасына салып ап, құйрығынан мойнына шейiн паршалап жегенiн аңғарған Қалтай аға қағыс жiбермей:

– Әй, жолбарысым-ай, осы тауықтың қораздан кейiнгi қызығын өзiң көрдiң-ау! – дедi.

МАЙМЫЛ НЕГЕ ДАМЫМАЙ ҚАЛҒАН?

"Шешен сөйлеу мен шебер жазудың арасы жер мен көктей" деп өзi айтқандай, шешендiк пен шеберлiктi тең ұстаған ағаның кейде шерлi, кейде шежiрелi, ендi бiрде езу жиғызбайтын әңгiмелерiнiң желiсiн бұзбай, диктофонға жазып алмағаныма өкiнем.

Ұшан-теңiз бiлiмпаздығына, әсiресе ауыз әдебиетi үлгiсiндегi әсерлi әңгiмелерiне аузымызды ашып, көзiмiздi жұмып таңырқасақ, о кiсi "Әбiш – феномен ғой!" деп Кекiлбаев iнiсiне тәнтi боп отырады да әңгiмесiн әрi қарай өрбiтедi:

– Мектептегi ағайларымыз "Адам маймылдан жаратылған!" деп оқытты. Бiз бiрақ оған сене бермейтiнбiз. Неге? Адам – маймылдан артық. Ақыл-ой иесi. "Ал маймыл неге дамымай қалған?" деп ойлайтынбыз. Кейiнiрек кiтаптарды парақтасақ, бұл туралы талай ғалымдар таласқан көрiнедi. Сонау 1925 жылы дiн иесi Введенский айтыпты: "Бiз маймылдан шықтық" деген көзқарастың орнығуына соншалықты құштар емеспiн. Сiздер, материалистер, туысқандарыңыздың кiм екенiн жақсы бiлесiздер" деп, оларды маймылдардың қатарына қойған ғой. Сол тұста Луначарский былай дептi: "Әу баста хайуаннан жаратылып, ақыл-ойының арқасында адам дәрежесiне көтерiлгендер артық па, әлде Алла Тағаланың жаратқан пенделерi қайтадан хайуанға айналып жатса, солар артық па? Бiлмеймiн, әйтеуiр Введенский айтқандай адамдарды аңдармен туыстырып жатса, хайуандарға обал-ақ", – дептi.

МИЛЛИОН ДОЛЛАРДАН БАС ТАРТҚАН СҰЛУ

Орыстың әйгiлi әртiсi Юрий Никулиннiң Мәскеудегi өнерiн түрiк сықақшысы Әзиз Несин екеуi қатар отырып тамашалаған. Ел екi сағат бойы езу жимай, қыран-топан күлкiнiң астында қалғанда Әзиз Несин ең болмаса бiр рет те жымимапты. Әлемге әйгiлi әзiлкештен соның себебiн Қалтай аға сұрағанда:

– Сiздер ұсақ-түйекке күлетiн ең бақытты ел екенсiздер, бiздер әлi ондай дәрежеге жеткен жоқпыз! – дептi.

Кейiнiрек Қалтай аға Ыстамбұлдағы Әзиз Несиннiң үйiнде қонақта болғанын әңгiмеледi. Жарықтық Әзиз бей жаны қалмай зыр жүгiрiп, бүкiл үй шаруасын өзi атқарғанын байқапты. Тiптi есiгiнiң алдындағы ешкiлерiн де өзi сауып жатқанын көргенде:

– Сiздiң қолыңыздан келмейтiн шаруа жоқ екен-ау! – деп көтермелей сөйлесе:

– Менiң қолымнан бiр-ақ нәрсе келмейдi, – дептi де жұмбақ күйiнде сөзiнiң соңын жұтып қойыпты. Сәл үнсiздiктен кейiн:

– Менiң қолымнан бала туу ғана келмейдi! – дептi.

Ыстамбұлға барған тағы бiр сапарында Түркияның өнер жұлдызы Фатима Гэрек деген бикеш Қалтай ағаны үйiне шақырыпты.

– Ойпырмай, шартарапты шарлап жүрiп мұндай сұлу әйел көрмедiм! – дедi ағамыз тамсанып. – Сұлулығы сондай, бiр қасық сумен қылқ еткiзiп жұтып қойғың келедi. Өзiнiң тағдыры да қызық. Әкесi ерте қайтыс болыпты. Жастайынан жетiм қалып, жадау-жүдеу күн кешкен. Екi-үш ешкiсiн сауып, соның сүтiн сатып күн көрiп жүрген кезiнде Американың бiр киностудиясы басты рөлде ойнайтын түрiктiң жас сұлу қызына конкурс жариялапты. Жеңiмпазға – 1 миллион доллар! Сол сынақта 16 жастағы Фатима Гэректiң бағы жанып, Америка киносына түсетiн болған. Оны бүкiл баспасөз сүйiншi сұрағандай қуана жарнамалап, бiр-ақ күнде аты-жөнi мәшһүр болған. Алайда жарты айдан соң Түркияның күллi баспасөзi "Фатима Гэрек миллион доллардан бас тартып, киноға түспейтiн болды!" деп жарыса жазған. Себебiн сұраған журналистерге "Мен негрдiң еркегiмен төсек қатынасында болуым керек екен. Түрiк Аналарының абыройы мен намысы үшiн бас тарттым" деп жауап қайырған. Мұны естiп құлақтанған Түркия Президентi жас қызды қабылдап, оған 5 миллион доллар сыйлаған. Кейiнiрек жеке киностудия салдырып берген. Мiне, ұлт мүддесi үшiн жасалған ұлағатты тiрлiк!

Редакцияда iстейтiн Қажытай, Тоқтархан, Толымбек бәрiмiз байсалды әңгiмеге басымызды шайқап таңырқадық.

ТОП ШЕҢГЕЛ

Еменнiң қарсы бiткен бұтағындай ер мiнездi Қажытай ағамыз бiр сықақшының жарты жол жатыпатар өлеңiн ұсынды. Оқыдым.

Ағамыз жүр жайлауда жылқы бағып,

Месбай шықпайды үйiнен жылтың қағып.

– Мынау әншейiн әлжуаз дүние ғой, – деп ем, Қажекең:

– Солайы солай, өзiм де бiлiп тұрмын, кәрия. Қол қоя салшы, аты-жөнi таныла берсiн, – деп қолқалады. Жауапты хатшы ретiнде қолымды қонжитып, Қалағаңның алдына апардым. Ол кiсi көз жүгiрттi де:

– Әй, Көбен-ай, Көбен-ай, (менi солай атайтын) көрмейсiң десем, көзiң бар. Көкжасық дүниеге көзiңдi жұмып қарағаның не? – деп кейiдi де, көсiлiп әңгiмеге көштi. – Шiркiн, қазақтың қара өлеңдерi-ай!

Көкаланың үйiрi көл айналсын,

Жаның шығып бара ма, көз байлансын.

Мiне, өлең! Мiне, әдептi әдебиет!

Есiк алды топ шеңгел,

Топ шеңгелге келсең кел.

Топ шеңгелге келуге,

Өзiңе өзiң сенсең кел.

Бiр қарағанда астарынан махаббаттың аңқыған исiн сезесiң бе? Сезесiң. Ал осы шумақты бұрмалап, сатираны топ шеңгелге теңесек, "шеңгелге" өзiне-өзi сенгендердiң келгенi дұрыс, – дедi.

Тоқсаныншы жылдары "топ шеңгел" секiлдi "Ара-Шмель" журналы нарық қыспағына байланысты шықпай қалды. Қатты уайымдаған Қалағаңның аузынан "Ара" жабылғаны – қазақ сатирасының қара жамылғаны" деген қанатты сөз қалды.

ДИЮ ЖЕТЕКТЕГЕН ДРАМАТУРГ

Ертеректе Қалмахан Әбдiқадыров аударған "Мың бiр түн" хикаясы бар-жоғы төрт том ғана деп ойлайтынбыз. Қалтай ағаның дерегi бойынша оның ұзын-ырғасы 210 том екен. Араб елдерiнде соның ықшамдалған сегiз томы мектеп оқушылары үшiн хрестоматия үлгiсiнде ұсынылған. Қалағаң сол сегiз томның төртеуiн аударып үлгердi. Мен сол араб ертегiсiнiң желiсiмен 1991 жылы Қалағаң туралы пародия жаздым. Мiне соның ықшамдалған нұсқасы…

…Мың екiншi түн. Таң атты. Шаhризада төсегiне жатты. Келесi кеште:

– Ей, ұлы бақытты патшам! – дедi Шаhризада. – Ендi сiзге Қалтай қожаның Диюдан қалай құтылғаны туралы хикая айтайын.

Жаратқан жаппарға шүкiршiлiк еткен Қалтай қожа маңдайын сәждеге тигiзiп, намаз оқымаса да соно-о-оу Мекке, Мәдинеге барып: "Лә иллаhа иллалла, Мұхаммед расулалла. Мұсылманмын расында!" деп Құдайға құлшылық қылды да, тәбәрiк ретiнде бiр құмыраны құшақтап, Алматыдағы үйiне қайтты. Күндердiң күнiнде "Қу құмыраның iшiнде не бар екен?" деп ойлады. Көзi қызығып, көзенiң қақпағын ашып едi, алпамсадай Дию атып шықты да, Қалтай қожаның аяғына жығылып, жалбарынды:

– О, Сүлеймен пайғамбар! Сiзге жолықтырған Алла Тағалаға бұ жалғанда разымын. Әмiрiңiзге құлдық!..

– Ғафу етiңiз, мен Дәуiтұлы Сүлеймен пайғамбар емес, Қалтай Мұхамеджановпын.

– Қойыңызшы, сiз шынымен Сүлеймен пайғамбар емессiз бе?

– Өтiрiк айтып өле алмай жүр дейсiз бе? Пайғамбар емес, драматургпiн.

– Е-е, ендеше түсiнiктi, – дедi Дию. – Пайғамбар болмасаң, онда жеткен жерiң осы. Қазiр қазықтай қағамын да…

– Дию-ау, күнәм не? Құмырадан құтқарғаным ба? Онсыз да көрген құқайым аз ба едi, Құдай?!

– Қалтайжанды шошытқан қандай құқай? – дедi Дию.

– Ол өзi ұзақ хикая. Мұрсат берсеңiз қысқаша баяндайын.

…Ерiнбеген етiкшi, жалықпаған жазушы болған заманда Әлжаппар ағамыздың бiр кiтабы Жазушылар одағында талқыланды. Мәселе бiреу: оның шығармасы мемлекеттiк сыйлық беруге лайық па? Жарықтықты жүндей түтiп, киiз басқандай тепкiлеп қарсы шығайын десе – қаламгердiң бәрi қаймығады.

– Мына кiтапқа сыйлық беруге бола ма? – дедi Ғабит Мүсiрепов.

– Болады! Бiрақ сыйлықты Әлжекеңнiң кiтабын ерiнбей-жалықпай оқып шыққан адамға беру керек!" дедiм. Сол сол-ақ екен, соңыма шырақ алып түстi. Айыпқа бұйырмаңыз, сiз сол Әлжекең жiберген Дию емессiз бе?

– Доғар! – деп долданды қара дәу, – Дию ұстап, Дию жұмсайтындай қазiргi жазушылардың қайбiр қауқары бар? Осы ма құқайың?

– Мен не көрмедiм, Дию аға! Шоқпарын сүйреткен Шона пiрәдар: "Ойбай, кiтабымдағы қылыштай өткiр қыршаңқы сөздердi Қалтай ұрлап алып, өзiнiң комедиясына пайдаланды!" деп қара аспанды қақ айырып аттан салғасын, Жазушылар одағында менiң мәселем қаралды. "Сөз ұрлағам жоқ!" десем, сенбейдi. "Нан ұстайын, Құран ұстайын, Шөке, сiзден сөз ұрласам, басқан iзiм артымда қалсын!" деп қарғансам да қарамайды. Амалым таусылып, ақырғы уәжiмдi айтуға мәжбүр болдым. "Шонадан сөз ұрлағанша, соқырдан көз ұрлағаным артық!" дедiм. Бiттi! Дау шықты.

Тағы бiр құқайдан құтылғанымды айтайыншы. Көрер жарығым бар екен, Брежнев деген патшаның тұсында бiздiң бiр ұлық басымды алмадай қағып ала жаздады.

– Дiкiлдемей, тiгiсiн жатқызып сөйлеген пенденiң жанын ұлық та алмайды, бүлiк те алмайды. Сенi шақырған қай ұлық?

– Имашев! Қылышын қынабына салмайтын. Сол ұлық шақырып жатыр дегесiн, жазған құлда жан бар ма, құстай ұшып жеттiм. Үстiмнен үлкен арыз бар екен. Сөздi ұлық бастады:

– Орталық партия комитетi сiзге үлкен сенiм бiлдiрiп, басшы орынға iлiктiрдi. Ал сiз болсаңыз жұмыс уақытында служебный машинаны пивнушкаға мiнiп барып, сыра-пыра iшiп қайтатын көрiнесiз. Бұ қалай? – дедi. Артымда – арыз, шегiнетiн жер жоқ.

– Саттар Нұрмашевич! – дедiм. – Өзiме төр бердiңiз, қолыма мөр бердiңiз, рахмет! Жаяу жүрiп табаны тозбасын деп машина бердiңiз, рахмет! Ал ендi сол машинамды пивнушкаға мiнiп бармағанда, артынан итерiп баруым керек пе?

“Күлмесхан” күлiп жiбергенсiн, менiң де бетiме қан жүгiрдi. Сау қалғаныма садақа берiп, "төбел тазға – төрт теңге, ойма тазға – он теңге, қырма тазға – қырық теңге" үлестiрдiм.

Мен көрмеген құқай бар ма, Дию аға?!

– Байқаймын, басымды шайқаймын!– дедi Дию таңырқағандай. – Сөз саптауыңа қарағанда, қу бiткендi қуалап, Диюды дуалап, жынды жетектеп, шайтанға шарық кигiзiп, қажырын қайтарған Қалтайсың-ау, сiрә?!

– Тiфә, тiфә! Сiз Дию емес, әулиесiз! Тамырымды тап бастыңыз!..

– Рас па? – дедi Дию көпшiк қойғанға көтерiлiп.

– Сiз сияқты қисынсыз өтiрiктi қиыстырып айта алмаймын. Имандай шыным!..

– Немене менiң сөзiме күдiгiң бар ма?

– Әрине! Басыңыз өрдей, кеудеңiз есiк пен төрдей, танауыңыз үңгiрдей, аузыңыз апандай. Сонша тұлғаңызбен қуықтай ғана құмыраға сыйды дегенге кiм сенедi? Қисынсыз. Аяғым салбырап, аспаннан түстiм десеңiз бiр жөн…

– Сенi қалай сендiрсем екен?

– Сөзiңiз рас болса, құмыраның iшiне көзiмше кiрiп көрсетiңiзшi.

– Қазiр…

Дию әп-сәтте буға айналып, құмыраның iшiне құйындай ұйытқып сiңдi де:

– Сен ендi сенесiң бе! – дедi күңгiрлеп. Сол заматта Қалтай қожа мөрлi тығынды құмыраның аузына тыға қойып, тарс бекiттi. Жаңа ғана "Жаныңды алам!" деп жалаңдап тұрған Дию бейбақ болып, жалына бастады:

– Айналайын, атажан! Қадiрлi Қалаға!..

– Ендi жарық дүниенi ұмыт, жарқыным! – дедi каһарына мiнген Қалтай қожа. Сен секiлдi Диюлардың шашбауын көтерем деп-ақ шаршадым. Дүние – кезек, ендi ашсам – алақанымда, жұмсам – жұдырығымдасың. Мен сенi бұдан былай бұйдалы түйем секiлдi жетектеп жүрем, бiлдiң бе?

ЕЛ ЕРIН САҒЫНАДЫ

Жаңа жыл қарсаңында Қалағаңа қандай сыйлық ұсынарымды бiлмедiм. Әкем жарықтық дихан едi, теңкиген-теңкиген екi қарбыз берiп жiберiптi. Соның бiреуiн арқалап ағамның үйiне бардым. Фарида жеңгем есiк ашты. Қарбызымды ас үйге апарып, мейрамымен құттықтадым. Жарықтық Қалағаң:

– Мынау бiздiң Сырдың суын iшiп өскен қарбыз ғой! – деп елiн сағынғандай емiрене иiскедi.

Ой, зулаған заман-ай! Қалағаңның қайтқанына да он жыл болыпты. Көзi тiрiсiнде ер елiн сағынса, қазiр ел ерiн сағынады.

"Сөздiң қысқасы, колбасаның ұзыны жақсы" екенiн жарты әлемге жариялаған Қалтай аға "Маркстiң мың беттiк үш том "Капиталын" атам қазақ үш-ақ сөзбен баяғыда айтып қойған" дейтiн.

1. "Аш бала тоқ баламен ойнамайды"

2. "Еңбек етсең ерiнбей, тояды қарның тiленбей"

3. "Бай – байға құяды, сай – сайға құяды"

Қалағаңның артында қалған қисапсыз мұрасын көздiң қарашығындай сақтаған Фарида жеңгем мен ел аузындағы елеулi әңгiмелерiн сұрастырып, құрастырып, жинақтап жүрген ақын Сейфолла Оспанның еңбектерi ерекше.

Ұлтымыздың ұстазына айналған қоғам қайраткерi Өзбекәлi Жәнiбеков зейнетке шыққан соң Қалтай аға туралы қызық оқиға айтқаны есiмде.

– ЦК-ның идеология хатшысы болып келген кезiм, – дедi Өзағаң. – Бiр мәселе бойынша Қалтай Мұхамеджановқа қаттырақ айтуға тура келдi. Шақырдым. Есiктен енер-енбестен қабағымды шытып, қатулана сөйлей бастап ем: "Ойпырмай, Өзеке-ай, түнде түсiмде бiр дәу қара төбетке мiнiп жүр едiм, осыған көрiнген екен ғой", – дедi. Қалай мырс етiп күлгенiмдi байқамай да қалдым. Адам әуселесiн айтқызбай танитын психолог қой.

… Күлкiнiң құдыретi-ай!

Көпен ӘМIРБЕК

Редакция таңдауы

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...
1d4a5aa18a1545a5bbd507fa16424f2f

21 миллион VPN қолданушысының жеке дерегі сатылымға шықты

Android операциялық жүйесіне арналған тегін VPN қызметтерінің 21 миллион қолданушысының жеке деректері...
773x435 cmsv2 7899d14b c138 5822 b480 a3f31d86f1a3 5420794

Францияның экс-президенті үш жылға бас бостандығынан айырылды

Францияның экс-президенті Николя Саркози үш жылға бас бостандығынан айырылды, оның ішінде бір...
itogi2

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады

Еуроодаққа мүше 27 елдің елшілері ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға байланысты Ресейге қарсы...

Жаңалықтар

21 миллион VPN қолданушысының жеке дерегі сатылымға шықты

Android операциялық жүйесіне арналған тегін VPN қызметтерінің 21 миллион қолданушысының жеке деректері Желіде сатылымға шықты, - деп хабарлайды Сyber News сайтына сілтеме жасап. Танымал хакерлік форумның...

Францияның экс-президенті үш жылға бас бостандығынан айырылды

Францияның экс-президенті Николя Саркози үш жылға бас бостандығынан айырылды, оның ішінде бір жыл нақты қамауда болады. Сот оны сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп тапты.

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады

Еуроодаққа мүше 27 елдің елшілері ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға байланысты Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің...

БҒМ 1 наурыздан бастап мектептерде сабақ қалай өтетінін түсіндірді

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова 1 наурыздан бастап мектептердегі рұқсат етілген аралас форматта оқыту барысын түсіндірді. Вице-министр Facebook-тегі парақшасында 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының...

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне ескерткіш қойылады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында бұл ескерткіш медицина қызметкерлеріне деген алғыстың символына айналатынын атап өтті. «Бүгін Алматының медицина мен жазушылар қауымдастығының өкілдерімен дәрігерлерге арналған...

Пандемия: кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді және кейбір төлемдер алынып тасталды. Пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жаңа бөлшек салықтың арнаулы салық режимі...

Түркістан өңірінде 100-ге жуық белсенді «Nur Otan» партиясы қатарына қабылданды

Бүгін Түркістанда 1 наурыз – Партия күніне орай, бірқатар азаматты «Nur Otan» партиясына қабылдау іс-шарасы өтті. Жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен...

Алматыда ойын-сауық орталығында ата-аналар төбелесті

Әлеуметтік желіде Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде болған төбелестің видеосы тарады. Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Видео кадрларынан төбелестің балалар ойын алаңында болғанын байқауға болады....

Наурыз айында күн райы қандай болады?

Еліміздің көптеген аймақтарында күнтізбелік көктем белгіленген мерзімде келеді. Бұл туралы «Қазгидромет» орталығы мәлімдеді.  Консультативтік болжамға сәйкес 2021 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының басым бөлігінде циклондардың өтуімен және...

Таразда Алғыс айту күніне орай 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды

Алғыс айту күніне орай былтыр ғана облыс орталығында бой көтерген «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің маңында мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Онда қалалық зиялы қауым өкілдері,...

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған отбасыға баспана берілді

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған Текебаевтар отбасына жаңа баспана берілді. Oқиға биыл 18 ақпанында облыс орталығындағы Әл-Фараби мөлтек ауданында орын алды. Оқиға орнына шұғыл жеткен...

Алматыда КамАЗ көлігі жер астына түсіп кетті

Алматыда КамАЗ жүк көлігі жер астына түсіп кетті. Оқиғаның видеосын куәгерлер таратты, ал дәрігерлер көлік жүргізушісі жарақат алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әлеуметтік желілерде...

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ. Адамға алғыс айтқанымыз – Аллаға шүкір еткеніміз

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Аллаға мадақ, пайғамбарға салауаттар болсын! Елімізде шуақты көктемнің алғашқы күні алғыс айту мерекесімен басталады. Баршаңызды бірлік пен мейірімге...

Асқар Мамин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті

Премьер-Министр Асқар Мамин «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады, – деп хабарлады primeminister. Тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының...

«Nur Otan» партиясының жанынан 9 жаңа қоғамдық кеңес құрылады

Осылайша, олардың жалпы саны 14-ке жетті, – деп хабарлады партияның баспасөз қызметі. «Nur Otan» партиясының Лидері, Елбасы Н.Назарбаевтың партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»...

Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Жасыбаев Ержан Бәкірбайұлы Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ержан Бәкірбайұлы Жасыбаев 1965 жылы...

Белгілі әнші Индира Еділбаева «Nur Otan» партиясын таңдады

«Nur Otan»-ның құрылғанына 22 жыл толуына орай, партияның Алматы қалалық филиалы белсенді және жігерлі алматылықтармен толықты. Партияның жаңа өкілдері қатарында денсаулық сақтау, мәдениет және...

Әуе компанияларының табысы 41% азайды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуе компанияларының жылдық табысы 41% төмендегенін, ал жолаушылар тасымалы қызметі 6 пайызға арзандағанын хабарлады. Биыл қаңтарда еліміздің әуе компанияларының кірісі...

Белгілі журналистің еміне қаржы жиналуда

Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді. Шараның негізгі мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға көпшіліктің атсалысуымен қолұшын созу, мейірімділікті, қайырымдылықты насихаттау, қайырымды жандарға алғыс...

Атырау дәрігерлері Алғыс айту күніне орай челлендж бастады

«Мерекелік шараға өңірдегі 35 медициналық ұйымның қызметкерлері қатысты»,-деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. «Туған елге мың алғыс!» челленджі өңірде бір апта бұрын...

Дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге жетеді – министр

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге жететінін айтты. Ведомство басшысы Президенттің биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру міндетін қойғанын...

Әлем тұрғындарының қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екені анықталды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан Жер бетіндегі тұрғындардың қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.  Ұйым...

Әлемдік ақпарат кеңістігіндегі Қазақстан имиджі

Ақпарат кеңістігінде мемлекеттің имиджі мен медиаобразын жасау – дамушы елдердің алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі. Қазақстан тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде дүние жүзінің алпауыт...

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Осы көктемде 13 500-ден астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші ел Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады. Қорғаныс ведомствосы...

ҚазҰУ ректоры француз ғалымдарына бірлескен археологиялық зерттеулер жасауды ұсынды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейт Түймебаев Қазақстандағы Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Дидье Канеспен кездесіп, ғылым-білім  және мәдени бағыттар бойынша өзара ынтымақтастықты тереңдету...

Ресейдің ең бай депутаты қамауға алынды

Ресейдің Сахалин облыстық Думасының миллиардер депутаты Дмитрий Пашов қамауға алынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Сот оған екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану...

«Борат 2» ең үздік комедия ретінде «Алтын глобус» лауреаты атанды

Лос-Анджелес пен Нью-Йоркте кино және теледидар саласындағы "Алтын глобус" сыйлығының 78-ші марапаттау рәсімі өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты марапаттау тарихта алғаш рет виртуалды форматта өтті.  Ең...

Түркістандағы қайғылы оқиғаға қатысты алғашқы мәліметтер жарияланды

Түркістан қаласында орын алған қайғылы жағдайдың себебін анықтау үшін құзырлы органдардан құрылған топ болған жайтты жан-жақты тексеріп жатыр. Орын алған оқиғаның мән-жайын анықтаумен айналысатын...

15 жыл бойы қос азаматтығын жасырып келген павлодарлық жазаланды

Қос азаматтығын жасырып келген Павлодар облысы Железинка ауданының тұрғыны айыппұл арқалады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Аудандық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Железинка аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің...

Бұл – қазақ халқының шексіз дархандығының жарқын үлгісі.

Джамалайл ЭЛИМХАНОВ, «Емир-Ойл» ЖШС басқарма басшысы: Қазақстан Тәуелсіздік алған сәттен бастап Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев әрбір азаматтың өз Отанында қауіпсіз және жарқын өмір сүруі үшін және...

COVID-19: Елорда «сары» аймаққа енді

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылдың 1 наурызы күнгі қазақстан амақтарындағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрициасын жариялады. Бұл туралы...

Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды

Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды. Партияның құрылуы мен қалыптасу тарихы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. 1998 жылғы 21 қазанда Қазақстан...

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ержан Ерікұлы Біржанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады. Ержан Біржанов 1979 жылы Солтүстік...

Алматы түрмесінен қашқан сотталушы Ақтөбеде ұсталды

Алматыдағы бас бостандығынан айыру орындарының бірінен қашып шыққан адам Ақтөбеде қолға түсті, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі. «Алматы...

«Nur Otan» қатары жаңа мүшелермен толықты

Партияның 22 жылдық мерейтойы қарсаңында «Nur Otan» облыстық филиалында салтанатты түрде партия билеттері табыс етілді. Партияның аймақтық филиалының төрағасы, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов партия...

«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Бүгіннен бастап tvtumar.kz сайтында «Тұмар-2021» ұлттық сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталды. Сыйлыққа 2020 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және...

Америкалық телеарна Трамптың саяси жоспарларын ашты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп елде жаңа партия құру мүмкіндігін қарастырмайтынын жариялайды. Оның саяси жоспарларын американдық Fox News телеарнасы ашты. "Біз жаңа партиялар құрмаймыз және...

Президент: Біртұтас және еңбекқор ұлт болсақ, көздеген мақсаттарымызға жетеміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады. «Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жариялаған осы...

Ақтауда жәндіктерді уламақ болған әйел көршісі мен оның 10 айлық сәбиін өлтірді

Пәтердегі жәндіктерді уламақ болған Ақтау тұрғыны көршісі мен оның 10 айлық сәбиін өлтіріп қойды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап Lada.kz хабарлады.  Зарарсыздандыру құралынан...

Елбасы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Elbasy.kz. Қымбатты отандастар! Алғыс айту күні Қазақстан халқының бірлігін паш етеді,...

2020 жылдың ең танымал құпиясөздері анықталды

2020 жылы қандай құпиясөздер жиі қолданылды? Бұл сауалға DLBI деректер ағынын барлау қызметін жасаған зерттеуге сілтеме жасай отырып "Известия" басылымы жауап берді.  Рейтинг көшбасшысы тағы...

Жел, көктайғақ: Еліміздің 9 өңірінде ескерту жарияланды

1 наурызда елорда мен 8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет". 1 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында жел, көктайғақ болады. Оңтүстік - батыстан соққан...

1 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Бүгін – елімізде Алғыс айту күні. Бұл мереке  ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген. 1995 жылдың 1 наурызында елімізде...

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Бүгін – Жамбыл Жабаев дүниеге келген күн

Бұдан 175 жыл бұрын 99 жасына дейін жүрегінен жыр төгілген ақын,  дүлдүл жырау, жүйрік жыршы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жамбыл ЖАБАЕВ (1846-1945)  дүниеге келді. Ол...

NASA Марстың алғашқы панорамасын жариялады

АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Ровер Perseverance түсірген Марстың алғашқы панорамалық суреттерін жариялады. NASA алдағы апталарда көптеген қызықты суреттері жариялайтынын мәлімдеді.  

Қожа Ахмет Ясауидің мөрі мен шежіресі табылды

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-экспедициясы аясында Өзбекстан Республикасының Наманган қаласынан Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

«Наконец-то» Бекшин алматылықтарға үндеу жасады

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин наурыздағы мерекелер алдында қала тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды өңірлік СЭБД баспасөз қызметі. Бекшин үндеуінде алматылықтардан...

Армениядан жеткізілген көліктердің тіркеу мерзімі ұзартыла ма?

Қазақстанға Армениядан жеткізілген көліктерді тіркеу мерзімі 1 наурызға дейін ұзарды, - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. ІІМ мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 1 ақпанына...

Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту туралы жоспарын айтты

Еліміздің жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеттерінің оқу бағдарламалары зерделенеді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева inbusiness.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Министрдің айтуынша, қоғамдық...

Қытай келісімдерді елемей, қазақ пойыздары қараусыз қалып жатыр

"Жүк жөнелтушілердің бастамасымен Қытайға тауарларды қабылдауға уақытша тыйым салу енгізілді", – деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы (ҰК)»АҚ баспасөз қызметі. «ҚХР-мен шекарадағы бекеттерде жағдай...

Ресейде тіркелген көліктер Қазақстанда жүре алмай ма?

  Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның Бас прокуратурасы атынан жалған бұйрық таратылған деп хабарлайды  тengrinews.kz сайты. Аталған «құжатта» Ресейде тіркелген автокөлік иелеріне Қазақстан аумағында жалпы сенімхатсыз...

ЕСКІ ЖАРАНЫҢ АУЗЫН ТЫРНАУ ЕСТІНІҢ ІСІ МЕ…

Адам баласы туғанда бір-бірінен артық-кемі жоқ қызыл шақа болса да, өсе келе олардың бәрі өз бетінше өзгеріп, даралана бастайды. Өйткені уақыт ағымындағы түрлі әсерлер...

Елімізге Түрікменстаннан 153 қандасымыз көшіп келді

Бүгін Түрікменстан Республикасынан 153 қандасымыз тарихи Отанына көшіп келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. 2020 жылы әлемде орын алған пандемияға байланысты елімізде көшіп–қонушылар ағыны кейінге қалдырылған болатын....

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип...

Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып Мәди Манатбекұлы тағайындалды. Мәди Манатбекұлы 1978 жылы 25 мамырда дүниеге...

Бас прокуратура үндеу жариялады

Әлеуметтік желіде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймақтарында заңсыз митингіге   шақырып жатыр. Осыған байланысты ҚР Бас прокурорының орысбасары Б.Б. Дембаев үндеу жариялады. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының...

Вице-министрдің не үшін қамалғаны белгілі болды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталуына қатысты түсінік берді. «Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу...

Елбасы Түркия президентін құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Әңгіме барысында Елбасы Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, зор...

Полиция қызметкерлері жүкті әйелді автокөлікте босандырып алды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері келіншекті автокөлікте босандырып алды. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 26 ақпанға қараған түні Самара-Шымкент автожолы...

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды

Бүгін жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын республика көлемінде ресми түрде мерекелеу басталды. ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев елордадағы Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Қ.Қуанышбаев атындағы...

COVID-19: Әлемде екпе салдырғандар саны індет жұқтырғандардан екі есе көп

Әлемде коронавирусқа қарсы екпе алған адамдардың саны пандемия басталғалы індет жұқтырғандардың жалпы санынан екі есе көп, деп хабарлайды ТАСС.  Қазіргі уақытта шамамен 227 миллион адам...

Әзірбайжан Таулы Қарабақта әуежай құрылысын бастады

Әзірбайжан билігі Таулы Қарабақта халықаралық әуежай құрылысы басталатынын мәлімдеді. Нысан Иранның шекарасына жақын жерде, Шуша қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Физулиде бой көтереді. Ел президенті...

Алғыс айту күні: Елордада мерекеге орай қандай шаралар өтетіні белгілі болды

Елімізде 1 наурызда Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл мерекеде елордалық театрлар медицина қызметкерлерін, эпидемиологтарды, педагогтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін спектакль көруге шақырады, деп...

Жол карталарын іске асыруға мониторинг жүргізу үшін цифрлық платформа әзірленеді – Б.Байбек

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында партияның алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, 1 наурызда «Nur Otan» партиясының құрылғанына...

Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті

Бүгін, 26 ақпанда сағат 11:55-те Шалқар ауданының Ұлпан теміржол станциясында 43 вагон құрамының 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті. Оның ішінде 13 цистерна аударылып, ұзындығы...

Винсент Ван Гогтың «Монмартрдағы көше көрінісі» картинасы сатылымға шығарылды

Винсент Ван Гогтың әйгілі картинасы – "Монмартрдағы көше көрінісі" саудаға шығарылды. Сурет бұрын-соңды көпшілік назарына ұсынылмаған, картина қайтадан сатылғанға дейін, Қытайда содан кейін Голландияда...

Қызылордада сауна әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азаматша ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. "Қызылорда қаласында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген азаматша анықталды. Облыс орталығындағы сауналардың...

Білікті хирург қандасымыз: Орыс тілін білмегендіктен базар жағалап кеттім

https://youtu.be/zzD6QU3BF6M Сюжет авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ Тілші Ділда Уәлибек

1 наурызда әскерге шақыру басталады: Қорғаныс министрлігі негізгі өзгерістерді атады

13 мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші көктемгі шақыру кезінде еліміздің Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады....

Қырымбек Көшербаев Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Елордада Ж.Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысында Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. ҚазАқпараттың хабарлауынша, шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт...

Қырғызстан президенті Путинге не сыйлағанын айтты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресейге жұмыс сапары кезінде Владимир Путинге қылыш сыйлады. Бұл туралы ол "Россияская газетаға" берген сұхбатында айтты. "Бұл қылышты Қырғызстанның ең мықты...

Елімізде азық-түлік жеткізу нарығы 75 пайызға өскен

2020 жылы Қазақстанда азық-түлік жеткізу нарығы 75% - ға өсті. Бұл туралы Chocofood қызметінің директоры Николай Щербак хабарлады, деп хабарлайды LS. Карантинге байланысты Қазақстанда азық-түлік...

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 2,5 миллионнан асып жығылды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113,5 млн-ға жетті.  Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет жұқтырғандардың 89 миллионы емделіп шықса, 2 507 624-і қайтыс болды. COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша...

Семейде 1879 жылы салынған тарихи ғимарат өртенді

Ғимараттағы өрт тек таң ата ауыздықталған. https://youtu.be/AwAQx5E_MLA Өрт 26 ақпанда Абай даңғылында 00 сағат 46 минут шамасында басталған. Өртті сөндіруге барлығы 19 техника, 55 адам жұмылдырылды....

Алматы облысында Ан-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонды

"Азия Континенталь" әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесі Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсін орындау кезінде Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км...

Омбыда Халықаралық ана тілі күні атап өтілді

2021 жылғы 24 ақпанда халықаралық ана тілі күніне орай Қазақстанның Омбыдағы Консулдығының басшысы Ырысқали Дәуренбек «Омбы қазақтары» аумақтық қоғамдық ұйымының басшылығы, жергілікті қазақ тілі...

Елімізде сүт өндірісі бойынша қай өңір көш бастап тұр?

Шығыс Қазақстан облысы сүт өндірісі бойынша республикада көш басында тұр. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беру барысында айтты. «Соңғы бес жылда...

Ең сұлу волейболшылар рейтингі: Ресейлік спортшы Сабина Алтынбекованы басып озды

Грек басылымы Gazzetta планетаның ең сұлу волейболшы аруларының рейтингін жариялады. Рейтингте 25 жастағы ресейлік Алиса Маненок көш бастады, деп хабарлайды Politic. Бұған дейін аталған рейтингте...

Теміртау қаласының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады

Теміртау қаласын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-2 жұмысында ақау болып, тұрғындар аязда жылусыз қалды. Келтірілген қолайсыздық үшін Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов өңір халқынан кешірім сұрады. Мамандар...

2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді

2021 жылы Қазақстанда Көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы...

Әлемдік ТОП-50 қатарына енген Қазақстан дзюдошылары

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Тель-Авивте өткен әлемдік «Үлкен шлем» турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz. Жаңартылған рейтинг бойынша ТОП-50 қатарына енген қазақстандық дзюдошылар...

Президент Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Кездесу барысында Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қазіргі...

Жамбыл Жабаев – 175: Киевте поэзия кеші өтті

Бұл жайында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Facebook парақшасында мәлім етті. Қазақтың көрнекті суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың туған күні қарсаңында Киевтегі қазақ диаспорасы мен Қазақстанның Украинадағы...

«Nur Otan» Партиялық бақылау комитетін Артур Платонов басқарады

Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып Артур Платонов тағайындалды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді. «Артур...

Нұр-Сұлтанда банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды

Түн ішінде елордадағы банктердің бірінің ғимаратына есігін сындырып кірген екі күдікті ұсталды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі сағат 02:30-да ішімдікке еліткен 2 жігіт шыны...

Қарағандылық судьяның ісін Жоғарғы сот қарайды

Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабековтің ісі Жоғарғы сотта қаралады. Судьяның әріптестері оның әрекеті судья әдебі кодексіне қайшы келетінін айтады. Алайда оған қатысты шешім...

Бүгін елорда мен Ақмола облысының оқушылары қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9...

Өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды

Қазақстанда өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 135, Алматы қаласы - 110, Шымкент қаласы -...

COVID-19: АҚШ-та вакцинаның күшін әлсірететін вирустың жаңа түрі пайда болды

Калифорния технологиялық институты мен Колумбия университеті ғалымдарының пікірінше, коронавирус инфекциясының жаңа нұсқасында кездесетін мутация оған иммундық жүйенің әсерін сезінуге кедергі келтіреді, – деп жазды...

«Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілім жұмысы басталды

Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылының маңында режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» толықметражды тарихи көркем фильмінің түсірілімі басталды, – деп хабарлады «Қазақфильм» киностудиясының...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

«Қазгидромет» мамандары 26 ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей уақытта қар жауады....

Марсқа қонған Perseverance тіршілік іздейді

Бейсенбі күні кешке NASA ғарыш агенттігі Марсқа жаңа Perseverance (Персеверанс) роверін қондырды (ағыл. – табанды, қайсар), - деп хабарлайды ВВС. Ровердің Қызыл ғаламшардағы басты міндеті...

Армения Қарулы күштері Пашинянның отставкаға кетуін талап етті

Армения әскері елдің премьер-министрі Никол Пашинян мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.  Бас штаб басшысы Оник Гаспарян қол...

Доллар бағасы тағы да арзандады

Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы төмендеді. Ұлттық банк 26 ақпандағы америкалық валюта бағамын атады. Жұмада теңгеге шаққандағы доллардың ресми бағамы 414,77 теңге болады. Бұл ретте...

Қазақстанда аяз 40 градусқа дейін көтеріледі

26 ақпанда Қазақстанның 11 өңірінде ауа райы нашарлап, 35-40 градус аяз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет". Жамбыл облысында, Тараз, Жезқазған, Қарағанды ​​облыстарында, Қарағанды, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан,...

YouTube видеохостингі ата-ана бақылауы режимін енгізеді

Youtube платформасы ата-ана бақылауын орнатуға мүмкіндік беретін жаңа опцияны ойлап тапты. Бастапқыда YouTube видеохостингін жасаушылар 13+ жастағы бейнеге кіруді шектеді, сонымен қатар ата-аналарға балаларын...

Артур Төлепов әкімнің кеңесшісі болып тағайындалды

Актер Артур Төлепов Алматы қаласы ”Алатау” ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғанын айтып, халықтан қолдау сұрады. Ол өзінің әкімнің кеңесшісі болып тағайындалғаны жөнінде Instagram...