Жаңалықтар

«ҚОРҒАС» ДЕМАЛЫССЫЗ ЖҰМЫС IСТЕЙДI

ашық дереккөзі

«ҚОРҒАС» ДЕМАЛЫССЫЗ ЖҰМЫС IСТЕЙДI

Қытай мен Қазақстан шекарасындағы "Қорғас" кеден бекетi 1 сәуiрден бастап демалыссыз жұмыс iстейтiн болады. Бұл дегенiңiз – "Қорғаста" жүк автокөлiктерiне тәулiгiне 12 сағат қызмет көрсетiледi деген сөз. Осыған орай, өткен аптада Қазақстанның кеденшiлерi мен қытайлық әрiптестер бас қосып, арнайы жиын өткiздi.

12 сағаттық жұмыс күнiн енгiзу әзiрге сынақ түрiнде жүргiзiлетiн болады. Осыған орай өткiзiлген салтанатты жиынға Алматы облыстық Кедендiк бақылау департаментiнiң бастығы Құрманбек Артықбаев пен Қазақстан-Қытай арасындағы "Қорғас" арнайы экономикалық аумағы әкiмiнiң орынбасары Чжан Джи мырза, ҚХР "Қорғас" кеденi бастығының орынбасары, "Ининь" кеден бекетiнiң бастығы Тень Шен Сянь мырза да қатысты.

"Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық республикасының басшысы Ху Цзинь Тао арасындағы жақсы қарым-қатынас пен достықтың нығаюы – екiжақты дамудың негiзгi қозғаушы күшi болып табылады. Шекара мәселесiндегi сұрақтардың нақты және жан-жақты шешiлуi екi көршiлес мемлекеттердiң арасындағы достықтың белгiсi. Бүгiн бiз Қазақстан мен ҚХР кеден қызметтерi басшылығының тапсырмасын орындай отырып, "Қорғас" кеден бекетiн жаңа жұмыс тәртiбiне көшiргелi отырмыз",– дедi салтанатты шарада сөз алған Алматы облыстық Кедендiк бақылау департаментi бастығы Құрманбек Артықбаев, – Ағымдағы жылдың 1 сәуiрiнен бастап Қорғас кеден бекетi сынақ жүзiнде 12 сағаттық түскi үзiлiссiз және демалыссыз жетi күндiк жұмыс тәртiбiне өттi. Бұл сынақтың мақсаты – өткiзу пунктерiн дамыту, кеден iсiндегi өзара қарым-қатынасты одан әрi нығайту және екi елдiң кеден қызметтерi арасындағы ынтамақтастықты өзара және жан-жақты дамыту, сыртқы сауда мен тауар айналымдарының көлемiн өсiру", –дедi.

Қытайлық кеденшiлер де өз тараптарынан жаңа жұмыс тәртiбiне ауысуға дайын екендiктерiн жеткiздi. Демалыссыз жұмыс тәртiбiне көшу мәселесi екi жақтың, яғни Қазақстан мен Қытай арасындағы ортақ шешiм деп қабылдауымызға болады. Өйткенi "Ининь" кеден бекетiнiң бастығы Тень Шен Сянь мырзаның пiкiрiне қарағанда, Үрiмшi қаласы соңғы он жыл бойы елiмiздегi ең iрi сауда нарығына айналған.

Әрi бұл жаңа жұмыс тәртiбiне көшiрiлудiң тағы бiр себебi – 2013 жылы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автокөлiк дәлiзiнiң құрылысы аяқталатын болса, онда бұл бекет арқылы өткiзiлетiн жүк көлiктердiң де саны артатынын ескергенiмiз абзал.

Салтанатты шара барысында Алматы облыстық кедендiк бақылау департаментi қызметкерлерi баспасөз өкiлдерiнiң сауалдарына да жауап бердi. Аталмыш департамент бастығы Құрманбек Жуасұлынан "Жаңа жұмыс тәртiбiне көшу үшiн кеденшiлердiң санын арттыру қажет емес пе?" деп сұраған едiк. Департамент бастығы бүгiнде "Қорғас" кеден бекетiнiң әлеуметтiк инфрақұрылымын күшейту үшiн нақты шаралардың қолға алынғандығын айтты. Әрi жаңа жұмыс тәртiбне көшетiндiктен, мұндағы кеденшiлердiң де саны артатын болады. "Өздерiңiз бiлетiндей, былтыр кеденшiлердiң отбасылары үшiн 18 пәтерлi екi тұрғын үй пайдалануға берiлдi. Қазiр Панфилов ауданындағы Қорғас ауылында тағы 18 пәтерлi үш тұрғын үйдiң құрылысы басталды", – дейдi Құрманбек Жуасұлы. Кеден одағының iске қосылуына байланысты Ресеймен арадағы өткiзу пункттерiндегi қызметтер жеңiлдетiлмек. Ол өткiзу пункттерiнен босаған кеденшiлер Кеден одағының сыртқы аймақтарындағы кеден қызметтерiне ауысатын болады. Сондай-ақ "Қорғас" бекетiндегi аталмыш сынақ өзiн-өзi ақтайтын болса, онда биылғы жылдың шiлде айынан бастап, Қазақстан мен Қытай шекарасындағы барлық кеден бекеттерi осындай жұмыс тәртiбiмен қызмет атқаратын болады. "Жаңа тәртiптi бiз сынақ түрiнде енгiзiп отырмыз. Бiрақ болашақта оның нәтижесiн көремiз деген ойдамыз", – дейдi Құрманбек Артықбаев мырза.

Биылғы жыл кеденшiлер үшiн де айрықша жыл болғалы отыр. Биыл елiмiздiң тәуелсiздiгiне 20 жыл. Ал отандық кеден қызметiнiң құрылғанына да биыл жиырма жыл толады. Сонымен бiрге, "Қорғас" өткiзу пунктi де өзiнiң 120 жылдығын тойламақшы.

Гүлзина Бектасова