БОРТНИКТIҢ ЖАТҚА БҮЙРЕК БҰРУЫ

БОРТНИКТIҢ ЖАТҚА БҮЙРЕК БҰРУЫ

БОРТНИКТIҢ ЖАТҚА БҮЙРЕК БҰРУЫ
ашық дереккөзі

Инвесторларға салықты азайту керек пе?

Елiмiзде инвесторлар үшiн барлық жағдай жасалған. Үкiмет жыл сайын инвестициялық әлеуеттi жақсарту мақсатында iс-шаралар атқарып келе жатқаны баршаға аян. Алайда бұл шаралар аздық етедi, инвесторлар үшiн жақсы жағдай қарастырылмаған деген пiкiрлер де бар екен. Парламент Сенатының депутаты Михаил Бортник мырза Қазақстандағы мұнай-газ компаниялары үшiн жергiлiктi Үкiмет тарапынан ауыртпалық көп дейдi.

"Қазақстандағы салықтық жүйе мұнай-газ компанияларының қанатын кеңге жайып, жаңа мұнай ошақтарын табуға мүмкiндiк бермейдi", – деп қынжылды Бортник мырза Business Resourse сайтына берген түсiндiрмесiнде. Республика аумағында мұнай өндiретiн және барлайтын мұнай компаниялары осы мерзiмге дейiн көп мөлшерде салық төлеп келген. Бортник мырзаның мәлiметi бойынша, елiмiздегi мұнай компанияларына түсетiн ауыртпалық 72 пайызды құраса, Ресейде бұл көрсеткiш 73 пайызға жеткен екен. Бiрақ Ресей инвесторлар үшiн салық жүйесiн жеңiлдету шараларын қарастырып қойған көрiнедi.

Сенат депутатының айтуынша, "Қаражанбас Мұнай" АҚ-ның төлейтiн салығы 86,5 пайыз болса, "МаңғыстауМұнайгаз" АҚ-да – 78,2 пайыз. Бұл – мұнай бағасының баррелi 75 доллар болғандағы көрсеткiш. "Бiздiң салық жүйесiнiң құрылымы бойынша мұнай баррелiнiң бағасы өскен сайын салық геометриялық прогрессия есебiмен өсiп шыға келедi. Елдегi компаниялар үшiн мұнай бағасының өскенi оншалықты тиiмдi емес, өйткенi Үкiметке төленетiн салықтың да көлемi артады", – дейдi депутат. Яғни оларға келер пайда жоқ. Керiсiнше Қазақстан өз мұнайын бере отырып, тағы да жеңiлдiк жасауға тиiс?!.

Елiмiздегi жаңа мұнай ошақтарын табуға осы салық жүйесi кедергi. Мәселен Өзен кенiшiнде 10 жылдан кейiн мұнай бiтедi. Елде Кеңес үкiметi тұсында табылған ошақтар ғана игерiлуде, бұлай жалғаса берсе, инвесторлардан айрылатын күн алыс емес дейдi депутат. Алайда инвесторларға аузындағы асын берiп, атын мiнгiзiп отырған жергiлiктi Үкiметтiң басқа қандай жеңiлдiк жасауы керектiгi түсiнiксiз.

Ақниет ОСПАНБАЙ