Жаңалықтар

ОТАНДЫҚ КӘСIПКЕРЛЕР ҚАЙ ЕЛДI БАЙЫТУДА?

ашық дереккөзі

ОТАНДЫҚ КӘСIПКЕРЛЕР ҚАЙ ЕЛДI БАЙЫТУДА?

Ресейде көңiл көтеру саласы бiршама даму үстiнде. Бұл саланың қарқын алуына Белоруссия мен Қазақстан кәсiпкерлерi елеулi үлес қосып келедi. Бұл жөнiнде "Финам менеджмент" компаниясының басшысы, ресейлiк сарапшы Максим Калягин Business Resource агенттiгiне мәлiмдедi.

Калягиннiң пайымдауынша, Ресейдiң көңiл көтеру индустриясы ендi ғана құрылып жатыр. Бұл саладағы бәсекелестiк iрi қалалық нарықта әлi бiлiнбейдi екен. Содан болар кәсiпкерлер саланы дамытуға барын салуда. Тәуелсiз сарапшылардың санағына жүгiнсек, ресейлiк көңiл көтеру индустриясы нарығының көлемi 30-35 млрд. АҚШ долларын құрап отыр.

"Ресейдегi iрi көңiл көтеру жобаларын жүзеге асыру қазақстандық кәсiпкерлердi қызықтыруының бiрден-бiр себебi, Қазақстандағы халық саны iрi жобалардың сұраныстарына сай келмейдi", – дейдi Agat group INC президентi Рустем Агеев. Ол сондай-ақ 2 млн. халқы бар iрi мегаполиске арналған өз жобасының бар екенiн айтып өттi. "Ресейде мұндай 12 келiсiм жасалса, Қазақстанда тек қана Алматы қаласы талапқа сай келедi", – деп атап өттi ол. Агеевтiң пайымдауынша, алдағы уақытта Ресейдегi 12 көңiл көтеру саябағын салу үшiн аса iрi инвестиция тартылмақшы. "Инвестициялар көлемi бүгiнгi таңда 70 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Ал интертейменттi дамытуға бағытталатын қаржы салымының жалпы көлемi 250 млн. АҚШ доллары", – дейдi Рустем Агеев.

Әйгерiм БАҚЫТҚЫЗЫ