Жаңалықтар

Еуропалық көзқарас: "ҚАЗАҚСТАН 2011 ЖЫЛЫ"

ашық дереккөзі

Еуропалық көзқарас: "ҚАЗАҚСТАН 2011 ЖЫЛЫ"

Жуырда Венада Қазақстан елшiлiгi мен ЕҚЫҰ-ның ҚР тұрақты өкiлеттiлiгiнiң ұйымдастыруымен "Қазақстан 2011 жылы" атты дөңгелек үстел өттi. Мұнда Президент сайлауы және Тәуелсiздiгiмiздiң 20 жылдық мерейтойы қарсаңындағы елiмiздiң саяси және әлеуметтiк-экономикалық дамуы сарапқа салынды.

Дөңгелек үстелде баяндама жасаған австриялық саясаткер, Еурокеңестiң бұрынғы бас хатшысы Вальтер Швиммер мен Вена саясаттану университетiнiң профессоры Ханс-Георг Хайнрих Қазақстанның бүгiнгi әлеуметтiк жағдайына тоқталып өттi. Әуелi кезектен тыс Президент сайлауы алдындағы шаралар, азаматтық қоғамның дайындығы тiлге тиек етiлдi.

Жалпы елiмiздiң саяси жағдайына шолу жасаған саясаткерлер ЕҚЫҰ-ға төрағалық Қазақстанның геосаяси белсендiлiгiн арттырып қана қоймай, демократияға жетуде еуропалық тәжiрибемен келе жатқандығын баса айтты. Сондай-ақ адам құқықтары мен заңды бiрiншi орынға қоятын Еуропа қоғамына бiртабан жақындап қалды дейдi баяндамашылар.

Сайлауда бақылау және кеңес беру бойынша тәжiрибесi мол Хайнрих мырза әлем мемлекеттерiнде демократиялық талаптар туралы ұсыныстар жасады. Баяндамашының айтуынша, Қазақстан БАҚ-ы, плюралистiк ҮЕҰ және азаматтық қоғамның белсендi екенiн жеткiздi. Сонымен қатар елiмiздiң шикiзатты экспорттаушы және жылдам дамып келе жатқан ел ретiнде орнын ерекше атап өттi.

Ая ӨМIРТАЙҚЫЗЫ, ҚазҰУ-дiң студентi