Жаңалықтар

МҰҒАЛIМДЕРДIҢ ЖАЛАҚЫСЫ КӨБЕЙМЕКШI

ашық дереккөзі

МҰҒАЛIМДЕРДIҢ ЖАЛАҚЫСЫ КӨБЕЙМЕКШI

Алға қойылған стратегиялық жоспарлар бойынша бiлiм беру жүйесiне баса көңiл бөлiнiп отыр. Осы мақсатта мемлекеттiк бағдарлама бойынша алдағы бес жыл мерзiмде жүзеге асуы тиiс. Алғашқы бес жылдыққа жүктелген мiндеттердiң бастапқы қадамдары үшiн қосымша 461 миллиард теңге бөлiнбек.

2011-2020 жылдарға арналған бiлiм беру жүйесiн дамыту бағдарламасы ауқымды шаруа. ҚР Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұловтың мәлiмдеуiнше, бөлiнген қаржы бiрiншi кезекте мектеп құрылысы мен мұғалiмдердiң жалақысын көбейтуге жұмсалмақшы. "Ағымдағы жылы қосымша тағы да 20,5 млрд. теңге бөлiндi", – дедi министр мырза. Б.Жұмағұловтың мәлiмдеуiнше, бұл бағытта жоспар бойынша 196 шаралар қарастырылған және 2011 жылға жоспарланған 37 iс-шараның үшеуi өткiзiлдi.

Аталмыш бағдарлама екi кезеңде iске асатын болады: бiрiншi кезең – 2011-2015 жылдар, ал екiншi кезең – 2016-2020 жылдар.

А.Бейiмбетқызы