Жаңалықтар

ҚОРҒАНЫ ЖОҚТЫҢ – ЖЕРI ЖЕТIМ

ашық дереккөзі

ҚОРҒАНЫ ЖОҚТЫҢ – ЖЕРI ЖЕТIМ

«Адам жүрексiз өмiр сүре алмайтыны сияқты

Отансыз да өмiр сүре алмайды.»

К.Паустовский

"Жер тағдыры – ел тағдыры" екендiгiне ендi ғана көзiмiз жете бастағандай. Себебi жер үшiн дау-дамай көбейiп, Алматының iргесiнде адам өлiмiне дейiн алып келгенiнен бәрiмiз хабардармыз. Жер туралы шыр-пыр болып күйзелiске толы көптеген мақала жазып жүрген Сапабек Әсiп ағамыз өзiнiң "Қазақ қасiретi" деп аталатын құнды еңбегiнде "Намысы жоқтың – елi жетiм, қорғаны жоқтың – жерi жетiм" деген халық даналығын келтiре отырып, нақтылы деректер арқылы қазақ жерiнiң қадiр-қасиетiн, оны қорғай бiлген данышпан бабаларымыз жайлы құнды деректердi көп келтiредi. Әсiресе, бiздiң заманымызға дейiнгi кезеңде өмiр сүрген ғұндар ханы Мөде өзiне көршiлес ханның жақсы атын және сұлу тоқалын сұратқанда да, "соғыс болып, халқым бекерге қырылмасын" деп бергiзiп, ал үшiншi рет жер сұрап хабар жiбергенде, сөзге келмей: "Жердi беру деген не сұмдық? Жер дегенiң елдiң тiрегi емес пе? Жерсiз ел бола ма?.. Жер – ұрпаққа қалдырар жалғыз мұраң. Жердi беру – ұрпағыңды сол мұрадан айырып, ертең бiреуге тәуелдi ету. Жерден айырылу – елдiгiңнен айырылу. Жердi беремiн деу – ұрпақтың жауы! Қасиеттi Жер-Ананы ел дұшпанына берейiк дегендердiң басы кесiлсiн! Жер берiлмейдi!" – деп, халқын атқа қондырып жауына қарсы көтерген екен… "Жер-Ана" деген киелi сөздi де бiзге сол бабаларымыз қалдырған.

Әр халықтың өскен ортасы, кiндiк қаны тамған туған жерiнiң барлық қадыр-қасиетi оның тұла бойындағы адамгершiлiк ақыл-ой парасатымен үнемi тамырласып әрi тағдырласып жатады. Қазақ халқының ұғым-түсiнiгiнде ең бiр қымбат та қимас сөз – "туған жер" деген ұғыммен үндесiп тұрады. Туған жер, өскен ел, атамекен, атажұрт сияқты киелi сөздер әр азаматтың жүрегiне шуақ та, қуат та беретiнiне ешбiр күмән келтiре алмаймыз. Туған жер дегенде тұла бойындағы қаны қызбайтын, жүрегi елжiремейтiн адам баласы бола қоймас.

Халқымыз туған жер – атамекенiн арымен де, жанымен де жақсы көрiп, керек кезде қасық қаны қалғанша қорғай да бiлгенi баршаға белгiлi. Халқымыздың табиғатқа етене жақын болуына тарихи қалыптасқан өмiр салты да әсер еткен. Халық өзiн табиғаттың бөлiнбес бiр бөлшегi деп есептеп, оны аялауға, оған мейiрiмдiлiк көрсетуге ерекше мән берген. Жеке адам ғана емес, тұтас халықтардың да тағдыры жерге тiкелей байланысты. Оған тарихта мысалдар жеткiлiктi.

Қазiр көп нәрсеге көзiмiз ашылып, атеистiк көзқарастан арылып, дүниетанымымыздың көкжиегi кеңи түстi. Жеке адамға ғана емес, тұтас халықтардың да тағдыры жерге тiкелей байланысты екендiгiне тарихта мысал жеткiлiктi.

Мысалы қазiр 6 миллиондай тиражбен басылып шыққан Владимир Мэгрэнiң "Звенящие кедры России" деген кiтабының "Новая цивилизация" атты сегiзiншi кiтабында (177-бетте) шет елдердегi Россия азаматтарының алақандай жер сұрап, бұрынғы президент Путинге жазған хаты басылған. Соның қысқаша көшiрмесiн келтiрейiн:

Письмо Президенту России из Германии

АДМИНИСТРАЦИЯ ПРЕЗИДЕНТА РОССИЙСКОЙ ФЕДЕРАЦИИ. Старая площадь, 4, 1021132, Москва.

Уважаемый президент России, Владимир Владимирович Путин!

Это письмо бывших граждан страны, которой уже нет, – СССР. По разным причинам многие из нас оказались за рубежом. Германия стала прибежищем для более чем трех миллионов выходцев из СССР. Устремившись туда и обретя западный, "цивилизованный рай", многие осознали, что вместе с тем потеряли Родину, без чего человек вообще никогда не может быть счастлив в полной мере.

Сегодня в России появилась совершенно новая идея, гарантирующая физическое и духовное здоровье человека, принятая уже многими людьми разных национальностей, в том числе и в странах Западной Европы. Благодаря этой идее мы поняли, что именно Россия обладает в данный момент тем духовным потенциалом, который нужен для возрождения гармоничного человека и воссоздания гармоничного государства.

Суть идеи заключается в следующем:

Каждая семья или гражданин должны иметь право получения бесплатно 1-го гектара земли, на котором будут обустраивать свою малую родину, свое родовое поместье, которое могло бы передаваться по наследству из поколения в поколение. Человек родился на земле и должен иметь свой конкретный кусочек Родины, созданный и взращенный своими руками, руками нескольких поколений своего рода.

В одном из выступлений Вы упомянули, что Россия родилась и долго жила в деревнях, на земле, что это ее путь. Мы согласны с этим! Вкусив радости западной цивилизации, мы отчетливо поняли, что наркомания, проституция, бездомные дети, воровство, убийство – это порождение этой самой пресловутой цивилизации. Мы не говорим уже о самых больных европейских проблемах – экологической и демографической. Весь этот букет проблем получает и Россия, пытаясь осуществить преобразования по западному образцу. Сегодня многим на Западе становится понятным, что путь, по которому идут западные демократические государства, ведет в тупик, если не сказать к самоуничтожению.

…Мы хотели бы вернуться в Россию и начать создавать свои родовые поместья, образовывая поселения нового типа. Деятельность, связанная с обустройством родового поместья, приведет к качественному изменению жизни огромного сообщества людей. Мы понимаем, что многое зависит от нас, от нашего труда, умения, опыта. Многие из нас получили в Европе новые профессии, выучили иностранные языки, некоторые имеют свой бизнес. Немало таких, кто начал изучать опыт западных экологических поселений и нетрадиционной землеобработки.

В поселениях мы будем строить сами школы, клубы, больницы. Специальных дотаций государства может не понадобиться, так как среди нас есть любые специалисты, средства и возможности мы готовы и способны изыскивать сами.

Такая деятельность приведет к качественному изменению жизни огромного сообщества людей. Земли, до сих пор не востребованные, брошенные, истощенные, станут плодородными садами, а в них родится поколение новых россиян с новым сознанием, мироощущением, мировоззрением.

При этом мы все желаем помочь своим родным и близким, живущим сейчас в России и СНГ, что также поможет решению проблем молодежи, трудоустройства и жилищного вопроса. Мы готовы уже сегодня приложить усилия нескольких поколений своего рода, а также все свои умения, опыт, знания, финансы для совместного сотворения могучей, величавой, гордой Родины – России.

Для осуществления этой идеи мы просим рассмотреть следующие вопросы:

1. Каждой желающей семье или одинокому гражданину предоставить право получить бесплатно 1 гектар земли в пожизненное владение с правом наследования, без права продажи, для создания родового поместья.

2. Упрощение процедуры получения российского гражданства для лиц, желающих творить свою малую родину и большую Россию, рожденных на территории РСФСР или других республик бывшего Советского Союза и имевших в прошлом гражданство СССР.

С верою и уважением, будущие граждане России.

Германия, 160 подписей.

Бұл хаттың мәтiнiн толығырақ берген себебiм – бiздiң де талай қандастарымыз тағдыр тәлкегiмен шет елдерге кетiп, тәуелсiздiк алғанымызға 19 жыл толса да, елге келе алмай, квотаға қол жеткiзе алмай, келген күнде де жергiлiктi басшылардың қырсыздығынан көп кедергiге ұрынып жүргендерi туралы да талай телехабарлар жүргiзiлiп және баспасөз бетiнде мақалалар жариялануда. Ата-бабаларымыз бiлектiң күшiмен, найзаның ұшымен жаудан қорғап, ұрпақтарының қамын ойлаған Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай және Наурызбай сияқты батыр бабаларымыз 30-40 жыл ат үстiнде жүрiп, мұраға қалдырған жерiмiздiң игiлiгiн неге өз қандастарымыз көрмей, жат елдiң азаматтары немесе сырттан келген шүрегейлер көруi керек?!.

Көкшетаудағы Зерендi, Шалқар сияқты тамаша көлдерiмiздiң рахатын өңкей ресейлiктер көредi екен. Мұны өз көзiммен көрiп, жағамды ұстап таң қалдым. Отбасыларымен жазғы демалыстарында келiп, көлдердi айнала машиналарын қойып, палаткаларын керiп, балықтарын аулап-кептiрiп, қысқы азықтарын даярлап, бала-шағаларымен демалып жатқан солар. Машинамен өткендерiне бар-жоғы азын-аулақ теңге ғана төлеп, бiр ай демалып қайтады екен. Неге сол жерлердi сырттан келген қандастарымызға бермеске?! Әсiресе Өзбекстаннан келген қандастарымызды қоныстандырса, сол көлдердiң жағалауларын өздерi-ақ жайнатып жiберер едi. Сонымен қатар "ресейлiк ағайындардың" да қалталарын қағып, өкiметтiң қоржынына қаржы түсiрер едi-ау деген ой келедi. Өйткенi Өзбекстандағы қазақтар да жердiң қадiрiн жақсы бiледi және көбiсi еңбекқор келедi.

Бүгiнгi таңда шетелдердегi шашыраған 5 миллионнан астам қандастарымызды тарихи Отандарына уақыт оздырмай оралтып, оларды ұйымдасқан түрде орналастыру, әлеуметтiк-экономикалық мәселелерiн жан-жақты шешу – ең өзектi мәселе екендiгi белгiлi. Бұл iс – қалың қазақтың, бүкiл елдiң және мемлекетiмiздiң стратегиялық мақсаты. Сонымен қатар бүгiн атқармасақ, ертең кеш болатыны да айдан анық.

Оралмандар ұлттық баға жетпес байлығымыз екендiгiн жете түсiнетiн мезгiл жеттi емес пе?! Ендiгi жерде халқымыздың саны өспейiнше, мемлекетiмiздiң нығайып, экономикамыздың өркендемейтiндiгiн неге шынайы сезiнiп, терең түсiне алмай келемiз? Кейiнгi жылдары атамекенге бет бұрған көш саябырси бастағандай. Оның себептерi де белгiлi (ол жайында қазақ тiлiндегi басылымдар, әсiресе "Түркiстан" газетi жазудай-ақ жазып келедi) – түйткiлдiң денi негiзiнен әлеуметтiк мәслелер. Сондықтан да бұл мәселенi ұзаққа созбай шешу үшiн шұғыл бетбұрыс, тиянақты да жоспарлы iс-қимыл, нақтылы әрекеттер қажет-ақ. Бұл мiндеттi жедел жүзеге асыруға, қаржы-қаражат шығаруға мемлекеттiң пейiлi жетсе, шамасы да жетерi белгiлi. Менiңше, бұл iс-шаралардың басы-қасында сол қандастарымызға жаны ашитын, олардың мұң-мұқтажын бiлетiн-түйсiнетiн, пайымы терең ұлтжанды азаматтар отырулары керек! Алайда осынау өмiрлiк саясатымызды жете түсiнбейтiндей сыңай танытып, аса құлықты болмай, бұл мәселеге әлi жете мән бермей жүргенiмiз өте қынжылтады. "Елiмiз бай, жерiмiзге бес Франция сыйып кетедi…"– деп, мақтанғанымызда төбемiз көкке сәл-ақ жетпей қалады… Ал бұл проблеманы шешу Россиямен салыстырғанда тәуелсiз Қазақстан өкiметiне, шындап қолға алса , менiңше, еш қиындығы жоқ. Оралмандарға және дәрiгерлер мен мұғалiмдерге (бюджеттiк қызметкерлерге) бiр гектар (тым болмаса 10-15 сотықтан) жер тегiн берсе, сонда халық өз тәуелсiздiгiн толық сезiнер едi. Қалған проблемаларын қандастарымыз өздерi-ақ шешiп алары аян. Кең байтақ жерiмiз шын мәнiнде халқымыздың игiлiгiне айналар едi. Жас ұрпақтың да Отанға деген патриоттық сезiмi еселеп артары сөзсiз!

Бiр гектар дегенiмiз – Жер планетасының бар болғаны бiр кiшкентай нүктесi ғой. Бiрақ осындай миллиондаған нүктелер елiмiздi гүлдендiрiп, жайнаған баққа айналдырар едi. Өзiнiң ұрпағына қалатын жер екендiгiне көзi жеткеннен соң адамдар да ол жердi көзiнiң қарашығындай күтiп, баптап, құнарландырып, бүлiнуiне де жол бермес едi. Көңiл-күйлерi жақсарып, денсаулықтары түзелiп, өмiр сүру ұзақтығы да ұлғаяр едi. Сонда Жаратушымыздың мейiрi бiзге көбiрек түсер ме едi?!

Әбдiсабыр ӨМЕШҰЛЫ, дәрiгер